1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет147/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер
: лирика, технология, әдіс, тәсіл, педагогика, мәтін, талдау, поэзия.
Аннотация:
В статье рассматриваются эффективные способы передачи работ Магжана Жумабаева школьни-
кам с использованием новых, современных технологий. Для повышения знаний учащихся использование новых 
технологий в преподавании литературы направлено на глубокое чтение, анализ текста и наиболее эффективные 
способы обучения.
Ключевые слова:
лирика, технология, метод, подход, педагогика, текст, анализ, поэзия.
Abstract:
The article discusses effective ways to transfer the work of Magzhan Zhumabayev to schoolchildren using 
new, modern technologies. To increase students' knowledge, the use of new technologies in teaching literature is aimed 
at deep reading, text analysis and the most effective ways of learning.
Key words: 
lyrics, technology, method, approach, pedagogy, text, analysis, poetry.
Әдебиетті, сөз өнерін, оны жасаушылардың еңбегін 
оқытатын, оның әсемдік әлемі, көркемдік құпиясы 
туралы терең зерделенетінін, әдебиет тарихындағы 
үлес-салмағы нарықталатындығы себепті пәнді оқыту, 
игерту барысында үнемі жадымызда ұстайтын мәселе-
мәтін, мәтінтану жайлы болып қала бермек. Сондықтан 
да оқушылардың білімін арттыру үшін әдебиет пәнін 
оқытуда жаңа технологияларды қолдануда мәтінге 
терең баруды, мәтінді талдауды бірінші кезекте ұстау 
керек. Әр заман бедерінде оқытудың әрқилы замана-
уи әдіс-тәсілдері дүниеге келіп жатады. Ол дегеніміз 
соның бәрін қойыртпақтап қалайда өз ісіңе асыру керек 
дегенді білдірмейді. Мәтінді талдауда, оқушыларды 
толық қамтып, сабаққа ынтасын арттыру мен атса-
лысуында және ең бастысы сабақты оқушы жадына 
берік нығайтуда көмекке келетін түрін таңдап ала білу 
мұғалімнің ең басты қағидасына айналуы тиіс.
Осы кезекте сөз қозғап отырған мәселеміз ақын 
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының мектеп-
те оқытылу жайы. Мағжан поэзиясының тіл кестесі, 
лирикасындағы нәзік сезім мен терең ой тоғысы 
ерекше ілтипатқа бөленген ақын. Мағжан поэзия-
сы – одан рухани азық алып, жандүниеңді байытып, 
өмір құбылыстарына деген көзқарасыңды кеңейтіп, 
қоршаған ортаның қыр-сырын түсінуге көмектесетін 
көркем дүние. Мағжан – сыршыл да өршіл маржан 
жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы 
мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы 
ақын. Құбылмалы өмір күйінен өз әуезін таба білген 
ақын қашанда тек ұлтының керегін іздеп, мұңы мен 
зарын жоқтауға, қуанышын көркейтуге, жаманын жа-
сырмай, жақсысын асырмай жырлауға берік бекінген. 
Мағжанның алғаш жарық көрген өлеңінің өзінен-ақ 
ақынның кейінгі ұлы мақсаттары көзге шалынды. 
Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз 
өнері үшін жаңа дүние. Ақын өлеңдерін оқи оты-
рып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша 
мол, әрқилы екенін аңғарасың, терең эстетикалық 
талғамды сезінесің. Біз Мағжанды сыршыл ақын 
дегенімізде, көбіне оның махаббат, сүйіспеншілік 
тақырыбына жазылған өлеңдері төңірегінде ой 
қозғап келеміз. Бірақ азамат ақын бұл тақырыптағы 
өлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. Біршама 
өлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, 
жан азығы ретінде қарайды. Ұлы күрестер жолын-
да бойға қуат күш берер рухани азық деп біледі. 
Мағжан шығармашылығын оқытуда жалпы, әдеби 
шығармаларды оқытуда «Сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту» технологиясы өзінің өміршеңдігін көрсетеді. 
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы 
(оқушының қызығушылығын ояту, мағынаны ажы-
рату, ой толғаныс).Осы жобамен жұмыс жасау бары-
сында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, 
ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология 
оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру 
мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, 
іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде 
оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, 
оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа 
жетелейді.Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір 
шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа 
тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық 
қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің 
міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып 
жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. 
-Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы 
бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» 
кестесі/
-Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс 


163
/эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стра-
тегиялар/
-Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, 
ат қойғызу,
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /
Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
-Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу страте-
гиясы/
-Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /
авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
-Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы 
элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер 
стратегиясы/
-Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының 
модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың 
шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, 
оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше 
маңызды.
Мағжан 
өлеңдерінің 
рухани 
дүниеңді 
байытатындығын және бала тәрбиесінде алатын ор-
нын бағамдағанда оның «Педагогика» атты оқулығын 
айналып өтіп кету мүмкін емес.
М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог 
ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге 
тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Пе-
дагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын бы-
лайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн 
таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жа-
нына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi 
болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда 
қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда 
оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi 
қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тілі болып 
кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс 
таппадым”[1 , 149 б].
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық тер-
миндар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген 
педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге 
енгiзген. Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының 
мақсаты: 1.Ақыл тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3. 
Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі.
Ақыл тәрбиесі – түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл 
табатын болса. Құлық тәрбиесі – жамандықтан жаны 
жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса. 
Сұлулық тәрбиесі – сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден 
лаззат алып, жан толқытатын болса. Дене тәрбиесі 
– ыстық –суық, аштық-жалаңаштық, тұрмыста жиі 
ұшырайтын.Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi 
бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол 
заманның талабынан туған көзқараспен астасып жа-
тыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және 
құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуаль-
ды мәселе болмаса керек.Автор осы тәрбиенiң төрт 
түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер 
де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның 
тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк 
ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, 
сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан 
толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, 
жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса 
ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам 
болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы 
төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…”– [2] деу арқылы 
М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.
Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы 
педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие 
қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың 
негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың 
негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай 
оқыту жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі 
пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ 
тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. 
Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға 
тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу 
уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар сықылды 
мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді. 5. Педогогика 
тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай 
қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде 
қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар 
тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды. [3, 
187 б]
Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін 
қалыптастыруда бірден бір көмекші құрал болары 
сөзсіз .
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай 
мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. 
“Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып 
келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi 
сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт 
тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi”[4] деген.
Мағжан қазақтың халық педагогикасын ғылыми 
тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне 
қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет