«Батырлыққа тағзым»
атты танымдық мұражай жабдықталуда.
Аймақтық деңгейде
«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім -
Бауыржан Момышұлы»
тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік
конференция өткізілу жоспарлануда. Батырға арналған әндер байқауы,
жоба қорғау, интеллектуалдық сайыстар, сыныптан тыс іс-шаралар, ашық
сабақтар,
«Bookcrossing» - «Білімнің көзі - кітапта»
жобасы - кітап
әлеміне саяхат жасайтын жаңа волонтерлік қозғалыс: Б.Момышұлының
«Ұшқан ұя» хикаятындағы отбасылық құндылықтар»
, Бастауыш
сыныптарда
«REАDx»
жобасы бойынша Б.Момышұлы жайлы жазылған
шығармалардан сахналық қойылым, әр апта сайын өткізілетін
«Ұшқан ұя
»
танымдық клубының жұмыстары
т. б іс-шаралар өткізілуде.
Біздің бүгінгі күндегі басты мақсатымыз - қ
азақ батыры Бауыржан
Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттай отырып,
оқушылардың бойында Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік
сезімдерін арттыру. Ол кісінің ерлігін үлгі ету.
Н.Ә.Назарбаев: «Отанға
деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің
аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан
Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ», - деп
айтқандай, Бауыржан Момышұлының отаншылдығы патриоттық тәрбиеде
баға жетпес құнды құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |