221
107-сурет
Батыс жақ қасбет Адмиралтействоға, шығыс жақ қасбет шағын
ішкі аулалардың жанында біріккен тұрғын бөлмелерге қарайды.
Орасан зор сарайды 2 жылдың ішінде салып шығу керек болды,
бірақ бұл мүмкін емес еді. Жанталас құрылыс 3 жыл бойы жүргізілді,
Растреллиден басқа оның интерьерін безендіруге әр жылдары: А. А.
Монферран, К. И. Росси, А. П. Брюллов және т.б. үлес қосты.
Сарай Растрелли шығармашылығының шыңы болды. Тақ
тұрған залдың ауданы 1300 м². Қазір бұл жерде елдің бас мұражайы
Эрмитаж орналасқан.
Ескі Эрмитаж, Кіші Эрмитаж (1764-1775
ж., Ж. Б. Вален-Деламот және Ю. М. Фельтен)
және басқа сарай
ғимараттарымен бірге мұражайда 60 мың картина және 2,6 млн.
басқа өнер туындылары бар.
Ескі Эрмитаж патша отбасының сырлас қатынастары мен дема-
луына арналған (француз тілінен аударғанда «тақуа», «тәркі» деген
мағынаны білдіреді). Екінші қабатта қысқы бақ – «оранжерейлік үй»
орналасқан (1771-1787 ж., сәулетшісі Ю. М. Фельтен).
Растреллидің композициялық
және сәнді шеберлігі Смоль-
ный монастырының 120 тәрбиеленушіге
арналған оқу-тәрбие
мекемесінің ансамблінде айқын көрінді.