Редакция №2 02. 09. 09. орнына Редакция №3 13. 09. 12



Дата18.03.2017
өлшемі372,54 Kb.
#11694

ПОӘК 042-14.05.01.20.97

/03-2012


Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция № 3 13.09.12.

23 беттің





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

УМКД

УМКД 042.05.01.20.93

/03-2012


УМКД

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Оқыту психологиясы»

Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция № 3 13.09.12.



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(«5В0119» мамандықтарына )


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР







Семей 2012



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ

Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет.

Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.

Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.

Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.

Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.

Морфология- форма, құрылыс дегенді білдіреді.

Педология- 19-20 ғ. пайда болған психология мен педагогиканың ағымы.

Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.

Постнаталды кезең- босанудан кейінгі кезең.

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.

Мән- пайымдаудың көмегімен жеткен мазмұн.

Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.

Физиология- ағзаның, оның жасушалары, мүшелері мен функционалды жүйелердің қызметі жайлы ғылым.

Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.

Белсенділіктің органикалық жүйесі- жануарлардың мінез-құлық белсенділігінің әдістері мен формасын белгілейтін түсінік.

Заттық белсенділік жүйесі- заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі.

Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.

Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.

Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе құбылысты зерттеу.

Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.

Моль- берілген заттың қасиеттерінің санын белгілейтін мөлшер.

Молярлық бірлік- бүтіннің бірлігі.

Сенсорлы-сезетін, сезімдік, түйсікке байланысты ұғымдар.

Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тонус- өмірлік белсенділіктің дәрежесі.

2 Дәрістер

1дәріс. «Оқыту психологиясы» ерекшеліктерін талдау, категориялық құрылымы


Оқыту психологиясы – ол педагогикалық психологияға бағыт беру, оған ең жақын дидактика мен оқыту методикасы. Ақырғы жылдары психологиялық теорияның және оқыту әдісінің аймағында үлкен жаңалықтар ашылып, гипотезалар құрастырылды.

Соңғы жылдары әсіресе оқыту әдісінің пайда болуы, оқу үрдісін оптималдау ұсынылды. Кейбір ұсынылған бағдарламалар зерттеулерден өтіп, кейбіреулері ескі әдістердің жаңартылып шығып жатқандағы, ал кейбіреулерін мүлде қабылдамай жатыр. Бұл процесс заңдылықты, бірақ ол екі түрлі. Ол бір жағынан жақсы. Мұғалімдер шеберлікке ұмтылып, ойлағандарының бәрін жузеге асырады. Ал бір жағынан балаға жүргізілетін тәжірибе дұрыс ұйымдастырылмаса ол балаға зиян әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл жұмыс ұзақ әрі қиын.

Бұндай жұмыстардың бірі әр типті мектептерді салу. Айта кететіні жалғыз біз ғана мектептерді жаңартумен айналыспаймыз. Мысалға; Америка құрама Штатында бұл жағдай бізден бұрын болды. Және одан оптималдаудың келесі этаптардың бөліп айтыға болады.

1. Оқытушыларды топтастыру

а) жасына қарай

б) қабылетіне қарай

Қортындысына мектеп мұғалімдеріне бұл тиімсіз болып көрінеді, өйткені бұлардың арасындағы арнайы айырмашылықтар қалып қойды.

2. Элективті жүйе, ол балаларға пәндерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұны жүргізгенде білім денгейі төмендеді.

І-нұсқа – оқушы өткен тақырыпты меңгергеннен кейін ғана жаңа оқу ырғағын қабылдай алады. Оқушыларда әр пән бойынша әр түрлі оқу көлемі және әр оқушыда әр түрлі пәндерден байқалды. Бірден білімді бағалағанда мұғалімдер қйыншылықтарға кездесті.

ІІ-нұсқа «Трамп жоспары» (құрастырушының атымен аталған) 9-12 сынып оқушыларына арналып құрастыады. Міндетті және міндетті емес оқытуды жоспарлайды. Міндетті оқыту өзіне және жалпыға бірдей дәрісті және 10-15 аамдардан құралған топтағы оқыту. Міндетті емес оқыту – арнайы пәндер бойынша оқыту және ол пәнді оқушы өзі тандайды. 9 сыныптарда оқу сағаты ½ бөлімі өздік жұмысқа, ал 12 сыныпта ½ бөлігі өздік жұмысқа арналады.

Бірақ бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы құрал – жабдықтар, жақсы жабдықталған кітапхана, мектеп, сонымен қатар бұндай мектептерде балалар көп оқымайды.

4. Мектеп өмірінің програмалы оқытуын практикасына кең көлемді кіргізу.

5. Компьютерлік оқыту. Деңгейге байланысты еңгізу 1 деңгейде берілген тапсырма мұғаліммен түсіндіріледі, сода кейін ғана компьютердің көмегімен практикалық дағдылары өңделіп, есептер шығарылады. 2-ші деңгейде тьюторлы жүйе қолданылады, яғни компьютер оқушыларға қысқаша түсінік береді және сол түсініктерді қолдануға байланысты дағдылар қалыптасады, ал меңгеру деңгейін мұғалім тексереді. 3-ші деңгейде компьютермен оқушылардың арасында диалог пайда болады.

Бірақта оқу процесін толығымен компьютерлендіруге мұғалімдер келіспеді, өйткені олардың ойынша бұл тәжірбие бір жағынан оқушылардың шығармашылықтан және комуникативті сапаларын дамытпайды.



Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі.



Дәстүрлі психо-педагогика.


Дамыта оқыту психо-педагогикасы.

Мәні

Білім, ептілік, дағдыны меңгеру.

Баланың өзін-өзі субьекті ретінде өзгеруі.

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны игеру.

Әрбір оқушыға оқып-тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субьектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет- қабілеттерін дамыту.

Дамудың негізгі факторы.

Білім, ептілік, дағдының дәрежелері.

Соған қоса маңызды психикалық қызметтерін, ақыл- ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі.

Мұғалімнің ролі.



Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы тәртіпті қадағалаушы білім насихатшысы.

Танымдық іс-әрекеті, ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңшісі.

Педогогтың негізгі талабы.


Мен сияқты істе


Ойлап істе



Педогог қызметі

Білім беру.

Адамды « өсіруші ».

Әрекетік стилі

Авторитарлы

Демократиялы.

Мұғаліммен

оқушының өзара қарым-қатынастық стилі



Монологты

( мұғалім жағынан )



Диалогты.

Оқытудың басын әдісі



Мәліметілік


Ізденісті- зерттеушілік.

Сабақ ұйымдастыру түрі

Фронтальды, топтық.



Жекебастық, топтық.



Мазмұнның негізі.

Адамның кейбір саладағы іс- әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері.

Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс- әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер.

Әдіс- тәсілдер.

Көрсету-түсіндіру жаттықтыру бақылау бағалау.

Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік, зерттеушілік, әрекеті табылған шешімді дәлелдеу шешімді тексеру.

Әрекеттік

түрі


Басқарушы мен бағынушы.

Іскерлік – серіктестік ынтымақтастық.

әрекеттестіктегі

қызметтер.



Мұғалім- жетектеуші оқушы- орындаушы

Қызмет бөлінбейді бірлескен ізденіс.

Педогогтың материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы

Оқушының өздік жұмысының уақыты.



Өте аз.

Салыстырмалы.

Оқушы позициясы

Қызығу аз, пассивті.


Қызығу бар, активті ынталы шабытты.


Оқуға деген мотив.


Эпизодты түрде туындайды.


Әрқашан және мақсатты бағытталған.



Сабақтағы жанға жайлы сәттер.

Кей кезде пайда болады.


Әрдайым және мақсаты бағытталған.


2 дәріс Оқыту психологиясының ғылыми-теориялық негіздері.
Көп жылдар бойы педагогтар оқытудың ең тиімді жолдарын табуға тырысты, бірақ оқу поцесін тиімді ұйымдастыру, оптималды педагогикалық шешімдерді қабылдау 60 жылдардың аяғында ғана құрастырыла бастады.

Оқу процесін оптималдау дидактиканың анықталған заңдылықтар мен принциптермен жүзеге асады. Оқытудың бөлек жақтарын, оның мазмұнын, әдістерін, техникалық әдістерін және тағы басқа жетілдіру бойынша кейбір жеке ұсыныстарға қарағанда әдістерді оптималдау жүйесі оқыту процесін барлық негізгі компоненттерін оптималды таңдауын қажет етеді. Сондықтан ол дидактикалық жаңа категориясы, ол оқыту принциптері мен заңдылықтарынан шығады.

И.Я. Лернер оқытудың келесі заңдарын және заңдылықтарын атап кетті; оқытуды тәрбиелеу заңдылығы; барлық оқыту оқушы мен оқытушының екі жақты қарым-қатынасы негізінде жүзеге асады. Оқу процесі тек оқушының белсенді әрекеті арқылы жүзеге асады. Және де оқытушының әрекет белсенділігіде маңызды. Оқу процесі мұғалімінің мақсаты мен оқушының индивитті бір әрекетке мақсатты түрде бағыттау, оны сол әрекетке толығымен кірістіргенде ғана жемісін береді.

Оқу процесінің келесі заңдылықтарын қарастырамыз;

1. Оқыту ортаның қажеттілігінен заңдылықты түрде тәуелді. Оның талаптарынан жеке бастың әлеуметтік жан-жақты даму типі және де оқушының шынайы білім алу мүмкіндігі туады. Бұл заңдылық оқу процесін жалпы әсер етіп, сонымен қатарының әдістер мазмұнына, оқу құралына, оқупроцесінің ұйымдастыру формасына байланысты. Одан шығатын қорытынды ғылымның, техниканың, өнердік әлеуметтік қарым-қатынас даму арасында оқу жоспарыда өзгереді. Оқытудың басқада компоненттері оқушының оқу қабілеті мен және жастары өзгерген сайын оларда өзгеріп отырады.

2. Оқыту процесінде коммуникативті тәрбиелеу және жалпы даму педагогикалық процесте өзара заңдылықта түрде байланысты. Бұдан шығатыны оқыту үнемі тәрбиелейді және дамытады, ал тәрбиелеу және даму оқытудың жаңа циклына өзінің жақсы әсерін тигізеді. Бұндай заңдылықты байланысты есепке ала отырып оқытудың мазмұнын, әдістерін және оқыту формасын қолданып, олар тек оқыту мен дағдыны ғана қалыптастырып қоймай, сонымен қатар оқушыларды тәрбиелеп және дамытуы қажет. Сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып, ол оқушыда оқытудың жағымды мотивтерін қалыптастырып, танымдық процестердің жылдам дамуына және де коммуникативті жеке бастың басқада жағымды қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.

3. Сабақ беру және үйрену процесі жалпы педагогикалық процесте бір-бірімен өзара байланысты. Сабақ беру мен үйренудің бірлігі мектепте оқу процесінің негізін сипаттайды, онда педагогикалық басқару оқушылардың белсенділігінің диалектикасымен байланысты. Бұл байланыс өте қажет және маңызды, өйткені егер білім беруде оқушының танымдық әрекеті көрінбесе, оның оқу процесі тоқтатылады.

4. Оқытудың мазмұны оның мақсаты мен және мазмұнымен заңдылықты байланысты, сонымен қатар оқушының мүмкіндігі жас ерекшелігіне сай келуі. Бұл заңдылық ең біріншіден кең көлемді ортаның жоспарында көрініп, оған ортаның қажеттілігі, ғылымының даму деңгейі, мәдениет әсер етіп әлеуметтік қарым-қатынасқа байланысты оқу жоспары жасаланып және оқушылардың жас ерекшелігінне байланысты бөлінген топтарға жобалар жасалынады. Бұл заңдылық сыныптағы оқу мазмұнын жоспарлағанда есепке алынуы тиіс. Бұнда оқытудың мазмұны алынған сыныптың мазмұны алынған сыныптық білім алуына, тәрбиеленуіне және дамуы мүмкіндігіне сай болуы керек.

5. Оқу процесінің белсенділігі оқушылардың таным мотивтерімен, оқытушылардың стимулды әдістерді қолданумен заңдылықты түрде байланысты. Стимулдаусыз оқушылардың белсенді оқу-танымдық әрекетін, тәрбиелеуін дамуын қамтамасыз ете алмайды. Міне сол себептен оқу процесін стимулдау әдісін қолдану керек және де оқу-танымдық әрекетінің басқада мотивациясын қолдану қажет.

6. Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі тексеру және өзін-өзі тексерумен заңдылықты түрде байланысты. К.Маркс «Капитал» деген еңбегінде максат заң сияқты адам әрекетінің әдіс – тәсілін анықтайды. Сондықтан оқытудың әдісі мен тәсілі оқу мақсатымен заңдылықты түрде анықталады. Бұл заңдылық оқу әдісі таңдаудағы маақсатты ғана есепте алмай, сонымен қатар оқу мазмұнындағы спецификаны, оқушылардың жеке қасиеттерін және дамуын, оның оқуға деген дайындығын есепке алу керек.

7. оқытуды ұйымдастыру формасы мақсаты, мазмұны және оқыту әдістерімен байланысты. Бұл заңдылықты ескеру мұғалімдерге оқу танымдық әрекеттерін ұйымдастыруда жалпы сыныптау, топтау, жеке даралық түрді байланыстыруға мүмкіндік береді.

8. Оқу процесінің тиімділігі жағдайға байланысты жүріп отырады (оқу-материалдық, гигиеналық, моральді-психологиялық және эстетикалық) . Жағдай өз-өзінен процестің басты компонентінің санына кірмейді, бірақ жағымды жағдайсыз К. Маркстің айтуынша «жұмыс процесі немесе мүлде мүмкін емес немесе аздаған мөлшерде болуы мүмкін». Сол себепті қажетті оқу-материалдық, мектеп гигиеналық, моральды психологиялық, эстетикалық жағымды жағдай болуы керек. Оқыту ырғағының тым жылдам немесе тым баяу болуынан оқыту және оқушының дамуы төмендейді. Бұдан шығатын қорытынды әр нақты ситуацияда ең жақсы оқу ырғағын тауып және оқу уақытын жоспарлап, тақырыпты түсіну үшін барлық жағдайдың жасалуы мүмкін

3 дәріс. Үйретудің психологиялық теориялары
Біз қарастыратын оқыту теориясының келесі түрі – ақыл-ой дамуының деңгейлеп қалыптасуы. Ол П.Я.Гальперинның теориясында ми әрекетінің басты төрт түрі сипатталған.

- ми әрекетінің дәрежесін меңгеру.

- Ол дәреженің жалпылағы.

- Орындалған операцияның толықтығы немесе әрекеттің қысқартылған дәрежесі

- Меңгеру мөлшері

Сонымен қатар ми әрекетін меңгеру 3 деңгейін бөліп көрсетеді;



1. Затты әрекет деңгейі (бірінші сыныптарды сонауға үйретудегі жаябшыларды қою)

2. Белгілі бір затқа тіреусіз қатты сөйлеу деңгейі. (арифметикалық әрекетті орындауды айту).

3. Мидағы әрекет.

П.Я. Гальпериннің ойынша бұл днңгейлер сыртқы әрекетті ішкі әрекетке айналдыру жолында орындалатын басты фазалар болып табылады. Қалған мінездемелер – жалпылау, қысқарту және ми әрекетін меңгру – оның пісіп жетілгендігін білдіреді.

П.Я.Гальперин ми әрекеттің қалыптасуының бірнеше этабын көрсетеді.

1. Орындалатын әрекетпен алдын ала танысу (ол үнемі мұғаліммен орындалады).

2. Материотизданған этап.

3. Сыртқы сөйлеу жоспары – жұмыс жазбаша түрде жүреді, ал көріністер есте сақталады.

4. Этап «Сыртқы сөйлеу сөзі туралы» - жұмыс жазбаша түрде беріледі, ал шешім өзі жайлы.

5. Ақыл ойлы жоспар.

П.Я.Гальпериннің «Ми әрекетінің этап бойынша қалыптасуы» теориясы арқылы балаларға түсінікті болуы үшін оқу процесін қалай басқарамыз?

Ең біріншіден балаларға жақсылап тұрып жаңа құбылыстың не әкелетіні туралы, оның өзгеше белгілері туралы. Және сол белгілерді берілген материалдан қалай іздеу керектігі түсіндіріледі. Содан кейін оқушыға белгісі бар корточкалар беріледі. Ол белгілер номерация бойынша белгіленген. Бұл карточканы қолдана отырып оқушы берілген тапсырмана ауызша талқылайды. Содан кейін берілген белгілі сай келе-ме, жоқ па соны анықтайды, қорытынды жасайды.

Карточкамен жұмыс істеу материалданған әрекет болып табылады. Карточкамен әрекет жасаған кезде оқушы берілген тәртіп бойынша ауысып отыратын материалды қайталап отырады. Карточканың мазмұны тез есте сақталады. Және оқушы онымен қолдауды тоқтатады. Сонда карточканы алып тастайды, бірақ оқушыдан дауысын шығарып карточкадағы белгілерді міндетті түрде коммерциясын сақтап айтуы керек және жаңа материалды талдауға талап етеді. Бұл әрекет дауыстап сөйлеу жоспарымен жүреді.

Бұл этапты талдағаннан кейін оқушы мен карточкадағы белгілердің номерін айтады. Оқушы бұны дауыс шығармай есіне түсіруі керек болды, ал дауысын шығарып тен сол карточкадағы белгі ма? әлде жоқ па? Екенін айту керек болды.

П.Я.Гальперин әдеттегі әдістеме қорытындысы бойынша жасалған эксперименттік жұмыс көрсеткендей оқушылар оқу материалын тез әрі тиімді меңгерді. Бірақта «ми әрекетінің қалыптасу этабы кең көлемді таралған жоқ мектептерде мүлде қолданбайды.

Бұл жағдай В.В. Давыдовтың құрастырған «теорияны жалпылау» теорясының жолы болды. Ол мектеп практикасында кең көлемді қолданды.

В.В. Давыдовтың және оның көмекшілерімен жасалған жұмысы оқу процесіне кіріспе 4 деңгейден тұрады.



1. Балалар мұғалім берген тапсырмамен танысады.

2. Берілген шарт түрінің шешімінің көзі болатын, ең негізгі қатынастарды анықтайтын, материалдың өзгеру нұсқасына ие болады.

3. Бұл қатынастар түрі модель формасында белгіленеді.

4. Бөлініп қарастырған пікірдің, бастапқы шарттың жағдайын және шешімдер тәсілдерін шығаруға мумкіндік беретін қасиеттері анықталады.

Бұл принциптер жалпы орыс тілі және математика бағдарламасында толықтырылады.

Мұғалімнің басты әдістемелік міндеті оқушыларды грамматикалық материалды меңгеруге, сол арқылы оқушылар оқып жатқан материалдық қасиетін өздері анықтайды. Мысалға мұғалім «кітап» дейтін сөзді айтса, ол оқушылардан нені жалпылайтыны туралы сұрайды. Және олардың айырмашылықтарын атауды талап етеді. Оқушылар басқа сөздерге сүйене отырып оларды өзгертеді және байланыстырады, содан кейін графикалық сызба түрінде бейнелейді.

Бұдан оқытудың түрлері баланың интелектуалдық дамуын жылдам стимулдайды. Материалдың қиыншылығына қарамастан балалардың жіберіген қателері дереу жоғарлап, оқу процесі сол уақытта жақсарады. Экспериментті бағдарлама арқылы орыс тілін меңгеруден 2-ші сыныптың аяғында бақылау жұмыс беріледі – сөзді бөліктерге бөлу класификациясы.

Бұндай жұмыс әдеттегі сыныптарда 3 және 5-ші сыныптар оқушыларына берілді. Сонымен қатар экспериментті бағдарлама бойынша оқитын балалар үлкендерге қарағанда аз қате жіберді. Сонымен қатар эспериментті сыныптарда оқитын оқушылар есепті теориялық ойлаумен шығарса, жәй сыныпта оқитын оқушылар теориямен есепті шығарған балалар саны 4 есе аз болған.

Осы аталған әдістердің жалғыз кемшілігі болып жоғарғы сынып оқушыларына арналып шығарылмауы. Бірақта бұл әдістерді барлық мектептерде қолданған кезде кемшіліктерінің көбі шықты.

4 дәріс. Проблемалық оқытудың теориялық негіздері.

Оқу анықтамасы

К.К.Платонов.

Бұл бұрын оқылған жаттығулар мазмұнымен толықтырылған, жаңа мазмұндағы жаттығуларға сүйенетін коллектив пен жеке тұлғаның қалыптасу түрі.

П.И.Пидкасистый

Бұл жеке тұлғаның қалыптасу негізінде жатқан басқарушы таным, қоғамдық- тарихи тәжирбені менгеру, елестету, осы және басқа да нақты әрекеттерді игеру болатын процестегі қатынас.

Н.Ф.Тальзина

Бұл оқу процесіндегі оқытушының іс-әрекеті

И.А.Зимняя

Оқыту отбасы, мектеп, ЖОО, бірлестіктердің шарттарымен арнайы ұйымдастырылған, қоғамдық, тарихи әлеуметтік мәдени тәжірибені басқа адамға жүйелі беруді білдіреді

И.Ф.Харламов

Бұл мақсатқа бағытталған оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекеті бойынша, ғылыми білім мен әдет, творчествалық қабілетін дамыту және әлемтану, эстетикалық көзқарас, тұжырымды ұйымдастыру және стимулдау процесі.

Оқу әрекетінің құрылымы мыналардан тұрады:

-оқу міндеттері немесе тапсырмалар

-оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой-тәсіл амалдары)

-бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап тексеріп отрыуы)

-бағалау (мұғалімдердің және оқушының өзіне өзі беретін бағасы)

Бастауыш мектеп оқушысының іс-әрекеті дамитындай ие болуы үшін төмендегідей негізгі жағдайларды ескеру қажет.

1. Іс-әрекеттің мақасаты. балаларды қызықтырарлықтай нақты міндет қою керек.

Олар нені бақылауды керек?

Не үшін? Мұнда нені білу қажет?

2. Оқушының іс-әрекетінде себептер яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетке бар күш-жігерін салуға итермелейтін ынта зор атқарады. А.К. Дусавицкий мен мен В.В. Репкиннің зерттеулері көрсеткеніндей, барынша тиімді ұйымдастырылған оқу ісінде төмеңгі снып оқушылары бағаға қызығудан шынайы танымдық мүлдені білуге тез ауысады.

3. Іс-әрекеттің мазмұны –бұлар оқушыларға орындауға тиісті білімдер (елестетулер, түсініктер),-оларға белгілі болған білімдер ғана емес сондай-ақ оқушылар келешекте іс-әрекет үстінде яғни мұғалім берген тапсырмаларды шешу барысында меңгерген тиісті білімдер.

4. Оқушылар жүзеге асыратын іс-әрекетке кіретін қимл аса маңызды. Бұл –бала еңбекпен немесе ойынмен, музыкамен немесе математикамен айналысқанда қолдануға тиіс дағды шеберлік тәсіл. Оқушыдан әр түрлі ақыл-ой әрекеттерін талап ететін тапсырмалар, үлкендердің кейде айтуымен орындалатын операцияларды орындағанға қарағанда зор дамытушылық беретініне көз жеткізу қиын емес.

5. Оқушының іс-әрекеті дамушылық сипатқа ие ьолуы үшін балаларға өскелең талар қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру керек: іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты мен міндеттері біртіндеп күрделендіріледі, орындалатын әрекеттің күрделенуі-өсіп келе жатқан оқушыға оның дамытушылық әсерінің көбірек болуы маңызды.

6. Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін білу үшін алғашқысын бекітіп, екіншісін жою үшін, мұғалімнің тарапынан оның іс-әрекетін бақылау және бағдарлау –қызықты және нәтижелі іс-әрекетке ынталандыратын роль атқаруы тиіс.


5 дәріс Сабақ үрдісінде танымдық процестерді зерттеу

6 дәріс Оқу әрекеттерін меңгеру кезеңдері мен түрлері

Оқу-танымдық мотивация танымдық қажеттіліктер мен интеллектуалды белсенділікті туғызады. В.В.Давыдов бойынша, оқу әрекеті арнайы спецификалық мазмұнға ие. Яғни ол адам санасының дамыған формалары. Оқу мақсаты –анық нені меңгеру керектігі туралы ойдың болуы.

Бастауыш сыныптарда оқу іс-әрекеті бастапқыда балалардың оқудың компонентерімен танысудың негезінде болады. В.В.Давыдов бұл компонентерді былай көрсетеді: 1) оқу ситуациялары 2) оқу әрекеті 3) бақылау 4) бағалау. Бұл компоненттердің әр қайсысының мазмұнын балада ақыл-ой дамуының қалыптасуына тікелей байланысты.



Оқу ситуациялары (жағдаяттары).

Оқу ситуациялары бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы практикалық міндеттердің кейбір нұсқаларын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны балада және олардың шешімі салмақты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндай міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан дұрыс болуын талап етеді), математикалық тақырыптың есептерге жауап іздеу, қағаздан ұсақ-түйек жасау және т.б жатады. Осы сияқты әр алуан міндеттерді түрлі саланың әрбір нақты міндетін орындаудың ұзақ тәжірибесін жинақтау жолымен шешіп үйренуге болады. Одан кейін біртіндеп мұндай міндеттер жағдайында бағдар алу тәсілдері туралы түсініктер жинақтала бастайды. Алайда ішкі оқу ситуацияларында нақтылы-практикалық міндеттерді шеше білу басқаша игеріледі. Мұғалім алдымен бастауыш сынып оқушысын сол сыныптағы барлық нақтылы-практикалық міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу қажет болатын жағдаймен бетпе-бет қояды. Одан кейін мұғалімнің басшылығымен балалар бұл әдісті тауып, қалыптастырады. Оның жекелеген операцияларын қайта жасау және осы әдісті қолдану жөніндегі шарттар жүйесін игеру – бастауыш сынып оқушылары жұмысының келесі кезеңі. Сонымен тиісті нақтылы-практикалық міндеттерге кездесе отырып, оларды шешудің игерілген жалпы әдісін бірден қолданып, оқу ситуациясы жағдайында алдын-ала қалыптасқан іскерлікті байқайды. Оқып жаздыратын жазудан бұрын бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Оның барысында балалар сөздердің құрамын және олардағы әріптердің үйлесу заңдылықтарын оқып үйренеді, дұрыс жазудың талаптары қарастырылады. Математикадан текстік есептерді шығарудан бұрын шамалардың жалпы қасиеттері мен байланыстарын, оларды тексте көрсету жолдарын және оларды математикалық амалдармен бейнелеу тәсілдерін өтеді. Осы жағдайлардың бәрінде балалар оқу ситуациялары жүйесінде жұмыс істейді, оларды негізінде балалар, бір жағынан, берілген материалды үйрену мотивін, екінші жағына, сол сынып бойынша нақтылы міндеттерді шешудің ортақ тәсілдерінің үлгісін алады, яғни ойлау операцияларын толық қолдана білуі қажет. Ортақ тәсілдердің осы арнайы бөлінген үлгілерін қайта жасау меңгерудің басқа түрлерінен оқу жұмысын өзгеше сипаттайды. Мұндай жұмыс нақтылы – практикалық міндеттерді шешуден және ұғымдарды практикалық қолданудан бұрын жүреді. Егер балалар міндеттерді шешу процесінің өзінде осы тәсілдерді игерсе, онда мұндай игеру тек оқу іс-әрекетінің формаларына ғана ие болып қоймай, басқа да заңдылықтар арқылы өтеді. Оқушылар іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін кенелеген нақтылы міндеттерді ұзақ уақыт шешудің кезінде стихиялы түрде аңғарады. Бұл жағдайда көптеген және жайлап койлатын қателіктер байқалады, ол игеру нәтижелері, әдетте жеткілікті түрде қолданылмайды және жете түсінілмейді, сол сыныптағы басқа міндеттерге қиындықпен ауыстырылады. Егер іскерлік оқу ситуациясы үстінде қалыптасатын болса, онда оқушылар және мұғалім оын алдын-ала бөліп, кейбір сыныптың міндеттерін шешудің жалпы тәсілін үлгі түрінде игеруге арнайв қвлыптастырған кезде бұл кемшіліктер орын алмайды. Сондықтан психологияның негізгі талаптарының бірі –бастапқы оқытуды бағдарламаның көпшілік тақырыптары мен бөлімдерін балаларды кейбір ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе белгілі бір сынып міндеттерін шешудің жалпы тәсілдерін игеруге бірден бағдарлайтын оқу ситуациялары негізінде ұйымдастыру.

Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері

Оқу іс-әрекетінде оқу әрекеті ерекше орын алады. Оқу әрекеті арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекеттер пәндік те, ақыл-ой шеберінде де орындалады. Олардың құрамы бір текті емес. Кейбір оқу іс-әрекеттеріне кез келген оқу материалдарын игеру, екіншілеріне оқу материалының көлемінде жұмыс істеу, үшіншілеріне жекелеген кейбір үлгілерді қайта жаңғырту тән. Мысалы, берілген үлгілерді бейнелеуге мүмкіндік беретін іс-әрекет әрбір пәннің кез келген материалын оқып үйренуге қолданылады. Оқып үйрену объектісіне байланысты мұндай бейнелер графикалық (схемалар, формулалар) заттың-кеңістік (көлемді-модельдер)сөздік-сипатамалық және т.б. болуы мүмкін. Материалды мағыналық жағынан қайта топтау, оның тірек пункттерін айқындау, оның қисынды схемасын және жоспарын жасау түрлі ой операцияларын жүзеге асырудағы материалды игеруге неғұрлым ұқсас оқу іс-әрекеттері.

Бақылау әрекетінің ерекшеліктері

Оқу ситуацияларында толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типін – бақылау әрекетін орындауды талап етеді. Бала өзінің оқу әрекеттерін және олардың нәтижелерін берілген үлгілермен салыстырып бұл нәтижелердің сапасын орындалғңан оқу әрекетінің деңгейімен және толықтығымен байланыстыруы қажет. Алғашында бақылауды ұйымдастырудағы негізгі роль мұғалімге жүктеледі. Балар біртіндеп өз істерінің нәтижесін үлгімен салыстырады, мүмкін болатын алшақтықтықтардың себептерін таба және оқу әрекеттерін өзгерте отырып, оларды қоя бастайды. Бақылау түрлері сан алуан. Оның екі формасы ерекше маңызды: 1) шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау негізінде жасалатын бақылау 2) ойлау бойынша орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде болатын бақылау. Ал бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім көрсетеді және басқарады. Балалардың бұл әрекеттерді ойша орындау формасының болуы бақылаудың да көзделген оқу әрекеттері негізінде ғана жүргізілуіне алғы шарт жасайды. Бұл жағдайда оқушы мүмкін болатын нәтижелер әрекеттер ерекшеліктерімен қалай байлнысты екенін көреді және дұрыс байланыстарды таңдап алады.

Бағалау іс-әрекетінің ерекшеліктері

Бақылау оқу қызметінің тағы да бір бөлігімен-бағалаумен тығыз байланысты. Ол игеру нәтижелерінің оқу ситуацияларына сәйкес, я алшақ болуын көрсетеді. Оқушылар өзінің белгілі бір міндетті шешудің жалпы әдістерін білгендігін немесе білмейтіндігін мейлінше тура немесе онша дәл емес анықтауды үйренеді. Оқу ісі ұймдастыру бағалаудың сипатына байланысты. Оқу әрекетінің ішіндегі бағалаудың мәні мейлінше тар. Ол мазмұнды да сапалы анықтама береді, бірақ сан жағынан салыстыруға қолайлы болатын рангілі сипаттама бермейді. Оқу әрекеті- оқу жұмысының әдіс-тәсілдері. Бақылау әрекеті (дұрыс орандауға нұсқау) мен өзін-өзі бақылау (өзінің әрекеттерін мұғалімнің берген үлгісімен салыстыру). Бағалау мен өзін-өзі бағалаудың әрекеті- оқу мақсаты қандай дәрежеде орындалды. Нәтижесі болды ма? Қорытындыны жасау барысында оқушылардың эмоционалды қанағаттану сезімдерін ересек адамдар есептеу керек. Кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі мақсаты –«оқуға үйренуді» қалыптастыру. Толыққанды оқу іс-әрекеті мынандай іскерліктерден тұрады:

-оқу тапсырмасын бөлу және оны тұрақтату;

-тапсырмаларды орындау барысында жалпы шешімдерді табу және өзбетімен оны меңгеру;

-өзін және өзінің әрекеттерін адекватты бағалау және бақылау;

-өзін-өзі реттеу мен рефлексияны меңгеру;

-логикалық ойлау заңдарын пайдалану;

-теориялық және де басқа қортындылау формаларын меңгеру және пайдалану;

-жоғарғы шығармашылық белсенділігінің болуы.

20ғ. 60-80 жж. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқушылардың оқуын ұйымдастыруда дамыта оқыту тұжырымдамасын, альтернативті оқыту әдісіне қарсы оқу үрдісіне еңгізді. Дамыта оқыту психологиясының авторлары –белгілі ғалымдыр: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков. Олар дамыта оқыту деп «оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңару үрдісі. Жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқыту тікелей баланы жан-жақты дамыта отырып, оқытуға негізделген.

В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқушылардың таным, таным іскерлігін жетілдіру болып келеді. В.В.Давыдов осы оқыту жүйесінде баланың ойлауын эмпирикалық деп атады.



Оқу әрекетіндегі қиыншылықтар төмендегідей жағдайдан туындауы мүмкін:

-оқу әрекетіне қажетті элементтердің қалыптаспауы (оқушы позициясы, танымдық мотивациялар т.б.);

- ырықтылықтың даму деңгейінің төмендігі, зейін, еске сақтау деңгейінің төмендігі, ересек адамға тәуелділік;

-мектеп өміріне бейімделе алмау, тұлғалық , мектеп өмірінен тыс әрекеттерге қызығушылық таныту т.б.


7-8дәріс Сабақ үрдісінде танымдық процестерді зерттеу
Сабақты талдаудың психологиялық-педагогикалық бірынғай жүйесі
1. Сабақтың оқу-тәрбие жұмысының мақсатын жоспарлау бағасы:

а) оқыту


ә) тәрбиелеу

б) оқушылардың ақыл-ойын, ерік, сезім және танымдық үдерістерді дамытуы.

2.1. Оқу материалының психологиялық сапасы (суреттеу немесе түсіндіру, олардың көрнектілік, нақтылық абстрактілік, талдап қортындылау дәрежесі).

2.2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінде осы тақырыптың қабылдауы қай жағынан белсенді түрде қажет (бейне немесе сөздік-логикалық есте сақтауы, абстрактілік ойлауы, елесі)? Қандай сезімдер тууы ықтимал?

2.3. Берілген оқу материалдар оқушылардың танымдық іс-әрекет барысында жас ерекшеліктеріне өмір тәжірибелеріне және білім деңгейлеріне сәйкес келе ме?

2.4. Менгерілген білім мен біліктіліктің мазмұндылығын, түйінін мұғалім қалай бөле алады?

2.5. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қиын тақырыптарды қабылдауына мұғалім түсінікті, қызықты, айқын, әрі қарапайым жеткізуі, көрнекті мысалдардың, аналогияның, салыстырудың болуы (көрнекті құралдар қолдану, өмірмен байланытыру және т.б.) қалай жүреді ?

2.6. Берілген материалдық тәрбиелік мәні (моральдық естетикалық, діни т.б.) неде?

3. Оқу материалының тәрбиелік мүмкіндіктерін мұғалім қаншалықты орнықты анықтайды?

4. Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарудың әдістері мен құралдары:

4.1. Зейін ұйымдастыру:

а) Сабақтың барлық кезендеріңде есте сақтауды ұйымдастырудың жолдары (сабақта оқушылардың еріксіз көңіл бөлуіне назар аударуына үндеу жасауы, іс-әрекеттің қажеттілігін көрсете білу,нақты мақсатты қоя білу).

ә) Сабақ барысындағы зейіннің түрлері және олардың кейбір оқушылар бойынан көрінуі.

б) Оқушылардың назарын бір іс-әрекеттен екіншісіне аударуды ұйымдастырудың тәсілдері.

в) Мұғалім ұсынған іс-әрекеттің қандай қиын түрі болса да, оқушылардың назарын аударуға талап қоя білуі, әрі бұл жағдай қалай шықты?

4.2. Қабылдауды ұйымдастыру және оның ерекшелігі:

а) Оқушылардың қабылдау обьектісі не болып табылады (мұғалімнің сөйлеуі, кітаптағы текст, әртүрлі көрнекті құралдар)?

ә) Көрнекті құралдардың қолданылуы, олардың сабақтағы қызметі.

б) Материалды қабылдау тиянақтылығы.

4.3. Ес және дамуы:

а) Сабақтың әр кезеңінде оқулардың есте сақталуына мұғалімнің арнайы үндеу жасай білуі.

ә) Сабақта естің қай түрі жиі байқалады?

б) Сабақта мұғалім есте сақтаудың ең тамаша қандай тәсілін қолданды.

4.4. Оқушылардың ойлау іс-әрекетінің белсенділігін арттыру:

а)Мұғалім оқушыларға ғылыми түсінікті қалай қалыптастырды? Осыған орай көрнекті құралдарды қалай қолданды?

ә)Түсініктерді бір-бірімен қалай байланыстырды , әрі қандай пікір қалыптастырды?

б)Түсініктер мен пікірлерді оқушылардың меңгеруіне мұғалім қандай жолдарды (индуктивті немесе дедуктивті) таңдады?

в)Мұғалім оқушылардың түсініктер мен пікірлерді меңгеруіне қажеттліктерді тудыра білді ме?

г)Сабақта түсініктерді меңгеруінің деңгейі, түсініктерді анықтау барысында жіберілген қателдер.

ғ)Оқушылардың өзіндік шығармашылық ойының белсенділігі.

д)Ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыруы.

4.5. Сабақта репордуктивті және шығармашылық елестің белсенділігі.

4.6. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін қалай ескерді.

5.Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы:

5.1.Мұғалім сабақтың қай кзеңінде (сұрақ-жауап,жаңа материалмен таныстыру, пысықтау барысында),қандай мақсат пен оқушыларға сүйенді ( сұрақ қойды)?

5.2.Сабақта оқушылардың меңгерген білім деңгейін аңықтауы.

5.3.Кері байланыс тек бақылаумен ғана шектелмей, үйрету ерекшелігі болды ма?

5.4.Сабақта оқушылар қойылған бағаларды қалай қабылдады, әрі оларға қалай түсінік берілді.

5.5.Оқушылардың берген жауаптарының ерекшеліктерін мұғалімнің әрекетінде, сөзінде ескерілді ме?

6.Мұғалімнің тәрбиелік ықпалы.

6.1.Оның сыртқы клбеті, сөйлеу, әрі оқушылармен қарым-қатынас үлгісі.Сабақтағы эмоциялық жағдайы.

6.2.Оқушылардың құнды ерікті ар-ұждандық қасиеттерін қалыптастыруға мұғалімнің талап қоя білуі және оқушылардың осы талапқа көзқарасы, әсері.

6.3.Сабақта қолданған тәсілдер мен әдістердің тәрбиелік маңызы.

7.Үй тапсырманың көлемі, ерекшілігі, дифференциялдылығы.

8.Сабақ мақсатына жеткендігі жайлы қандай психологиялық көрсеткіштер арқылы нақтауға болады?

11-12 Оқу мотивтері

Оқушының білімді меңгеруінде оқу мотивациясы негізгі рөл атқарады. Көпшіліктің айтуынша, оқушылардың сабақ үлгерімінің материалы оқыту методикасының кемістігінен емес, оқуға деген түрткісінің жоқтығынан. Баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынадай екі түрлі, яғни сыртқы және ішкі түрткіден құралады. Сыртқы түрткіге мадақтау мен жазалаудың неш түрлері, жиында сынға алуы және т.б. жатады.

Ал оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз баланың өзіндік ықыласының сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуне ұмтылуынан болады. Іштей оқуға талпыну үшін, негізінде мынадай факторлар себепкер болады:



  • Оқушының іштей белсенділігі қажеттіліктің негізінде пайда болады. Сонымен қатар іштей оқуға белсенділік пен қажеттілікке оқушылардың өзара қатынасының негізінде болатын намыстану, ұялу үшін курес т.б. әлеуметтік ортасының әсерінің жемісі ретінде баланы оқуға итермелейтін негізгі себеп-түрткілер болады.

  • Оқуға талпынудағы сыртқы факторларға жататындар балаға үй іші мен мектеп тарапынан қойылатын талаптар жатады. Осының өзін оқуға байланысты мөлшерлер, яғни қалыптар деп атайды.

Оқушылардың даму және оқу процесінде таным арта түседі. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таныс белсенділігін дамытуға бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттер қалыптасуына игі әсер етеді.

Оқу мотивінің денгейі және түрлері

Мотив түрлері

Танымдық Єлеуметтік

Денгейлер

Кең танымдық Кең єлеуметтік

Оқу-танымдық Тар єлеуметтік

Өзін-өзі оқыту мотиві Єлеуметтік бірігіп жұмыс істеу мотиві

Оқыту мотиві сапасы

Мағынасы мінездеме Динамикалық мінездеме

-сезіну -беріктілік

-өз беттілік -күш және көрнекілік

-жалпылау -бір мотивпен басқасына қосылу

-мотивациялық -мотивтердің эмоционалды көрінуі. құрлысын доминирлеу

-бірнеше оқу құралын жеткізу дењгейі және т.б.

-және т.б.

Тәртіп мотивациясы екі типті болады табыс және бұзылмаудан қорқу мотивациясы. Бұндай жағдайда адам конструктивті, жағымды әрекетеріне жетуге мотивациясы жатады. Сәтсіздік мотивациясы негативті мотивацияға жатады. Бұндай типте адам активтілігі ұрысу, жәбірлеу, зорлық-зомбылық мотивациядан тұрады. Табыс мотивациясының диагностикасы мектеп практикасында бақылау әдісі арқылы зерттеледі


13-14 дәріс Білім, дағды, іскерлік туралы түсінік

Ғылым мен техниканың жылдан – жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылады.

Соған сәйкес бүгінгі таңда мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық (компьютерлік) технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Шығармашылық қабілет дегеніміз не, ол қандай өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді және оны компьютердің көмегімен тиімді дамыта аламыз ба деген мәселелерді шешуді талап етеді.

И.Д. Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс - әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.

Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді.



Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларда соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П. Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Сондықтан да біз өз зерттеуімізде автордың пікіріне қосыла, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс – тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады.

Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л. Лернердің, А.Н. Луктың, В.И. Андреевтің, А.Л. Яколевтің,

Д.Б. Богоявленскаяның еңбектері. Біздің ойымызша, осы аталған еңбектердің ішінде И.Л. Лернер мен А.Н. Луктың еңбектері ерекше назар аударарлық.

А.Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:


  1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);

  2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл - күй);

  3. ақыл – ой қабілеттері.

Біздің пікірімізше, А.Н. Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіре аламыз

  1. оқушы кез келген іс - әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс - әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны сөзсіз.

  2. Көңіл – күй – бұл кез келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады.Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың осы бағыттағы іс-әрікетке деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелігіне әсер ететіні белгілі.

  3. Кез келген іс-әрікетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін алдымен осы ақыл – ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.

Я.А. Пономарев кез келген шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің негізгі, бастысы – шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттенусіз іске аспайтыны анық. Сондай – ақ адамның «ойша» әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б. – бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады.

Біріншіден, адам, «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады;

Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, негізгі оқу іс - әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай – ақ олардың шығармашылықпен өзін - өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықталуына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады.

В.В. Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады».

Оқу іс - әрекетінде қажетті бақылау, өзін - өзі бақылау, сондай – ақ есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі ішкі жоспар бойынша әрекеттенуге және ойша жоспар құруға қолайлы жағдай туғызады.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың шығармашылық әлеуеті әсіресе, ән – күйде, ойын үстінде, техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.

Сондықтан да біздің ойымызша оқушылардың шығармашылық қабілетерін біз компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды (үйрету, жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.



3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

І – рубеждік бақылау сұрақтары.

1.«Оқыту психологиясы» ерекшеліктерін талдау, категориялық құрылымын ашу, методологиялық негіздері.

2.Үйрету модельдері, ассоциативті теориялар, үйретудің шартты-рефлекторлы теориялары туралы не білесің?

3. Бихевиоризм заңдылықтары, белгі теориялары туралы не білесің?

4.Оқыту жіктемесі, психикалық даму және оқыту про блемалары.

5.Даму мен оқытудың байланысы.

6.«Проблемалы жағдаят», «мақсат» т.б. ұғымдардың негіздері

7.Оқыту үрдісінде ойлаудың критериилері, шығармашылықтың дамуын ата.

8.Танымдық әрекеттер мен ақыл-ой әрекеттердің бірлігі.

9.Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың профилактикалық және коррекциялық жұмыстарының жалпы принциптері қандай?

10.Баланың жасына байланысты профилактикалық әдістерді неше топқа бөліп көрсетуге болады?

11.Үрей мен қорқыныштың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

12.Әлеуметтік ортаның жағдайына икемделуіне байланысты процесс қалай аталады?

13.«Артта қалу» терминін қалай түсінесіз?

14.Педагог Н.А. Румеганың курстық жұмысының атауы қалай?

15.Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі.


ІІ - рубеждік бақылау сұрақтары.

1.Оқу мотивтерінің түрлері, деңгейлері мен сапаларын ата.

2.Оқу мотивтерінің көріну формалары.

3.Оқу хабарламасын меңгеру деңгейлері мен мінездемесін көрсет.

4.Іскерлік пен дағдының негізгі түрлері. Дағдының қалыптастыру заңдары мен кезеңдері.

5.Меңгеру теориялары, білім, іскерлік, дағды түсініктері.

6.Эмпирикалық және теориялық білімдерді меңгеру.

7.М.Монтессори жасаған жүйенің басты мақсаты.

8.«Наркомания» сөзі қай тілде аударылған.

9.«Мононаркомания» дегеніміз не?

10.Балалардың қылығындағы агрессивтіліктің себебі, арылу жолдары.

11.Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы.

12.Нашақорлықтың алдын – алу жолдары.

13.Жеткіншектердің кері қылықтарын түзету жолдары.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет