1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет178/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер: 
информатика, жаңа технология, кері байланыс, қоғам, ақпарат ғасыры.
ХХ ғасырда әлем елдерінде болып жатқан 
экономикалық өзгерістер қарқынды әлемдік білім беру 
жүйесін қайта қарау қажетілігіне әкелді. Білім беру 
саласындағы өзгеріс негізі оқушылар үшін білім мен 
дағдылардың теңдей дәрежеде екендігі, бағдарлама 
ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана 
иеленіп қоймай, білімдерін өмірде қолдана білуіне 
басты назар аудару болып табылады. Қазіргі уақытта 
түрлі ақпараттың көптігі ұстаздың ізденуіне, өз білімін 
жетілдіруге асығуымыз керек деп отырғандай.
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал 
етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек 
білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде 
өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім 
сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. На-
зарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше 
айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының 
білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, 
білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, 
адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға 
тәрбиелеу.
Информатика пәніне оқушылардың қызығушылығы 
мол. Сол себепті осы пәнді оқытуда оқушылардың 
қызығушылығын жоғалтып алмай,оны одан әрі 
жалғастыру мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезде 
оқушының қажеттілігін қанағаттандыра алатын 
сабақтар ұйымдастыру қиынға соқпайтын жәйт. 
Оған дәлел оқу үрдісіндегі түрлі озық технология-
лар дәлел бола алады. Осы технологияларды тиімді 
қолдану арқылы оқушының компьютерлік сауаттылық 
мәдениетін қалыптастыра аламыз.
Информатика пәні ол ақпараттық қоғаммен тығыз 
байланыста. Заман сұранысы - ол білімді, білікті ма-
ман.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының 
арқасында білім беру реформасы – Қазақстанның 


202
бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз ету-
ге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі 
болып отыр. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық 
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай 
мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп көрсеткендей 
жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа озық технологи-
яларды көбірек қолдану қажет. 
Кері байланыс - нақты іс-әрекетке, жағдаяттарға, 
сұрақтар мен жұмыстардың дұрыс-бұрыстығына 
көз жеткізе отырып баға беру немесе пікір айту 
үдерісі. Кері байланыс мұғалімге оқудың қалай жүріп 
жатқанын, оқушы жетістігі мен қиындығы туралы ха-
бардар етіп, жетістік деңгейі мен қиындығын шешуге 
көмектеседі.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
-Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым -қатынас 
жақсарады.
-Оқушыға өзінің мықты және осал тұсын көрсетіп, 
алға жылжуға ықпал етеді.
-Оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жетістігімен ха-
бардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттыра-
ды.
-Мұғалім оқушы кері байланысына қарай, өз 
жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға бағытталады.
-Формативті бағалаудың түрлерін тиімді пайдалана 
алады.
-Кері байланыс мұғалім мен оқушы арасында, 
оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім 
арасында жүзеге асырылады және ауызша да, жазбаша 
да қолдануға болады.
Кері байланысты қалай ендіруге болады?
• Жазбаша пікірлер.
• Экспресс - c ұрақтар.
• Жалпы сұрақтар.
• Кері байланыс күнделігі.
• Өзіндік бақылау парағы.
• Сабақтағы сан сұрақ.
Информатика пәні сабақтарында топтық-жұптық-
жеке жұмысты ұйымдастыру, оқушыларды сыни ойла-
уына бағыттау, бағалау, алған білімдерін өмірмен бай-
ланыстырып қолдана алу бойынша берген деңгейлік 
тапсырмалары арқылы оқушыларды ойлауға, ізденуге, 
бірлесе жұмыс істеу, талқылау арқылы тақырыптың 
мәнін ашуға толық мүмкіндік берді. 
Информатика сабақтарында топтық жұмыста 
оқушылардың постерлері оқушылармен бірге сабаққа 
қатысқан мұғалімдерге де ой салды. Дұрыс ой тастай 
білсең, оқушылардың ізденісте шыңдалатындығы 
сияқты, мұғалімдердің өзара бірлесе ізденіп, ортада 
ынтымақтаса талқылау арқылы ортақ шешімге келуге 
дағдылана бастады.Сабақтарды жоспарлау барысында 
әдіс-тәсілдердің тиімділігіне кері байланыс, өзін-өзі 
бағалау арқылы көз жеткізуге болады.
1.Өзгеріс енгізу бағытында сындарлы оқытудың 
жаңа әдіс тәсілдерін, соның ішінде топтық-жұптық 
оқытуда жүйелі жүргізу арқылы оқушылардың оқу 
белсенділігінің артуына әкелетіні анықталды. 
2. Іс-әрекеттегі зерттеу сабақтары арқылы мұғалім 
өз тәжірибесін өзгертуге , дамуын бақылауға , кері бай-
ланыс жүргізуде маңыздылығы анықталды. 
3.Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы арқылы, 
іс-әрекеттегі зерттеу бойынша мұғалімдердің 
ынтымақтаса, сенімділік арқылы , нақты іс- 
әрекеттерді орындауда белсенділікпен бірлескен 
жұмыс дағдыларының қалыптасатыны анықталды. 
4.Зерттеу барысында шығармашыл топ мүшелері 
өзара ынтымақтастығын дамытып қана қоймай, 
туындаған кедергілерді шешу жолында жан-жақты 
ақпарат алмасу мен жаңа тың ойлардың туындатудың 
осы мәселе бойынша өзге тәжірибелермен бөлісу 
анықталды.
ХХІ-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, 
жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі 
өзгерістер жүріп жатыр. Заман талабына сай оқытудың 
әр түрлі әдіс- тәсілдері бақыланып,жаңашылдық 
ұстаздардың іс-тәжірбиесіне енгізілуде. Алайда жаңа 
озық технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, 
білімі қажет. 
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені 
және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-
пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың 
соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың 
өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында 
жүргізіліп отыруы керек. 
Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ 
бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және 
мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім 
оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи
отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті 
шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға 
болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар 
кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ 
түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді 
айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайын-
далуына түрткі болады.
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio - 
кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді 
Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның 
өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында
өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және 
анық есеп беруі.
Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деу-
ге болады. Күнде кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан 
сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар 
құрып аламыз. Демек, "рефлексия" деп ат қойып, ай-
дар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда 
бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі 
күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану 
болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама бойынша білімді 
дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды 
жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі 
әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз 
жетті. Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті 
емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлек-
сия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» 
болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің 
тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- 
әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байла-
ныс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. 
Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың 
ой- өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол 
оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамы-
туды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы 
түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу


203
үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, 
сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сау-
алдар, оқыту міндеттерімен алмасуң сияқты әдістер
оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне
әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де
өз білім деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін 
түсінуге мүмкіндіктер бар.(1,36 б)
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр 
кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен 
кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. 
Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық
рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері бай-
ланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.
Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен
білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа 
түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл - ХХІ 
ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс 
арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін ретте-
уге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-
өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс 
жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың 
ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. 
Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда ен-
жар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың 
белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері бай-
ланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері ту-
ралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім 
үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында 
алынатын ақпарат (2,22 -б)
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды 
есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды 
жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық 
таныту, кері байланыстың субъективті болатынын 
ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не 
жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері бай-
ланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, 
оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, рефлексия - көп қырлы, 
кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық 
қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби 
әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне 
көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- 
нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі 
күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы 
толық сеніммен айта аламыз. 
Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлек-
сия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлек-
сия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, олар-
ды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. 
Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп 
қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін 
анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың 
тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін: 1-ден, 
рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 
2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле 
аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік 
көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы 
білім беру барысының сапасын жақсартуға болады 
және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни 
көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас 
жақсарады;
-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және 
алға жылжуға ықпал етеді;
-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан ха-
бардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттыра-
ды;
-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз 
жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы 
оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлай-
мыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет