1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет159/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер:
Ұлы Дала, шаңырақ, символ, семантика, этноним, лингвистикалық аспектісі.
Адамды жан-жануардан ажыратып тұратын көп 
қажеттіліктердің бірі – символдық қажеттілік. Адам 
өмір сүріп отырған орта тарихқа, рәсімдерге бай. Сим-
волдар адам санасының жемісі болып табылады. Адам 
суретті, образды символдың негізінде дүниенің сим-
волын жасайды.
«Символ» терминіне әдебиеттанушылар мен линг-
вистер әр түрлі түсінік береді. Ю.С.Степанов символ-
ды ғылыми ұғым деп түсіндіре келе, мұны поэтикалық 
ұғым деп көрсетеді. Мұндай символдарға мыналарды 
жатқызады: Н.Ш.Гогольде – жол, А.Чеховта – бақша, 
М.Лермонтовта – шөлейт, А.Аушкинде – боран, 
М.Цветаевада үй мен қанат.
Символ сөзі бірінен – біріне ауысып ұласып отыра-
тын дөңгелек спираль секілді. Бұл спираль жасырын 
(имплицитті) мағынадан бастап семантикалық ауы-
спалы мағынадағы сөздердің аралығын толығымен 
қамтиды.
Шаңырақ қазақ халқының күнделікті тіршілігінде,
мәдени өмірінде ерекше орынға ие болуымен қатар,
ол ұлттық санамызда сан түрлі қырынан танылып,
тілімізде де өзіндік көрініс тауып келеді. Негізінен,
тілдік ұжым шаңырақты ең алдымен киіз үйдің 
құрылымдық бөлігі ретінде қабылдап, одан соң ақиқат 
дүниені, қоршаған ортаны тану арқылы оған жақын 
мағыналармен байланыстырып танымдық, тілдік 
тұрғыда бейнелейді. 
Ә.Нұрмағамбетов бұл сөздің «түпкі тегі моңғол 
тілдерінен деп жобалайды. Жазба моңғол тілінде – 


177
«чағарығ», қазіргі моңғолдарда – «цагариг», бурят-
тарда «сахариг» тұлғалары біздегі «шеңбер», «құрсау» 
орнына жұмсалады» дей келе, «моңғолдардағы 
осы тұлға басқа түркі тілдеріне өткенде шеңбер 
қалпындағы заттарға атау болып тағылғандығын 
мына бір деректер анықтайды: якут тілінде «күмбез» 
мағынасын «чампырық» тұлғасы берсе, бізде киіз 
үй жабдығының бірі – шаңырақ. Осыған қарағанда,
қазақтар қолданып жүрген «шаңырақ» – «шеңбер» ба-
ламасы» деп топшылайды [1].
Т.Досановтың тұжырымдауынша, «Шаңырақ > шаң 
[астыңғы бөлегі шартты түрде ғана бар геометриялық 
екі жарты шеңбердің бірі] > йарақ [образующий]. Киіз 
үй [жарты сфера], йарақ [сфераобра¬зующий], яғни 
шаңырақ бұл арада бүтіннің орнына бөлшекті қолдану 
арқылы екі жарты шеңберді алмастырған белгісі. Киіз 
үй жарты шар үлгісінде жасалған, ал оның құрамдас 
қарама-қарсы екінші бөлігі «Жер» деген мифтік 
ғаламшардың жаратылу концепциясын бейнелеген 
көшпелі ата-баба даналығын әйгілі жеті кереметтің 
бірі – Египет пирамидасымен ғана қатар қоюға пара-
пар.
Тілдік тұрғыда шаңырақ сөзі – шаң және қарақ 
түбірлерінен біріккен туынды сөз. 
Көне түркі сөздігі бойынша шаң түбірі – «таң 
шапағын», ал қарақ түбірі – «көз, қарашық» 
дегенді білдіреді. Сонымен, көне түркі тілдеріндегі 
шаң – қазіргі «таң ату», «таң қылаң берді» тәрізді 
тіркестерде кездесетін таң сөзімен мағыналас түбір. 
Яғни шаң түбірі мен таң түбірін біртектес деп тануға 
болады. Сондай-ақ жарық, күн тәрізді мағыналық 
реңк беретін таң || шаң || шам ортақ түбірлерді ай-
тып өтуге болады. [2] Осылардың ішіндегі тілімізде 
шам сөзімен жиі кездесетін «шам жамырады» деген 
фразеологизміне тоқталғымыз келеді. Бұл тіркес қас 
қарайып, қараңғылық түсу мағынасын білдіргенімен,
мұндағы негізгі уәж күннің ұясына қарай батуы бо-
лып тұр, яғни күн сәулесі шашырап, өзінің ұясына 
қашып бара жатқан бейнені елестетеді. Ал көне 
тілімізде сақталып қалған қарақ түбірі ұрыны қарақшы 
қарақтапты тұрақты тіркесінен «аңду, қарауылдау» 
мағынасын аңғартып, қазіргі тілімізде қырағы қия жаз-
бас (мағынасы – «өте сақ»), қырағы көз (мағынасы – 
«байқағыш, көргіш») сияқты идиомалық тіркестерден 
«өткір көзді» түсіндіретін қырағы сөзімен төркіндес 
деп тұжырымдаймыз. Қарақ || қырағы түбірлері көру,
байқау мағынасын үстейтін біртектес түбір. Сөзімізді 
академик Әбдуәли Қайдардың этимологиялық талдау-
ымен тұжырымдар болсақ, ғалым : « шаңырақ сөзінің 
түбірі шаң сөзі деп, сөзбе-сөз мағынасы «жарыққа 
қарау» екенін айта келіп, оны мынадай бөліктерге 
бөледі: шаңырақ < шаң + (қ) ар + ақ . [3]
Қазақ тілінде шаңыраққа қатысты бір қатар тұрақты 
тіркестер бар: «Шаңырағың биік болсын!», «Шаңырақ 
көтерді», «Шаңырағы ортасына түсті», «Құлаған 
шаңырағын қайта көтерді» және т.б. Бұл қазақтарда 
жанұя ұғымының шаңырақ ұғымымен тығыз байла-
нысты екендігін дәлелдейді. Тіпті синоним сөз ретінде 
қолданыла беретінін көріп отырмыз. Шаңырақтың киіз 
үйдің негізгі элементі ретіндегі сакралдық маңызын 
түсінген адам қазақтар үшін жанұяның қаншалықты 
құнды, киелі орта екендігін біледі.
Шаңырақтың дөңгелек болып келуін де қазақтардың 
ертедегі көзқарастарымен байланыстыруға болады. 
Шеңбер, біріншіден, шексіз қозғалыстың, екіншіден, 
аспан шырақтарының символы. Шаңыраққа жан 
жағынан уықтарды қадағанда да, шуағын шашқан 
Күннің бейнесі шығады. Өйткені Күн – қазақтардың 
ежелгі сенім формаларының бірі. Күн – бақыт, Күннің 
шығуы – қуаныш, Күннің нұры – құт. Табиғаттың 
сұрапыл сиқыр-сырының қаһарынан құтқарушы осы 
Күн. Суықтың жылуы, қатқанның еруі, Жер анаға жан 
бітуі – осы Күн құдіретінің арқасы. Күн нұрын шашса, 
жерге құт бітіп, қазақ халқы алдына салып айдаған төрт 
түлік малының аузы майланады. Сондықтан да қазақ 
қарияларының ошақ басында отырып, шаңыраққа 
қарап сыйынуы осы Күнге бағытталғандығын білдірсе 
керек. 
Шаңырақтың дөңгелек ағашы тоғын деп аталады. 
Тоғынның тесіктеріне бірнеше жерден айқастырылып 
күлдіреуіштер орнатылады. Тоғын шеңбер бейнесі 
болып табылады, ол көк аспан, жерді қоршап тұрған 
кеңістік. Ал күлдіреуіштер көк теректің (өмір 
ағашының) бұтақтары болады. Осы терекке байла-
нысты қазақтар арасында мынадай аңыз тараған: 
«Көк терек – өмір ағашы, сондықтан жер бетіндегі 
адамдардың барлығының жандары осы ағаш 
жапырақтарын белгілейді. Жер бетіндегі адамдардың 
бірі дүниеден өтіп, екіншісі дүниеге келіп жата-
ды. Сол сияқты көк теректің де бір жапырағы түссе, 
екіншісі өсіп шығады. Бір адам қайтыс болғанда, көк 
терек те бір жапырағынан айырылады. Ол жапырақ 
– өмір ағашынан нәр алып тұрған қайтыс болған 
адамның жаны. Бұтақтан үзілген жапырақ (дүниеден 
қайтқан адамның жаны) басқа жапыраққа тиіп кет-
се, сол жапырақ жанының жердегі иесінің құлағы 
шыңылдайды».
Шаңырақ ұғымының ұлтымызға тән дүниетаным, 
наным-сенім, 
салт-дәстүр 
секілді 
мәдени 
факторлардағы алатын орны ерекше. Өйткені тілімізде 
«шаңырақ» лексемасына қатысты лексикологиялық, 
фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер мен 
прецедентті мәтіндер киіз үйдің басқа құрылымдық 
бөліктеріне қарағанда көп кездеседі.
Сөздіктерде берілген анықтамаларға сүйене оты-
рып, шаңырақ сөзінің негізгі мағынасы ретінде «туған 
үй», «отбасы», «Отан» мағыналарын, ал түр-тұлғалық 
белгісі ретінде «киіз үйдің ағашы», «үйдің жоғарғы 
бөлшегі» мағыналарын қарастыруымызға болады. 
Алтын шаңырақ – туған жер, Отан мағынасын 
үстейді.
Қара шаңырақ. Қазақ тілінде қара шаңырақ – атадан 
балаға мирас болып қалған үлкен үй. Дәстүр бойын-
ша, үйдің үлкен ұлдары өз еншілерін алып, бөлек отау 
тігеді де, кенже ұлы әке үйіне мұра болып қалады. 
Мысалы, Үлкен ұлдың сыбағасына еншіге қоса көш 
бастау тиетін, кіші ұлға қара шаңырақ тиетін, ортан-
шылары малдан ғана енші алатын (С.Мұқанов). Қазақ 
халқы оны «қара шаңырақ иесі» деп атайды. Құнанбай 
өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. 
Қара шаңырақ иесі. Қалың дәулер мен әмір, билік иесі 
(М.Әуезов).
Белгілі түрколог А.Н.Кононов: «Кейбір тұрақты 
тіркестердегі қара сөзі бірқатар қосымша мағына 


178
береді» деп қара сөзінің 7 қосымша мағынасын 
көрсеткен. 
Олар: 1) үл¬кен, ірі, көп: қара мал, қара орман; 
2) бас¬¬ты, ұлы, құдіретті, қуатты: қара теңіз «ұлы 
теңіз»; 
3) күшті: қара жел «күшті жел», моңғ.: хара бороо 
(күшті жаңбыр);
4) таза: қырғ. қара шамал «жауын-шашын¬сыз жел» 
(таза); қара суық
5) құрлық, жер: қара құм; 
6) солтүстік, аспанның солтүстік жағы: қарақытай 
(Қытай халқы Тянь-Шань тауының солтүстік жағында 
орна¬ласқандықтан солай аталады); 
7) мал, көп¬шілік: ірі қара мал «сиыр» 
Жоғарыдағы қара сөзінің көрсетілген бірінші 
«үлкен» мағыналық реңкі қара шаңырақ тіркесінің 
мағынасын ашады. Қара шаңырақ, яғни «үлкен 
шаңырақ», «үлкен үй» дегенді білдіреді. Үлкен үй деп 
– атадан балаға мирас болып келе жатқан үйді айтады. 
Әдетте, әрбір ата-ана балаларының біреуін (көбінесе, 
кіші ұлын) «Өскенде қарашаңырақ иесі сен боласың» 
деп бала күнінен құлағына құйып өсіреді. Бұл – қазақ 
халқының ертеден келе жатқан әдет-ғұрпы.
Шаңырақ көтеру – өз алдына үй болу, үй¬лену де-
ген мағынаны білдіретін тұрақ¬ты тіркес. Көп ұзамай 
Мариямға үйле¬ніп, шаңырақ көтерді («Мәдениет 
және тұрмыс»).Шаңырағың биік болсын! – екі жас 
үйленіп, отбасын құрғанда айтылатын тілек сөз. Бұл 
тілектің мағынасы – екі жасқа дәулетті өмір тілеу. Со-
нау заманда көп қанатты, биік шаңырақты киіз үйді 
дәулеті бар байлар ғана тіккен. 14-30 қанатты үйлердің 
әлбетте, шаңырағы биік болып тігіледі. Ондай көп 
қанатты үйлердің шаңырағын аттылы адам көтеретін 
болған. Мұндай үйді қазақ күнделікті күйбің тіршілікте 
тікпеген. Үлкен тойларда, көпшілік болатын жиындар-
да тігілген. Онда ет асылып, қымыз сапырылып, асқа 
толы дастарқан жайылып жатады. Міне, «шаңырағың 
биік болсын» деген тілек арқылы дана қазақ екі жасқа 
байлықты, молшылықты тілеген.
Шаңырақ – көк әлемінің символы. Қазақ ара-
сында сақталған мифтік ұғым бойынша, ғалам жазық 
кеңістікте төрт тарапқа, тік кеңістікте төрт тарапқа,
тік кеңістікте үш әлемге (төменгі әлем-жер асты
ортаңғы әлем-жер беті, жоғарғы әлем-шексіз аспан) 
бөлінген. Әдетте, көк әлемі дегенде ең алдымен көк 
аспан мен Күн ойға оралады, яңғни шаңырақ әрі көк 
күмбезінің әрі күннің символы болып табылады. Көк 
күмбезі мен күннің кішірейтілген мәдени нысандағы 
бейнесі-шаңырақ (оның шеңбер және күмбез пішіні) 
мәңгілік өмірді, жалғастықты, мейірім-шапағатты 
танытады. Адамның денеден бөлініп шыққан жаны 
да мәңгілікке шаңырақ арқылы ұшып кетеді. Кейбір 
байырғы сәулет-құрылыс кешендерінің күмбезіндегі
шеңбер бейнесіндегі ойық пен арба доңғалағын бекітіп 
қою ғұрпын осындай семиотикалық табиғатымен 
ұштастыруға болады.
Шаңырақ - мемлекеттің, жанұяның бастапқы сим-
волы. Шаңырақ – күн дөңгелегі. Ол айналып жүрген 
күннің, ал оның уықтары сәулеге ұқсас динамикалық 
суреті, шаңырақ күн қозғалысын көрсететін дала 
сағаты. Шаңырақ - отбасының, одан да асыра 
алғанда бүкіл адамзат ұясының нышаны. "Шаңырақ" 
ұғымының әлеуметтік мәні зор. Қазіргі заман-
да Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің ең 
дамыған елдерінің қатарына еніп, бәсекеге қабілетті 
ел болу идеясы ұсынылуда. Әзірше әлемнің алпау-
ыт мемлекеттерімен дұрыс саясат жүргізіп, қарым-
қатынастар орнатумен қатар, өз тәуелсіздігін қорғап 
қала алатындай деңгейге көтерілу керек. Ондай мемле-
кет болу үшін билік өкілдері ішкі саясатқа көңіл бөліп, 
халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосулары тиіс. 
Филологиялық тұрғыдан алғанда аталған идеяларға 
негіз болатын дәйек жетерлік. Түркі халықтарының 
сөздік қорындағы атаулар мен тіркестер, фразеологизм-
дер мен мақал-мәтелдер, антропонимдер мен қанатты 
сөздердің бәрі де тек коммуникация құралы емес, 
халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзия-
сы, аңыз-әпсаналары мен ертегілері жай ғана мұра емес,
ұлт туралы ақпарат жинақталған сыры мол ақпараттық 
код, сырлы қазына. Себебі аталған әдеби мұралар мен 
тіліміздегі сөздер мен әртүрлі қолданыстар халық та-
рихы мен оның басынан өткізген әртүрлі қоғамдық-
әлеуметтік құбылыстар сияқты тілде өз таңбасын 
қалдырып отырады. Сондықтан да лингвистика 
ғылымындағы антропоөзектік парадигмаға сәйкес, 
тілді тек лингвистика ғылымының аясында емес, тари-
хи, мәдени, әлеуметттік, қоғамдық, психологиялық т.т. 
аспектілермен байланыста зерттеу қолға алына баста-
ды. Соған сәйкес, тілдік бірліктер мен әдеби мұраны 
тек филология ғылымының емес, мәдениеттану, елта-
ну, әлеуметтану т.б. ғылымдар тоғысында зерттеудің 
өзектілігі арта түсті. Осыған орай, ұлт санасының 
тереңде жатқан менталдық құрылымдары мен ұлтқа, 
адамзатқа тән адами құндылықтар жүйесінде өзіндік 
орны бар тұжырымдамаларды айқындау – кезек 
күттірмейтін мәселе. Осындай тұжырымдамалардың 
бірі ретінде «Шаңырақ» ұғымы көшпелі халықтар, 
соның ішінде қазақ халқы үшін де, қазақстандықтар 
үшін де айырықша символдық мәнге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет