137
Франциядағы Гараби виадугін 1883-1884 жылдары Г. Эйфель
тұрғызды.
Көпір салу қала сәулетіне белсенді ықпал ететін бағдарламалық
бағыттардың біріне айналды.
Еуропа елдерінің қарқынды экономикалық
дамуы азаматтық
және өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттардың жаңа түрлерінің
қажеттігіне әкелді. Жаңа құрылыс материалдарының өндірісі
(темірбетон, шыны, шойын, болат) құрылыс ғылымының дамуы-
на, конструкцияларды есептеудің жаңа
әдістерінің пайда болуы-
на мүмкіндік туғызды. Әсіресе, металл аражабындарда кеңінен
қолданылды. Өнеркәсіптік ғимараттардан жеңіл күмбезді және
тоғыспалы конструкциялар түріндегі металл конструкциялар:
вокзалдар, базарлар, көрме бөлмелері
азаматтық сәулеттің жаңа
түрлеріне көшті.
58-сурет
Сәулеттің дамуында әлемдік өнеркәсіптік көрмелердің маңызы
зор. Лондондағы Әлемдік өнеркәсіптік көрме ғимараты – Кристалл-
палас (1851 ж. Д. Пэкстон,
58-сурет)
сәулет практикасында алғаш
рет шыны мен металлдан салынды. Ауданы 72 мың шаршы метр (563
х 124 м) көрме залы бірдей сәулет-конструктивтік элементтерден –
3200 металл бағана және 3200 металл арқалықтан салынды. Олар
көтергіш қаңқаны құраған. Ғимарат 16 аптаның ішінде тұрғызылды.
138
Әйнектелген элементтер мен болат жақтау селдір сәулеттің бастауы
болды.
Кейінгі көрмелерде металды жасырмайды, қасбетке ашық
шығарады. 1889 жылы Париждегі
машиналар галереясындағы
көлемі 421 х 145 м көрмеде (Контамен және Ф. Дютер,
60-сурет
)
орталық астаукеңістік аралығы 110,6 м 20 болат үш топсалы аркамен
және арасына шатыр төселген биіктігі 45 м бұдырлы сырғауыл және
арқалықпен жабылған.
Достарыңызбен бөлісу: