ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР Арынова Айгуль Какимсейітова Талгар агробизнес және менежменд колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Айсаева Мейрамгул Сагыновна Алматы қаласы, Бостандық ауданы №10 ЖББ мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Түйіндеме. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын
қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Бүгінгі күннің талабына сай білім
саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен
білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру
мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген
оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып
табылады.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып та-
былады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса,