101
VІІ ғасырда басталған арабтардың
етек алуы шығыста
Ауғаныстан мен Солтүстік Үндіден бастап батыста Испанияға
дейінгі орасан зор аймақты басып алды. Едәуір дамыған елдерді
бағындырған халифат олардың дәстүрлері мен мәдениетіне еліктеп,
қайта ыңғайлап, жаңа мәдениет құрды.
Интерьерлерде үйлесімді сәйкестемелік
қатынаспен ұстын-
тізбектер қолданылды. Бағаналарға әртүрлі пішіндегі аркалар: таға
тәріздес, үшкір, «парсылық» және т.б. тірелді.
Классикалық дәстүрді сақтай отырып, құрылысшылар алдымен
аркалардың жарты шеңберлі пішіндерін, кейіннен арканың басқа
түрлерін де пайдалана бастады. Аркалардың жебе тәрізді пішіні
тірек күшін
азайта отырып, конструкцияны жер сілкінісі кезінде
орнықтырақ болатындай етіп жасады. Таға тәрізді пішін эстетикалық
түсінік негізінде дамыды. Сәнділікке деген тенденция 3-жаппалы
аркаларда да көрініс тапты. Көп қабатты өрілген аркалардың тар-
тымды жүйелері жасалды. Үлкен биіктікке қол жеткізу қажетігінен 2
қабатты доғатізбектер пайда болды. Ондағы өзі көтергіш аркалар тек
тіреулерді байланыстыратын және тұрақтылықты қамтамасыз ететін
элементтің ғана міндетін атқарады (Кордовада).
Едәуір жетістіктер аражабындардың конструктивтік шешім-
дерінде де кездеседі. Магриб елдерінде күмбезді-тоғыспалы кон-
струкциялар жақсы дамыды деп айта алмаймыз (тек Тунисте ғана).
Тіреу-аркалы конструкция жетекші мәнге ие болды.
Кірпіштен тоғыспа тұрғызғанда құрылысшылар тапшы ағаштан
қалыпты талап ететін
қалауды қолданбауға тырысты, сондықтан
кірпіштің көлденең қатарларынан құрылыстың доғасыз әдісін пай-
даланды. Құрылыс қатарының тоғыспа қалыңдығына қамыспен
арматураланған, алебастр аркаларға кірпіштен әшекейқабырға
қосты.
Иранда алдын ала тұрғызылған
қаңқа көмегімен салынған
монастыр тоғыспа көп тараған. Кірпіштен әшекейқабырға төселген
алебастрдан екі параллель арматураланған арка қолданылды.
Орта Азия мен Иранда төртбұрышты немесе төртбұрышқа
жақын бөлмелерді жауып тұратын тоғыспалар пайдаланылды. Бұл
тоғыспада аркалар бөлме бұрыштарынан бастап кірпіш қатарлары
«шыршаға» біріктірілген қабырға ортасына қарай 45 градуста
қаланды.
102
Күмбез жабындары қабырғаның төртбұрышты негізінде жүзеге
асырылды. 4 және сегіз қырлы негізден ауысу кезінде желкендер,
өтпетоғыстар және түрлі пішіндегі «ілменақыштар»
қолданылады
(сәнді іліп қоятын элементтер). Күмбездер көбінесе, биік етіп, кейде
қос қабықшамен жасалады. Оның пішіні қабырғалы немесе бадана
тәрізді болып келген.
Интерьерлерде, қабырға сыртына стильге келтірілген өсімдік
немесе геометриялық өрнектермен әшекейленіп, жазбалармен
безендірілді.
Достарыңызбен бөлісу: