177
Болжам бойынша ғибадатхана:
•
1164 ж. Владимир полкінің
бұлғарларға қарсы жасаған
жорығы құрметіне тұрғызылды.
•
Киевтің келісімінсіз князь енгізген Покров Құдайана мерекесі
құрметіне салынды. Ол әулиенің ерекше жебеушілігін
білдірді.
•
Жорықта қаза болған князь Андрейдің ұлы – Изяславқа ар-
налды.
Ғибадатхананы тұрғызу үшін таңдалған орын құрылысқа жа-
рамсыз болды. Өйткені су 3,5
метрге көтеріліп, ғибадатхананың
іргесіне дейін жетті.
Ғибадатхана іргетасы 1,6 м тереңдіктен бастап жұмыр таспен
қаланып, қатты сазға барып тіреледі. Іргетастың үстіңгі бөлігі биіктігі
3,7 метрге дейін жонылған тастан салынды. Ол қабырғаның сырты-
нан жасанды дөңмен қоршалып нығыздалды, яғни ғибадатхананың
негізі 5,3 м тереңдікте жатыр. Суды бұрып жіберу үшін ішкі жағынан
тас астаулар салынды.
Шіркеу мұқият өңделген ақ тастардан салынған.
Жобасы өте
дәл және үйлесімді. Күмбезді ұстап тұрған негізгі бағандар төрт
бұрышты емес, төрттағанды, сондықтан өте кескінді болып көрінеді.
Кіреберістері романтикалық бетше босағалармен безендірілген, те-
резелер кемерленген пішінде жасалып,
сыртқа ашылып тұрғандай
көрінеді, оған қоса қабырғаның қалыңдығы мен мықтылығын
байқатады.
Биік қабырғаның ортасында әсем жіңішке бағандардан тұратын
қатардоғалы белдеме жүргізілген, ол қабырғадан шығып тұрған
бетперде түріндегі аспалармен жалғасады.
Қабырғаның сыртқы
жақтарының әрбір беті тігінен жіңішке 3 жартыбағаналармен
бөлініп, үсті әдемі әсембағандармен аяқталады. Қабырғалардың
жиектермен аяқталуы жартышеңбер күмбездердің
кескінін
қайталайды. Композициясы тік, алтын жалатылған күмбезге қарай,
биікке ұмтылу байқалады. Күмбездің астындағы барабанның сәндік
безендірілуі тізбектелген үшбұрышты тістер тәріздес оюлы белдеу-
лерден құралған. Олар ілінген кесте немесе жартышеңбер кокош-
никтерден тұратын белдеуге ұқсайды. Терезелер мен барабандар
жіңішке жартыбағандардағы қатардоғалармен әдіптелген.
Сәндеу жүйесінде дәстүрлі орыс
және роман стилінің кейбір
элементтері – ғимараттың ортасындағы қатардоғалы белдеу,
178
перспективті бетше босаға үйлеседі. Шығыс сарыны да байқалады
– тастағы бедерлер, Руьспен сауда және мәдени байланыста болған
Армения бедерлеріне ұқсас. Қайталанып тұрған арка элементтері
ғимаратқа жан бітіргендей әсер береді. Ғимараттың мүсінді
безендірулері
көп емес, бірақ жиектердің жартышеңберінде кере-
меттей дәл орналасып, тек ортасында төмен қарай түседі.
Мұнда
дева Марияның атын шығарған Давид патша бейнесі бар компози-
ция элементтері қайталанады. 1954 жылы археологиялық қазбалар
кезінде шіркеуді 2,5 м қашықтықта қоршап тұрған, сақталмай қалған
аркалы шарбақтардың галереялардың іргетастары табылған. 1803
жылы дулыға тәрізді бастарды садақ пішінділер алмастырды,
тағы жартығасыр өткен соң ғибадатхананаң солтүстік жағынан
қоңырауханасы бар кірпіш қақпалар салынды.
Достарыңызбен бөлісу: