229
орналасқан және бірінші қабаттары Қысқы жырамен бөлінген.
Театрдың бірінші қабаты – қашалған.
Жоғарғы екі қабатында
коринфтік ордердің бағаналары орналасқан. Ғимараттың 50-60
адамға есептелген жартылай шеңбер жабық амфитеатры бар.
Бұл классикалық ғимарат болғанымен, сарайдың бүкіл кешеніне
сәйкес көркемдік пен әдемілік жойылмаған.
ХVІІІ ғасырдың көптеген қоғамдық
ғимараттары конкурстық
негізде жобаланды. Конкурстық жобалардың бірі – Смольный
мейірімді қыздар институты ғимаратының жобасы болды (1803-
1806 ж.) Конкурста Д. Кваренги жеңіске жетті.
Оның институты
айқын жоспарланған, тегіс қабырғалар аясында – композитті ордер
ұстынтізбегі, ғимараттың маңдайша қабырғасында –
тек елтаңба
(1923-1925 жылдары сәулетші Гельфрейх пен Щуко неоклассицизм
стилінде кіреберіс салтанатты қақпа салды).
Кваренги
шығармашылығы
сәулет
пішіндерінің
жарасымдылығымен және сәулет композициясының тұйықтығымен
ерекшеленеді. Петербордағы Ғылым академиясы және Қаржы бөлу
банкінің ғимараттары да осындай.
Кейінгі құрылыстарда,
Ресейде
өткізген бірнеше жылдан кейін және
орыс сәулет ескерткіштерін
зерттегеннен кейін Кваренги еңбектерінде өзіндік шығармашылық
белгілер пайда болды.
Патша ауылындағы Александр сарайы (1792-1796ж.) ком-
позицияның ашық сипатымен ерекшеленеді
және табиғатпен
органикалық байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: