195
үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ететін секілді.
Мысалы, Елбасы өз мақаласында жазған «Отырарды»
алайық, елімізде Отырар болған тұста 200 –дей елді
мекен болған екен, ал тарихта ерекше көзге түскені
де «Отырар!!. Себебі онда үлкен тарихи шайқастар,
ерліктер , опасыздықтар да орын алған болатын, Ел-
басы жазғандай тарихи қаланы қалпына келтіру
– туристерді қызықтыруға да сеп болары сөзсіз!
Тарих жалпы, ертеңімізге ерекше киелі орындары-
мызды аман жеткізуге үндеп отырғандай. Елбасы
бізге архивтер,яғни елімізден шет жерде орналасқан
архивтердегі еліміз атрихына қатысты мұраларға
-тереңнен зерделеп қарауды мұқият тапсырып отыр!
Ол кезде ғалымдар оны өздерінің саяхаттауына айнал-
дырып жібермей, көптеген архивтегі тың құжаттармен
терең отыра, академиялық түрде жұмыс жасаулары
қажет деп ойлаймын ! Елбасының түрлі бастамалары
әсіресе ,тарих саласына қатысты болып келегені өте
керемет болды! Біз, еліміздің тарихшылары тыңнан
түрен салып, игі бастамаларды қолдап һәм өз шама
шарқымыз жеткенше үлес қосуға да міндеттіміз ғой !
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»
атты мақаласы мәдени-рухани салаға тың серпіліс
әкелді. Бұл – тарих ғылымын жүйелі түрде, жаңаша
көзқараспен жазу, қазақ даласындағы өркениеттердің
мәдени даму үдересіне қосқан үлесін айқындау. Ел-
басы: «Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер
біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең
үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы
бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың
жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға
мүмкіндік береді. Еуропацентристік көзқарас сақтар
мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының
арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің
ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі
болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге
мүмкіндік берген жоқ...» деген болатын.
Мұрамыздың мол екеніне мән беріліп отыр. Уақыт
тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктердің
қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етті
және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны
анық. Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде тарихи
жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі
қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға
айтарлықтай септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-
жақты айтылған. Нақты ғылыми деректердің негізінде
қазақ тарихының бүкіләлемдік тарихтағы өзіндік ерек-
ше орны бар екенін мақтанышпен айта аламыз.
Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ
елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті,
ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы
мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің ру-
хани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері»,
бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері
- «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі сана-
латын Алтайдан бастау алатын Түркі тарихы, әлемдік
экономиканың өркенденуіне септігін тигізген - Ұлы
Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің ұлттық брендіне
лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында
орын алған тарихи жәйт қана емес, сонымен қатар
әрбір Қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар болып
табылады.
Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті
мен құндылықтарын білу, насихаттау, әрі сақтау елді
бекемдеудің тікелей кепілі. Айтылып өткен мәдени
құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи
жаңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынып
отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық.
Оның ішінде, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі
кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік
мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу
үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жа-
сау еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді.
Түркі әлемі ежелден Қазақстанды - күллі түркі
халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» ретінде
мойындайды. Ал, Түркістан халқымыздың руха-
ни орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі
үшін киелі орын болып саналады деген сөздер әрбір
қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімін оятады деп
ойлаймын. «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі
заманға дейін» атты жобаның аясында Түркістан
қаласында, тарихи мұраларымыздың негізінде Түркі
әлемінің орталығын – музейін ашу, өткенмен қазіргі
уақыттың тығыз байланысын көрсетумен қатар, келесі
ұрпақ үшін де маңызы зор болар еді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы
болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға
бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына
септігін тигізетініне толық сенімдімін. Өйткені, та-
рихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын
болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: