1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет153/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер
: Ұлы Дала, көшпенділер өркениеті, имидж, қазақ киіз үйі, қара шаңырақ, тарих жәдігері.
Мемлекет басшысының, саясаткердің тарихқа деген 
көзқарасы, ол елдің тарихи рөлі мен болашағына де-
ген бағдар екендігі белгілі. Тарихты өткен, бүгін және 
ертеңгі ракурстармен сараптау ұстанымы да тұтастыққа 
деген ұмтылыс. Бұл да кешегі «еуропацентристік» 
тенденциялар мен танымдарға деген жауап болса ке-
рек. Расында, бүгінгі жастарымыздың өз тарихы мен 
құндылықтарын деген жаттануын, өз қағынан жеруін 
көріп отырып, ой мен сөзді іске көшірмесек кеш бо-
латыны белгілі болды. Сондықтан Елбасы тарихқа 
оң көзқарас қалыптастырудың кешенді іс қимылы 
мен ұсыныстарын «Ең бастысы, біз нақты ғылыми 
деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз 
рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» деп
тұжырымдады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың 
жеті қыры» атты мақаласында «Кеңістік – барлық 
нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт 
пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы 
басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың неме-
се үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, 
олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы 
ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп 
жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ ту-
ындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі 
Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи 
тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. 
Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де 
бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол та-
рихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай 
мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын 
тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей 
өркениет ретінде қарастыруға болады...» деп басқа 
шетелдік халықтардың тарихын қадірлеуді, сақтауды 
дәріптегенін сөз етеді.
Ұлт санасының тереңде жатқан менталдық 
құрылымдары мен ұлтқа, адамзатқа тән ада-
ми құндылықтар жүйесінде өзіндік орны бар 
тұжырымдамаларды айқындау – кезек күттірмейтін 
мәселе. 
Осындай 
тұжырымдамалардың 
бірі 
ретінде «Шаңырақ» ұғымы қазақ халқы үшін де, 
қазақстандықтар үшін де айырықша символдық мәнге 
ие. Байырғы және қазіргі танымдағы бұл ұғымға 
қатысты төмендегідей танымға негізделген мәнді 
ұғымдарды бөліп көрсетуге болады.
Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті 
«Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласы-
нан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпа-
лар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи 
үдерістеріне елеулі үлес қосты. Еуразия даласының 
ежелгі көшпенділері – скифтерге, сақтарға, масса-
геттерге, сарматтарға, үйсіндерге, ғұндарға – киіз үй 
өзінің дәстүрлі түрінде, сірә, әлі белгілі бола қоймаған 
болса керек. Мысалы, Анфестерийдің мазарында 
кейінгі кездегі киіз үйдің елеулі нышандары: керегесі, 
шаңырақ уықтары және шаңырақтың өзі де көрінбейді. 


167
Сонымен бірге бұл тұрғын үйдің пішіні шаршы неме-
се тік төртбұрыш болған. Кейбір авторлар үйсіндерде 
киіз үй болғанының дәлелі ретінде қытай ханшасының 
өлеңін тілге тиек етеді. Алайда біз бұл өлең жолда-
рынан әміршінің киізбен қапталған үйде тұрғанын 
ғана біле аламыз. Қолда бар деректерге қарағанда, 
тек Ұлы дала белдеуінің ежелгі көшпенділері тұрғын 
жай ретінде доңғалаққа орнатылған жиналмайтын 
жылжымалы жеңіл құрылыстарды және киізбен 
қапталған жиналмалы шатырларды немесе күркелерді 
пайдаланғаны туралы айтуға болады. (Дегенмен, 
Еуразияның ежелгі көшпенділерінің құрылмалы – жи-
налмалы киіз үйді пайдаланғаны туралы мәселе белгілі 
бір дәрежеде ашық күйінде қалып отыр.) Орталық 
Азия мен Оңтүстік Сібірде б. з. Д. І мыңжылдықта 
уықтарды иіп жасаған жарты шар пішіндегі күркелер 
де кең таралған болатын. Мұндай тұрпаттағы тұрғын 
жайлар Алдыңғы Азияның көшпенді халықтарының 
бірқатарында күні бүгінге дейін қолданылады. 
Көшпенділердің тұрғын үйін дамыту барысында 
түбегейлі кезең тік қабырғалардың жиналатын әрі 
буындарға бөлінетін қаңқасын ойлап табу болды. 
Бұл сындарлы шешімді киіз үйдің дәстүрлі түрін жа-
сап шығару барысындағы басты шешім еп тануға 
болады. Тұрғын жайдың құрылымының өзгеруі 
зерттеушілердің айтуынша, Алтай, Тарбағатай, Тянь-
шань аймақтарында пайда болса керек. 
Түркі киіз үйінің моңғол киіз үйінен елеулі 
айырмашылығы бар. Егер түркі киіз үйінде шы-
найы күмбездік тоғыспа жасауміндетті шешімін 
тапса, (ал шатыр уықтарының иілмелігі мен ішкі 
кеңестікті кеңдігі осыдан келіп шығады), керісінше, 
моңғол киіз үйі жалған, яғни кермесіз күмбез түзеді. 
Моңғол киіз үйінің шаңырақ уықтары тік бола-
ды да, олардың бір ұшы өз кезегінде орталық ішкі 
бағаналарға бекітілетін, жарық пен түтін шығаруға 
арналған шеңберге тіреледі. Сол себепті моңғол киіз 
үйлерінің тік қабырғалары аласа(бір жарым метр ша-
масында), тоғыспалы өңіс және соған сәйкес биіктігі 
шамалы. Мұның бәрі ішкі тіреулердің ұзындығы мен 
салмағын көбейтпеу үшін жасалады. Батысқа қарай 
жылжу барысында моңғолдардың өз киіз үйінен бас 
тартып, түркі киіз үйінің қабылдауға мәжбүр болғаны 
кездейсоқ емес. Өзінің ежелгі бейнесін моғол киіз үйі 
негізінен Моңғолияда сақталған. 
Киіз үй жасаушы шеберлерінің бірнеше буын 
еңбегінің нәтижесінде киіз үйді жергілікті жағдайларға 
бейімделген, көші – қонға ыңғайлы етіп жасады. 
Қазақтардың, қырғыздардың, қарақалпақтардың, 
түркімендердің, 
ноғайлардың, 
башқұрттардың, 
алтайлықтардың мәдени мұра үлгілерін бейнелейтін, 
түркі тұрпатындағы киіз үйлердің толып жатқан 
нұсқалары жасалды. 
Қазақтың киіз үйі қазақ халқының өзімен бірге 
өмірге келіп, өмір бойы бірге жасасып келеді. Қазақ 
халқы үшін қандай да бір зат жасауға материал жа-
рамды болуы үшін ол физикалық талаптармен 
қоса, символикалық талаптарға да сай келуі керек 
болған. Материал адамдардың сыртқы тіршілікке 
берген өмір, қуаныш, тазалық, бақыт тағы басқа 
да жағымды ұғымдарға сәйкес келсе ғана оны зат 
жасауға қолданған. Ертедегі қазақтардың затты жасау 
әдісі Құдайдың Әлемді жасау жобасының үлгілерінен 
туған, белгілі бір зат жасарда өзінің «Қолбасшысы», 
дем беруші Құдайын ұмытпаған. Нақтырақ айтсақ,
қазақ халқы табиғатпен етене жақын болғандықтан, 
табиғат жасаушы (беруші, өндіруші) бастама ретінде 
қабылданады. Адам өз тіршілігі үшін (егіннің түсімі, 
мал басының өсуі) табиғатқа тәуелді болды. 
Киіз үй - «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз 
туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз ай-
тып қалдырған ата – бабаларымыздың негізгі баспана-
сы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес , бүкіл түркі, 
тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ жайы. Солай 
бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға 
оның мән – маңызынөзгертпей жеткізген біздің қазақ 
халқы екенін әрдайым екенін мақтанышпен айтамыз.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда 
пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі 
қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй 
қазақтың тұрағы , құтты мекенжайы, еншісі, баспана-
сы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Шынында да, 
арғы – бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей 
қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі зор 
екеніне көз жеткіземіз. Ғұламалар айтып кеткендей , 
осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есеп-
теу жүйесіне, экономикалық біліктілігі, мәдениет 
пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі 
іске бейімділігі аңғарылады. Ал 12-13 ғасырлардағы 
мемлекеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда 
деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін 
Шоқан Уәлиханов айтқан. 
Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз 
тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер 
сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып 
туынды. Қазақтың киіз үйі ағаш, киіз, ши, ішінара 
күмістен құрастырылады. Дала тұрғындарыныңң 
тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап, бағалаған 
әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарап-
шылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық 
көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары 
баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Алмас деген 
кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге 
киіз үй апарып, еуропалықтарды таңғалдырып, бәйге 
алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петер-
бургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге 
киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. 
1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей пат-
шасы І Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам оған 
өте риза болған (Ә.Марғұлан). Жазушы Шыңғыс 
Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі мұражайлардың 
бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай-
ақ қазір Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт 
қалаларындағы мұражайларда қазақтың киіз үйлері 
бар.
Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс 
төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ор-
дасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы 
паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер 
көп болған. Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматта-
ры байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті 
мен мәдениетін таныта білген. 
Қазақтың осындай байлығы мен сән-салтанатының 
куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштық, кол-


168
хоздастыру сияқты жауыздық әрекет салдарынан 
құрып кетті. Сөйтіп, ХХ ғасырда қазақ мәдениетінің 
баға жетпес мұрасы – киіз үйдің құны мен маңызы 
төмендеді. Оның орнына кеңестік тәсілмен қалай 
болса солай жасалған, бір-екі жылдан артық тігуге 
келмейтін, қара құрым жабылған сапасыз бірдеңелер 
көптеп шығарылды да, ол киіз үй атты қасиетті, құтты 
орынның құнын түсірді.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қазақ 
мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін, оның 
ішінде киіз үйдің қадірі мен орны өз дәрежесінде 
қайта дәріптелуі, оларға лайықты ас пен тойлардың 
өткізілуі және соған сәйкес ұлттық мәдениет рөлінің 
артуы киіз үйге деген көзқарасты айқындады. Енді 
той-думан тігілген киіз үй сән-сәулетімен, өнер 
шеберлерімен, ұлттық дәулетімен, түрлі спорт жары-
старымен дәрежеленетін болды. Мысалы, тоқсаныншы 
жылдар басында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, 
Шақшақ Жәнібек батырлардың, Бұхар жыраудың, 
ұлы Абайдың, Жамбылдың тойында киіз үйлер 
жүздеп, мыңдап тігіліп, оларға бәйгелер белгіленді. 
Осы тойларда тігілген киіз үйлердің ішінде халықты 
таңқалдырған Торғай ордасы жұрттың әлі есінде. 
Алғаш рет Көкшедегі 1991 жылы Абылай хан асында 
тігілген бұл орда басында 12 қанат, кейін 18 қанат бо-
лып көлемі ұлғайтылды. Ол 1992 жылы қазақтардың 
Дүниежүзілік құрылтайында, 1993 жылы Есет батыр, 
Шақшақ Жәнібек батыр асында, 1995 жылы Абай той-
ында тігіліп, бірнеше рет жүлделі бәйгелерге ие болды. 
Бұл орданы дайындап, ұмыт болған істі батылдықпен 
қолға алған Торғай азаматтары сол кездегі Жанкел-
дин ауданының әкімі Жақан Қосабаев пен Ахмет 
Байтұрсынұлының жерлестері – Аңсаған Қоңқабаев 
және Болғанбай Қойшиндер еді.
Бұл киіз үйді ХХ ғасырдағы қазақ ордасының басы 
десе де болады. Орданың биіктігі 8 метр, ішіне жүздеген 
адам еркін сияды. Киіздері ақ тоқтының жүнінен 
басылған. Іші-сырты тек қана ұлттық бұйымдармен, 
киімдермен, тұрмандармен жабдықталған. Желбау, 
басқұр, тұскиіз, ыдыс-аяғы, ең ақыры, төсенішіне 
дейін қолдан шыққан қазақы дүниелер. Осы үйде 
болған қазақ зиялылары, мемлекет қайраткерлері Ха-
лифа Алтай, Е.Әуелбеков, М.Сағдиев, Ө.Жәнібеков, 
К.Сағадиев, 
М.Қозыбаев, 
М.Жолдасбеков, 
Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, Ф.Оңғарсынова, С.Жүнісов, 
Ш.Шаяхметов сынды білімді азаматтар, шетел өкілдері 
орданың ғажап шеберлікпен жасалып, тігілгеніне риза 
болды. Бұл жерде осыған өлшеусіз үлес қосқан Ахмет 
ауылының қыз-келіншектерінің баға жетпес еңбегін 
айтпай кетуге болмайды. Бұл орда бір ауылдың емес, 
бүкіл қазақ елі мәдениетінің, өнерінің үлкен табысы 
деп бағаланды.
Елбасымыз 
Қазақстан 
Республи¬касы¬ның 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ¬стан халқына 
Жолдауында «Біз ұлттың тари¬хи санасын 
қалыптастыру жұмысын жалғас¬тыруымыз керек» 
дей келе, ондағы зиялы¬лар¬дың міндетін қадағалап 
көрсетіп, «интел¬лигенция қалыптасқан мемлекет 
кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда 
алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай 
және болашаққа құлшынысты болуға тиіс. Интелли-
генция менің пайым¬дауым¬дағы «Қазақстан –2050» 
Жаңа саяси бағыты негізінде ел болашағының мен-
тальды, дүние¬танымдық үлгісін жобалауда негізгі 
рөлді қолға ала алады және алуға тиіс» деп атап 
көрсетумен бірге, «Мәңгілік ел» идеясы мен «Ұлы 
Дала елі» имиджін қалыптастыру жөнінде нақты тап-
сырмалар берген еді. 
Философтардың айтуынша, ұлттық идея тамы-
рын тереңнен алады және этностың тарихымен және 
мәдениетімен байланысты болып, оның болмыстық 
табиғатын түзеді. Ұлттық идея этникалық сезімдердің 
негізінде пайда болады. Ал идеология қоғамдық 
сананың жоғары даму сатысы болып табылады. Егер 
ол ұлттық идеяға негізделсе, оны құндылықтармен 
толықтырса, күшке ие болады. Олай болса, дәстүрлі 
дүниетанымның ұлттық идеологияға негіз бо-
луы кездейсоқтық емес. Сондықтан «Мәңгілік ел» 
мен «Ұлы Дала елі» идеясы қазіргі гуманитарлық 
ғылымдардың басты бағдарына айналуы тиіс. 
Шаңырақ:
-біріншіден, киіз үйдің басты бөлігі, киіз үй мен көк 
әлемінің арасын қосып тұратын қасиетті ұғым; 
-екіншіден, «ата-баба - әке-шеше – бала...» бірлестігі 
мен ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық сыйластық 
пен дәстүр мен қадір-қасиетті айқындаушы киелі 
мәдени ұғым.
-үшіншіден, отбасы - әулет –ру, ел- мемлекет 
ұғымдарын сыйғыза алатын үлкен коннотаттық мәнге 
ие әлеуметтік ұғым; 
-төртіншіден, мемлекет құрушы қазақ халқы мен 
өзге де ұлттардың идеяларын бір арнаға тоғыстыратын 
идеологиялық құрал болуға ең әлеуеті зор ұжымдық 
сипаттағы, қоғамдық ұғым (қазақ – «шаңырақ», уық – 
«этностар», кереге – «ынтымақ»).
Қорыта айтқанда, шаңырақ – көшпенділік өмір 
салты туғызған кәрі тарих жәдігері, рухани мәдениет 
үлгісі, ата-бабалардың асыл аманаты ғана емес, 
болашаққа бағдар болып, ұлт болып ұйысудың, бірлік 
пен берекенің, ұлт пен мемлекеттің баға жетпес 
құндылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет