ерікке ұмтылған ұшқыр тіркесі келесі шумақтағы
қыран құс символына әкелетін баспалдақ іспетті. Эмоционалды-экспрессивті
әсер-қуаты айқын
қырқылды етістігін
қос қанат поэтизмімен тіркестірген
ақын образды, көркем түрде сол кездің тарихи, саяси-әлеуметтік шындығын
көрсетеді: патшалық Ресейдің құзырындағы қазақ елі өз жерінен де,
мемлекетінен де айрылған еді. Сол себепті де қаламгер халық туралы өз
ойының шырқау шегі деуге болатын аса қуатты
күндей күшті, күркіреген эпитеттерімен анықтаған
ел сөзін экспрессивті
тынды жедел өткен шақтағы
етістігімен тіркестіріп, халықтың статикалық күйдегі портретін өте көркем
тиянақтайды. Осы шумақтағы ассонансқа құрылған жолдарда стильдік
белгісі айқын сөздер, синонимдер, сөз семантикасының кеңеюі ақынның жан
дүниесіндегі күйзелісті, дәрменсіздікті білдіреді. Мәселен,