кел бер, күйіңді шерт тіркестері мен тілек
мәнді
алшы етістігінен өлім мен өртті кейіпкер екі түрлі мағынада
қабылдайтыны байқалады. Ол өртті еш қарсылықсыз қабылдайды, бірақ
онымен келетін өлімнен қорықпайды, керісінше, оны жанға тыныштық
әкелер құтқарушы деп түсінеді. Бұл орайда ұлт тілінде оқыған оқырманның
есіне М. Жұмабаевтың «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі түседі.
Поэманың соңғы бөлігі кейіпкер портретімен басталады, яғни жарық
семантикалық тобына кіретін сөздер
(нажағай, жарқ-жұрқ, күн, нұр, ай, жай) арқылы ақынның өлмес бейнесі беріледі. Абдолла монологіндегі
алғашқы жолдарда
жауға қарсы қойылған өлім келесі жолдарда
өртпен тұтасып келеді. Осы шумақтағы синтаксистік қайталамалар
(Қош бол енді, туған елім!), семантикалық, лексикалық қайталамалар, лексикалық,
контекстік антонимдер, эмоционалды-экспрессивті сөздер шоғыры,
грамматикалық тұлғалар (осы-ақ, болды-ау, бұл емес ед), қаратпа сөздер,
олардың қайталануы монологтің ақпараттық, когеренттік қасиеттерін
арттыра түседі.
Поэманың соңғы бөліміндегі перифразалар