1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет150/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Key words:
music, teacher, innovation, process, updated learning.
Дамыған қай елдін болмасын өсіп-өркендеуі, 
ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық 
білім жүйесінің деңгейі мен даму бағытына байланы-
сты екені баршамызға мәлім. Болашақ мемлекет кепілі 
бүгінгі жастарға берген білім мен тәрбие мәселесіне 
қатысты. Қазақтың талантты ұлт ұстазы Ахмет 
Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден 
бастау керек», -дегендей, жас ұрпаққа сапалы да са-
налы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - 
бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. 
Мемлекетіміз қашанда білім мен тәрбие беру 
мәселесіне ерекше маңыз бен көңіл бөліп келеді. Бұған 
нақты дәлел – Елбасымыз Н.Назарбаев белгілеген 
«100 нақты қадам» бағдарламасы болып табылады. 
Аталған Ұлт жоспарының әрбір жолының мазмұнында 
«Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» атты жасампаз 
бағдар айқын көрініс тауып отыр. Ендеше, еліміздегі 
білім беру жүйесі жаңартылады. Яғни, білім – әлемдік, 
тәрбие ұлттық деңгейде болуы қажет. Бұл ретте педа-
гог мамандарға жүктелер міндет жүгі де ауыр екендігі 
де айдан анық [1]. 
Шындығында мұғалімнің алдындағы үлкен жауапты 
міндет ол оқушыларға білім мен тәрбие беруде болып 
тұр. Қазіргі заман талабына сай әрбір оқушыны оқытып 
тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және 
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл 
мұғалім керек. Білім жүйесіндегі заман талабына сай 
енгізілген жаңартылған оқу бағдараламасы аясында 
жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, 
өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне 
алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді 
қажет етіп отырғанына көзіміз жетіп отыр. Қазіргі 
таңда оқушылардың мектепте жақсы әрі табысты 
оқуы ғана маңызды емес, олардың болашақ өмірде де 
табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның кәсіби 
құзыреттілігіне байланысты екенін баршамызға мәлім. 
Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойын-
ша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың 
оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра ала-
тын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы тиіс. 
Жаңа заман мұғалімінен күнделікті сабақ барысын-
да оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір 
жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және 
шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп 
отыр. Бұндай талапты орындау үшін қазіргі заманның 
мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай 
алатын, яғни жаңартылған білім бағдарламасын 
жетік әрі жан-жақты игерген, жаңа педагогикалық 
инновациялық технологияларды меңгерген болуы 
қажет.
Соңғы жылдары білім беру саласында айтарлықтай
өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту 
мен инновациялық үрдістердің дамуына ықпал 
етудің маңызды шарттарының бірі мұғалімнің кәсіби 
шеберлігі болып табылады. «Мұғалім көп әдісті 
білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс 
нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп ұлт ұстазы 
Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман тала-
бына сай білім беру мәселесі сол қоғам талабына сай 
болуы қажет. Өз ісінің шебер мұғалімі ғана жоғары 
жетістіктерге жете алады. Қазіргі таңда пәнді жақсы, 
терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық 
қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі 
деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың 
дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, 
құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге 
қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын 
дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар 
жүйесін ұсыну өмір талабы. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі 
мақсаты – білім алушылардың оқу нәтижелерін 
жетілдіру әрі дамыту болып табылады. Орта білім 
мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, 
соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру 
бағдарламасы осы мақсатқа бағытталып беріліп отыр 
[2].
Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру 
проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде 
тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, 
музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ 
ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай 
ерекшеліктер де тән:
1.Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының 
құрылымы 
психологиялық-педагогикалық 
заңдылықтарға сүйенеді;
2.Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары 
жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;
3.Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және 
ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;
4.Ұйымдастыру 
формаларының 
әртүрлілігіне 
қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;
5. Өзге пәндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту 
әдістері де қолданылатындығында.
О.А.Апраксина музыка сабақтарының басқа да 
ерекшеліктерін ашып көрсетті:
- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. 
Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық 
сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше 
формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі 


165
тек ой-сананың әрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, 
сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;
- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психика-
сына, моторикасына және физиологиялық проце-
стерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі 
психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі 
психикалық процестер мен физиологиялық процестер 
жүріп жатады;
-Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық 
пен эмоционалдық бірлестік болуына байланы-
сты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді 
қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;
-Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында 
эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, 
көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. 
Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған реперту-
ар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті 
унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, 
әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік 
орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді 
болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі 
музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, 
көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асы-
рылуы тиіс [3,с.127].
Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге 
пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік 
ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, 
біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының 
танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы жалпы және 
арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту 
әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық 
құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің 
тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс та-
бады.
О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің 
өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары 
мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, 
ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады: музы-
ка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын бо-
луы; музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, 
сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне 
сәйкес анықталуы; музыка оқыту әдістерін қолайлы 
етіп таңдау; педагогикалық байланыстардың болуы;
музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми 
жетістіктерін пайдалану; жеке тұлғаның барлық сфе-
расын дамыту; жалпыпедагогикалық іскерліктердің да-
муы; музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту; 
музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы
музыкалық дүниетанымын дамыту; оқушылардың 
танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру; музы-
каны оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру; 
педагогикалық әдеп, оқушылардың адамгершілік сапа-
қасиеттерін дамыту; музыка сабақтарын нақты жоспар-
лау; музыка сабақтарының белгіленген құрылымын 
сақтау; музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану.
Музыкалық білім беру педагогикасында музыка 
сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны 
және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу 
ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық техно-
логия идеясының жандануы, білім беру саласына 
ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байла-
нысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың 
тың жолдары іздестірілуде.
Осы орайда: «Глубокое и всестороннее познание 
истории музыкальной педагогики — это не просто 
знание различных концепций, теорий, не просто кри-
тическое усвоение их во избежание односторонности 
точки зрения или повторения уже совершенных оши-
бок. Добротное знание истории, как писал А.Ф.Лосев, 
есть воспроизведение в уме эволюции сознания, при-
ведшей к его наличному состоянию и движению даль-
ше, к новым высотам" –деген ойларды қаперге алуы-
мыз қажет.[4, с.494].
«Музыкалық білім беру педагогикасының жан-
ры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды 
ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық 
сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын 
бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының 
жиынтықты 
сипаттамасы. 
Сөйтіп, 
сабақтың 
музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына 
сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі 
жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен 
бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық 
формалардың құрылымы музыка сабақтарының 
құрылымына сай келеді.
Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін 
ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары 
мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка 
сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау 
болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары 
мұғалімнің 
жоғары 
музыкалық-педагогикалық 
даярлығын, 
оқушылардық 
педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка 
сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі 
болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа 
жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту 
тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет