А. Байтұрсынұлының әдістемелік ой-пікірлері (реферат)



Дата27.02.2022
өлшемі336,45 Kb.
#133577
түріРеферат
Байланысты:
Утебуллаева А.305 ҚБ таным 1 СӨЖ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



СӨЖ-1 тақырыбы:
А.Байтұрсынұлының әдістемелік ой-пікірлері (реферат).


Орындаған:Утебуллаева А.305 ҚБ
Қабылдаған:Сейталиева Қ


Алматы 2021-2022 ж
Ахмет Байтұрсынулы 1928 жылы жарияланған «Қай әдiс жақсы?» депаталатын мақаласында: «Әдіс керекшіліктен шыгатын нәрсе. Әдістің жаксы, жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» - деп бiлiм беру әдiсiнiң жұмсалатын орнымен байланысын баса айтқан. Осыдан бiр ғасырға жуык уақыт бұрын оқушыға білімді меңгерту жолында кандай әдiстi калай қолдану керектігі туралы сөз қозғаған ғұламаның еңбегі бугiнгi таңда жаңа ғылым салаларымен астасып, таным мәселесiн окыту жүйесiнде жана қырынан танылуда. Өйткенi қазiргi бiлiм беру саласында сабак берудiн әртүрлi үлгiлерi мен жана технологияларға негізделген әдiс тəсілдер, ойын түрлерi көптеп кездеседі. Ал бұлардын тиiмдiлiгi калай, бала білімін жетілдіруде пәнге деген сәйкестiгi каншалыкты деген сұрактардын шешiмiн әрбір ұстаз өзi табуы қажет. Қазақ тiлiн окыту барысында ойын турлерiн колдансын, озык әдiстердi колдансын, басты бағыт-шәкiрттiн тiлiн дамытып, аялык білімін арттыруға бағытталуы тиіс. Яғни, белгілі бір такырыпты окытумен байланысты шәкiрттiн сездiк корын дамыту, жана сөздерді уйрету, сөздерді уйрете отырып, жана сөз жасайтын түрлерiн менгерту, сөз бен сөздiн байланысын, тiркесiн үйрету, сөйлем құрап уйрету, ойын жазбаша сауатты дурыс жаза білуге дағдыландыру, ауызша ойларын жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге, әсіресе, тiлдiн дыбысталу жүйесін менгертуге басты назар аударылады. Осы мәселеде А.Байтұрсынұлының окытуда конiл бөлетін шеберлігі білім беру барысында шәкiрттiн сұранысын үнемi ескере келiп, онын танымына сәйкес, оку кұралдарын дұрыс пайдалану. Ал оларды меңгерту жолдарын А.Байтұрсынұлы жогарыда аталган енбегiнде егжей-тегжейлі талдап көрсетіп, әр сездiн окуы мен жазуын білдіруде «Жалкылаулы - жалпылау» әдiсi деп көрсете келе, онын «Шағын сөзді>> түрі, «Жазу-оку» түрі, «Дыбысты әдіс» деген түрлерiн бөліп береді. А.Байтұрсынұлы окушылар танымына, кабылдауына тиiмдi әдiстердi атап көрсетеді.
Ғалым еңбектерiнде көрсетiлген шәкiрттiн танымдык кабiлетiн дамыту әдiстерiнiн бiрi жалкылау (айырынкы) әдісі. Жалқылау әдiсiнiн артыкшылыгын ғалым жалпылау əдiсiмен салыстырады: «Жалкылау әдістiң>> жалпылау әдiстен артықтығын куаттайтын пiкiр XVIII гасырдын аягында 95 туды. Бастап туған жері Франция>>-дейді.Бұл әдiстiн мәнін тусiндiре келіп, жақтаушылар «Мағынасыз әріптердi, ежiктердi жаттаудан мағыналы сөздерді жаттау балаларға женiл де болады, кенiлдi де болады дейдi>>-деген пiкiр келтiредi. А.Байтұрсынұлы осы әдісті талдап, тусiндiре келе, сонында «Мұнын тәсiлi жеке балаларды окытуға жараса да мектепте көп баланы окытуга жарамсыз болып шыккан»- деп корыта келiп: «Жалкылау әдіс жалпылау әдiске карсы жөндегі әдiс. Жалпылаудын әдiсi ұсақтан iрiлету болса, жалкылаудын асылы - iрiден усактату -деп түсіндіреді. Бұл әдісте бiрiздiлiк ұстанымын ұстанганын анык байкауга болады. А.Байтұрсынұлы 1927 жылы жарык көрген «Жалкылау (айырынкы) әдiс>> атты мақаласында тiлдi окытуда жалкылау және жалпылау әдістерінің тиiмдiлiгi мен әлсіз тұстарын айта келіп, бұл мәселенi 1928 жылы ары карай ербiтiп, «Жалкылаулы-жалпылау әдiсiн» ұсынады. <<Бір жерде жалпылау, бір жерде жалкылау болып жүрген əдiс акырында екеуi жалкылаулы-жалпылау әдiсi болып, бірігеді».Бұл әдiстiн сауат ашу ушiн колданылуына карай үш түрiн көрсетеді. 1. «Шағын сезді» деген түрi. Мұнын асылы балаларга шагындап алған әр сөздiн окуы мен жазуын бiлдiру.Бул әдiсте балаларга такырып әңгімелесу аркылы меңгертiледi. Әдiстiн тиiмдiлiгi тапсырманы шагындап берiп, баланын кызыгушылығын ояту. А.Байтұрсынұлы окытуда окушынын бiлiмдi меңгеру дәрежесін ескерудi алга кояды. Окушыға оның əлі жетпейтін шамадан киын материал беруге галым карсы болған, сондыктан да сабакты женiл мәселеден бастауды катты устанган. Бұл кағида тіл дамыту iсiнде де ескерiлуi кажет, яғни тіл дамытуга катысты жұмыстар да бірте-бірте курделендiрiлiп А.Байтұрсынұлы ұстанған қағидалар тіл дамыту мәселесiнде де кұнды.
2. Жазу-оқу» әдісі. Бұл әдісті қолданушылар оқу уйретудi окудан бастаған дурыс емес, жазудан бастаған дұрыс дейді. Себебi жазу жок жерде оку жок. Окудан жазу дуниеге бұрын келген. Окуды жазу тудырган» дей келе, «оку-жазу>> әдiсi деп екеуiн катар колдануды ұсынады. Окыганды жаздыру, жазганды окыту тәсiлдерiн колдану арқылы турлендiрiп отырган. 3. <<Дыбысты әдіс». Ғалым дыбысты әдiстiн бес түрiн көрсетеді: 1) Балалармен әңгімелесу; 2) Оку уйретуге де даярлайтын жумыстар: 3) Сезбен дыбыстарды айырып шығару; 4) Әріптермен таныстыру: 5) Бiлген әрiптерiнен сөз кұрау, соны оку».А.Байтұрсынұлы сауат ашуга багытталган әдістердің алғы түрлерiн ұсына келе, шәкірттің танымдық бiлiмiн арттыра түсу үшін әңгімелесу әдісін усынады. Әңгімелесу әдiсi <<бұл балалардын бойын уйрету ушiн iстеледi. Ғалым: «Әңгіме балаларды қозғайды. Әңгiмелесе-əнгімелесе барып, сол нәрсе турасында жумбактар, өлендер сиякты нәрселердi 96 айткызады немесе өзі айтады. Бұл әңгiменiн пайдасы - алынган нәрсенi балаларға анық танытып, бiлiм бередi, сойлесуге бойын да, тiлiн де үйретедi>. -деп түсiндiредi. Бул эдiстiн ерекшелігі білім алушының тiлiн дамытады, сейлеу мәдениетін калыптастырады, танымын кеңейтедi. Сонымен катар, әнгімелесу әдiсiнiн пайдасы «әнгімелескеннен кейiн балалар окытушыға үйiр» болатындығын айтып, бала мен окытушы арасындагы карым катынаска да баса назар аударады. «Әңгiме аркылы балалар мектептегі нәрселердiн аттарымен, журу-тұру жүзiндегi тәртіптерімен танысады» -деп, шәкiрттердiн танымын кеңейтудi де көздейді.
Қорытындылай келе, аталған әдістердің барлығы тілді оқытудағы окуга, жазуға үйретудің, машықтандырудың тиімділігі, адамнын танымдық кабілеттерінің мүмкіндіктерін жетілдіру үшін берілген. Алайда, ғалым халықтың ұлттық болмысын басты назарға алып, тіпті окыту барысында колданған мысалдардын өзі «сөз мәйегi мақалдардан» тұрады. Сондықтан А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің құрылымдық жүйесiн калыптастырып, оку құралын ғана жазып қоймай, оқытуда тілдің танымдық қызметі арқылы танымдық әдісті қолданғанын байкаймыз. Бүгінде мақал-мәтелдер арқылы ұлтты, мәдениетті, сол халықтың өмір сүрген ортасын, когамын тану мүмкіндігі туып отыр. Сол тілдің танымдық қызметін жоғары бағалаған А.Байтұрсынұлы оқыту әдістеріне арқау етіп, оқу құралдарында пайдаланған. Ғалым кай мәселенi окытса да, сол такырыпка берілген тапсырмасында қазақтың мақал-мәтелдерi, қазақтың ұлттық болмысын танытатын шағын мәтіндер берген. Мысалы: «Жаксынын жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын», Шортанның өзі өлсе де, тiсi елмес, адамнын өзі елсе де, iсi өлмес», «Білімсізбен алыспа, текке өмiр тауыспа», «Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер», «Бас екеу болмай, мал екеу болмас», «Үйдің жылы-суығы қыс келгенде білінер, кімнің алыс-жуығы іс келгенде білінер», «Асың барда ел таны, атын барда жер таны», «Тау тауға косылмайды, адам адамға қосылады».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет