14
Қайсарлық- бұл Баукеңнің мінезіндегі ерекше қасиеті. 1941 жылы 18
қарашада генерал Иван Панфилов қаза тапты. Дәл осы кезде дивизия
жауынгерлеріне командир Момышұлының мықты , бірбеткей, сабырлы
мінезі жігер ұялатты. Ол әрқашан жақсы дос, ұстаз, қатал командир бола
алды.Қай тапсырма болмасын Бауыржан және батальоны тапсырманы
дұрыс, нақты орындап Отанын адал қорғады.
Соғыстан кейін 45 жасында Бауыржан атамыз отставкаға шығып,
көрген, естіген білгенін қағазға түсіргісі келді. Бауыржан Момышұлы
қазақ әскери әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі. Генерал
Панфиловтың, достарының , соғыста қаза болған жауынгерлердің арман-
мақсатын орындап, келешек ұрпаққа өнегелі, тәрбие тағылым бере алды.
«... Көзінің тірісінде-ақ өмірі аңызға айналған халқымыздың қаһарман
перзенттерінің бірі Бауыржан Момышұлы туралы әлі толық айтылып та,
жазылып та біткен жоқ. Филология ғылымдарының докторы,профессор
Мекемтас Мырзахметов Жамбыл облысына орнығып, Мұхаммед Хайдар
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі
атанғалы бері атқарған көптеген сүбелі еңбектерінің бірін, міне, осы батыр
мұрағатындағы сарғайған құжаттарды жинақтап, көптомдық әзірлеуге
байланысты жасап жатыр десек, артық айтқандық емес. Бұл үшін ғалым
алдымен университет қабырғасынан Бауыржантану ғылыми орталығын
ашты.... – Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай
тарихи тұлға. Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен
барлай білген бірегей берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп
естігенімізбен, «Офицер жазбалары», «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас»
және сексенінші жылдары жариялана бастаған «Қанмен жазылған
кітабымен» таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан басқа да
осыншама мол қазына қалғанын біріміз білсек, біріміз білмейміз.
Бауыржан Момышұлы-әдеби және әскери өнерде артына
қайталанбас ұлан-ғайыр рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның
қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде
қалың оқырманның игілігіне айналуда
Баукең атақ-даңқтан кемде жан емес. Ол Кеңес дәуіріндегі
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл
Жұлдыз, Кеңес Одағының батыры » сынды орден-медальдармен
марапатталып, халқының шын мәніндегі Қаһарман ұлына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: