37
Балладаның бірінші шумағында оқиғаның негізгі екі кейіпкері екі дүние, екі
көзқарас ретінде қарама-қарсы қойылған:
Баяғыда
Өлеңі үшін ақылды
Кесірленіп, кесім айтып ақырғы,
Ойсыз әкім абақтыға қамапты
Қанжар тілді жаужүрек жас ақынды.
Әкім мен ақынды сипаттайтын сөздер эмоционалдық-экспрессивті
бояуы қанық антонимдерден тұрады, мысалы,
ойсыз әкім – қанжар тілді,
жаужүрек жас ақын
. Ақынды мінездейтін сөздер дәстүрлі поэтикалық
қолданыста сәл өзгешелеу, қаламгер оларды ырғағы, дыбыс үйлестігі үшін
ғана емес, семантикасына бола да таңдап алған, яғни синонимдік қатардан
өзіне ең керегін жұмсаған.
Осы шумақтағы
абақты
сөзін ІІ шумақта
түрмемен
алмастырып,
жіңішке дауысты
бір, бірге
сөздерімен тіркестіру арқылы өлең жолымен
әуезділігін күшейткен. ІІ шумақтың бірінші, екінші жолдарында тәні де,
жаны да, рухы да туыс адамдардың толық сипаттамасы берілген. Алғашқы
шумақтағы қарама-қарсылық, қайшылық ІІ, ІІІ шумақта ұлғая түседі:
лексикалық және контекстік антонимдер, дерексіз зат есімдермен
кейіпкерлер мінездемесі толыға түседі. Мысалы:
бос кезде – түрмеде, өзі
кедей – ойы бай
. Рухани өмір және тұрмыстық реалийді қарама-қарсы
қоюдан туған бұл контраст мән баллада кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы
тіпті күшейе түседі.Әкім
«қаталдықтың көкесін көрсетпек болса»,
туыс
адамдар
«қайсарлықпен қосылып, мойымай ән салады».
Баллададағы ең әсерлі де қуатты концептуалды орталық - әкім мен әйел
қақтығысы:
«
Достарыңызбен бөлісу: