таза, терең, өткір, күшті, кең .
Кең сөзінің тура мағынасын құбылту арқылы түптің түбінде біздің ана
тіліміздің маңдайы жарқырап, ғылым тіліне айналып, қоғамдық өмірдің түрлі
саласында қолдануға келетініне күмән келтірмейді. Өлеңнің соңғы екі
жолында ақын тілдің түркі тілдес халықтарды біріктіруші күш екеніне үміт
артады, оны
бауырына тарту фразеологизмін өлең ұйқасы мен ырғағына
қарай трансформациялап, келер шақтың болжалды түрінде қолдану арқылы
көрсетеді.
Байқап отырғанымыздай, өлең лексикасы жалпыхалықтық қолданыстағы
сөздерден тұрады. Өлең мәтінінде басы артық, шашау шығып тұрған сөз
жоқ. Автордың ойы шумақтан шумаққа ауысып отырған сөздер, яғни
доминант немесе мағыналық ұйытқы сөздер арқылы үнемі даму үстінде
көрінеді. Алғашқы шумақтағы