174
Сабақтың соныңда мұғалімдерге қалыптастырушы
бағалауға байланысты алынған тәжірибені қалай
таратуға болатыны жөнінде талқылауға тапсырма
беріледі.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған
оқу бағдарламарының маңызды қағидаты білім
беру бағдарламасының спиральді білім беру
бағдарламасының спиральдік қағидаты болып табы-
лады. Ол оқу бағдарламалары спиральді білім беру
бағдарламасы (Джером Брунер) моделіне негізделген.
Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда
зерделенген материалдар мен білім қайталанып
отырады деген тұжырым жатыр.Спиральді білім
берудің негізгі ерекшілігі: әрбір қайталанып оқыған
сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі
арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз
байланысты және бұған дейін алынған ақпарат
тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап
оқыған сайын ақпаратты толықтырып бекітіп оты-
рады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл
идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен
ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды соңғы
оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алынған
білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Бастауыш
мектептің оқу бағдарламаларындағы өзгерістер: кең
ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы
тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы
білім беру ортасын құру болып табылады.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы
өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде
пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның
негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық
салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды
дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену ке-
рек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз
пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз
ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер
ғана жұмыс істей алады. Жаңартылған білім –
болашақтың кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: