күш, айбынды күш градациялық дамумен
екінші шумақтағы,
күндей күшті күркіреген елге айналады. Осы шумақтағы
алтын ана сөзі үшінші шумақта
алтын күн тіркесіне ауысып, кеңістік пен
уақыт жағынан шексіздік, кеңдік, көптік мағынасын қабылдайды, яғни
аталған сөздер мәтін ұйымдастырушы, өлең шумақтарын байланыстырушы
(когезиялық) қызмет атқарады. Өлеңдегі астарлы ой, ақынның көзқарасы
оқырманға толық жетті деуге болады.
Вертикал контекст термині ғылыми айналымға кіргізілген 30 жылдай
уақыттан бері де
түрлі
ғалымдар
ұсынған
пікірлер негізінде
терминологиялық ала-құлалық орын алуда. Бұл ұғымды В.Я. Мыркин
коммуникативтік контекстің аясында қарастырса, румын ғалымы Т. Слама-
Казаку глобалды контекст, ал Г.В. Колшанский контекстер торшасы (сетка
контекстов), И.Р. Гальперин тезаурус, З.И. Тураева пресуппозиция деп
атауды жөн көреді. Терминді ұсынған О.С. Ахманова мен Ю. Гюббенеттің
айтуынша: «вертикал контекст – берілген әдеби туынды мен оның
бөліктерінің тарихи-филологиялық контексі» [53:49]. Бұл ұғымға
шығарманың жазылған уақыты мен оның кейіпкерлері өмір сүрген кезеңнің
ең қарапайым, ең елеусіз, ең ұсақ детальдарынан бастап, бүкіл қоғамды елең
еткізген үлкен, белгілі оқиғалардың астарлы түрде берілуі кіреді. Олар
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
31
айтылмаса, дәуір, қоғам шындығы толық ашылмайды. Мәселен, мына бір
өлең жолдарын алайық:
Лап еттім де көкірегіме түскенде от,
Іштім, сонсоң ...
Бостан-босқа ішкем жоқ.