189
оқушы үшін одан да маңызды.
Тірек сөздер:
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары, инновациялық әдістер, технологиялар, интербелсенді.
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты — жаңа
педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын
қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапа-
сын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына
сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың
маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың
адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары
деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған
оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен
сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми
теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен
бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне
көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға
сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас
ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы –
жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа техно-
логияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды
болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологи-
ялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен
жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін
тигізеді.
Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары
білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді.
Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған
«Модульдік оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова),
«Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев), «Сын
тұрғысынан ойлау» т.б. технологиялары мұғалімдердің
қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен
ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа
технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми –
әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі кур-
стар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің
әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер
мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны
мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор.
Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке
айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен
шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту
әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды
оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде
жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.
Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық
жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру
белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін – өзі жан
– жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай
жасауға бағытталған. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі
жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,
нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс
– тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер
етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір
ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны
абзал.
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген
көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне,
оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен
қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойын-
да бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де
қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге
үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық
оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген
әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы
арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тек-
сере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз
білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге
тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар
әзірлеу дәстүрге айналды.
Қазақ
тілін
оқыту
үрдісінде
ақпараттық
коммуникациялық
технологияны
қолдану
оқушының білім алу ынтасын арттырады,танымдық
қызығушылығын көтереді және де өз бетімен
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін
20 % есте сақтайтыны белгілі.Аудио және видео
ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-
50% дейін арттырады. Оқушылар теориялық білімін
өздерін — өздері тексеру арқылы әрі қарай жандан-
дырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың
көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу
қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама
дайындауға шығармашылық шабыт алады.Ал,
ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану
білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге
кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім
мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға,
қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе
алады.
Оқушылар World, Power Point, Excel, Актив студио
т.б программалардың көмегімен жаңа тақырыптарды
және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын
үйренеді. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану
мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті на-
шар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс
істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда ком-
пьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Интерактивті технологияларды әр сабағымызда пай-
далана алсақ интеллектуалдық қабілеті дамыған,
коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған
білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге
қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлай-
мын.
Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде
сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын
түрі – аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары,
сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Аудиоматериалдар
сабақта мынадай мақсатта қолданылады: *біріншіден,
қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;
*екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау
дағдыларын жетілдіреді;
* үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға
190
үйретеді.
Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оққушының тілін
дамытады. Тіл дамытудағы тыңдау сөйлеумен тығыз
байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пай-
далану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бой-
ынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа
дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін
түсінуге тырысады. Бейне сабақтарды оқу материалы-
на тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.
Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:
-есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр
түрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан-жақты
мүмкіндік беру;
-оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру
бейнесабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;
-оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық
және эмоционалдық сипаттарды тудыру.
Тек бейне көріністерді көрсетуде есте сақтауды
қажет ететін негіздер:
-бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына
қарай сұрыпталуы керек;
-бейне көріністер бағдарлама бойынша өтілетін
тақырыппен мазмұндас болуы шарт.
Мысалы,
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз
сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық техно-
логияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне бай-
ланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік
технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, да-
мыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін
әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пай-
далану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір
сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы
нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымды
тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы
бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру
арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін
қызық өтуіне себеп.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың
элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту тех-
нологиясына ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл
технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған.
Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин т.б.
осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы
тығыз байланысты анықтаған. Сабақ барысында
қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орын-
дайды, Әрбір оқушы І деңгей тапсырмасын орындауға
міндетті және одан жоғары деңгейдің тапсырмаларын
орындауға құқылы.
Деңгейлеп – саралап оқытудың тағы басты
қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету,
олардың
шығармашылық
бейімділіктері
мен
икемділіктерін дамыту.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы,
белсенділігіні, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс
– тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді
ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі –
оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады.
Деңгейлеп – саралап оқытудың және бір бағыты
– тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы», деп Әбу Насыр әл – Фараби айтқан.
Қазіргі
педагогикада
пайдаланып
жүрген
технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік
оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ
тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады.
Оқушылар түрлі тараулар мен тақырыптар бой-
ынша дайындалған тірек кестелерімен, басқа да
ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындала-
тын жұмыс түрлерімен өздерінің іскерлік дағдыларын
қалыптастыра алады.
Осы орайда қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне
кіріспе пәндері бойынша шығармашылық жұмыс
түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны
кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету
жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.
Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту тех-
нологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын
түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу
оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа
жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері:
*білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық
қабілеттерін және танымдық үдерістерді арнайы
жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы да-
мыту;
*тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру,
өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын-танымдық және
шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
*белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жаз-
баша);
*дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс
істеу мүмкіндігін тудыру.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен
әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің
бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибесіне
енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа де-
ген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін,
тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік
дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан
ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы
қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой
толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік
және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана
отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап
іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге
тәрбиелейді.
Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан
ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін
сөйлеуіне,өз пікірін айтуға, достарының ойын
тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей оты-
рып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып,
оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,
естіген -білгенін талдап салыстырып, білмегенін
өзі зерттеп, дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау.
Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне
сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ой-
лау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:
– қызығушылықты ояту;
– мағынаны тану;
191
– ой толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа
ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз
шығармашылық қабілетін таныта алады.
Оқшыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда
РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу,
дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең,
эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де
ұтымды жақтары көп.
Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр
сабағымызда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі
шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда
сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп
көмегін тигізеді.Тақырыпты толық ашып түсінуде
көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегия-
сын жиі қолданамыз. Шығарма бойынша оқушыға оқу,
тақырыппен танысу барысында
«V»- білемін;
«-»- білмеймін
«+»- мен үшін жаңа ақпарат
«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып
оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ой-
ына басшылық етуге, ойын ашық білдіруге үйрететін
ұтымды құрал.Оқушылардың ерекше қызыға орын-
дайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме
күнделігін толтыру». Балаларға дәптердің бетін орта-
сынан вертикаль сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып:
Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен
тұстарды,үзінділерді жазады.Сол жағына сол әсер ет-
кен үзінділер жайлы пікір жазады.
Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерлеріне жазба-
ша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен,
одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады.Топ
ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.
Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тап-
сырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға
үйретеді. Мәтінді өз бетінше меңгеруге жағдай жасай-
ды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы
болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп ай-
тып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы
оқушының тілі дамиды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың
еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған
стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс саты-
сы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын
және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай
алатын мүмкіндік болу керек.
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын
тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде
осы білімді қолдану;
Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу»
стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға
мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін,
не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы
басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.
Қазақ тілі пәнін оқытуда стратегияларды оқу
бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолдану
тиімді.
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау
(шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды
өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы,
еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуы-
на, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына,
шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде
сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда бол-
ды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ +? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең. «Синквейн»
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының
негізінде сабақта оқушылар арасында:
— бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты
қарым-қатынастың негізі қаланды;
— өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
— бір-біріне құрметпен қарауға;
— өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
— өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
— мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
— достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы
шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектесуге;
— белсенді шығармашылықты ойлауға негіз
қаланады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа тех-
нологияларды қолдану арқылы оқушылардың та-
ным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына
сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту,
дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны
жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны
қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің
нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне,
сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне,
оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байла-
нысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір
оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып,
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жа-
сай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді,
білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын
сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арт-
тырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді
мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап
қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу
192
жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын
жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер
енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |