1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет175/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер: 
Критерийлер, критериалдық бағалау, жиынтық бағалау, қалыптастырушы бағалау.
Қазіргі кезде білім сапасын бағалау жүйесін 
жаңарту өзекті мәселелердің біріне айналды. Бес 
балдық бағалау қазіргі заманға сай білім жүйесін 
қанағаттандырмайды.
Озық технологияларын қолданып, білімді меңгерту 
әдістері жетілдіргенімен бағалау бұрынғы жүйеде 
қалды. Сондықтан оқушы танымындағы өзгерістер мен 
жетістіктерді бағалау сипаты арасында қайшылықтар 
қалыптасты. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі білім 
сапасын бағалау жүйесін жаңартуды талап етіп отыр.
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара 
түсіністік және ұжымды қарым-қатынасты орнату, 
оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін жою, 
мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу үшін критериалды 
бағалауды қолдану керек.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыра-
тын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс бары-
сында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты 
мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-
танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші бола-
тын, айқын анықталған, ұжым мен шығарылған, білім 
процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі 
критериялар мен оқушылардың оқу жетістіктерін 
салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: ал-
дын ала ұсынылған бағалау шкаласының ұсынылуы, 
оның анық айқындылығы, бағаның әділ қойылуы, өзін 
бағалауға мүмкіндіктердің берілуі. Критерий оқыған 
бағдарламаға сай алынады. Әрбір жетістік балмен 
және дескриптор арқылы белгіленеді.
Математика сабақтарында критериалды бағалауды 
қолдану, оқушылардың танымдық қабілеті мен ой-
лау деңгейін арттыруға көмектеседі. Оларды табысқа 
жетелейтін жол көрсетеді, өзін және өзгелерді 


199
бағалауды үйретеді, оқушыларды сыни ойлауға өз 
ойын айтуға өзінің білімін көрсетуге мүмкіндік 
береді. Мұғалімдер сапалы нәтижеге әкелетін кри-
терийлер құрастыру арқылы оқушылардың білім 
алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын 
айқындауға, 
бағдарламаға 
сәйкес 
оқушының 
дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. 
Оқушы білім алу барысында алған өз бағасының 
әділдігіне көз жеткізеді. Білімнің меңгерілуі туралы 
оқушы мен мұғалім мен ата-ана арасында кері байла-
ныс орнайды. Критериалды бағалауда тек оқушының 
жұмысы бағаланды. Оқушы орындаған жұмысын ал-
дын-ала белгілі үлгімен салыстырды. Оқушы өзінің 
жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау 
алгоритімін біледі. Жіберілген қателермен жұмыс 
істеп оқушы өзінің даму жетістігін бақылап отырады.
Критериалды бағалау екі түрлі бағалауды қамтиды: 
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау:
-оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (шағын өз беттік 
жұмыс, тест т.б.);
-оқушыларға өзінің жұмысын түзетуге, үлкен 
жетістіктерге жетуге көмектеседі;
-мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі тура-
лы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты 
жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізді.
Жинақтаушы бағалау:
-тақырыптық немесе бөлімінің оқытуды аяқтау 
кезінде жүргізілді (бақылау жұмыстары немесе зачет-
тар).
-оқушыларға 
оқылған 
тақырып 
бойынша 
жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
-мұғалімге 
оқушылардың 
жетістігі 
туралы 
қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау кері байланыс қызметін 
атқарады. Оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі тура-
лы ақпарат алады. Егер оқушы аралық жұмыстарды 
жеткілікті түрде жақсы орындамаса, оның қорытынды 
жұмысқа дейін уақыты бар. Сондықтан аралық 
жұмыстардағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса, оны 
оқушы өзіндік тәжірибелерін жетілдіруге берілген 
ұсыныс ретінде қабылданды. Себебі тоқсандық бағаны 
жинақтаушы бағалау негізінде қою ұсынылады. Тоқсан 
ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды 
жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижесімен тоқсандық 
баға шығарылады.
Математика пәні бойынша оқушылар жетістігін 
бағалау үшін төрт критерий алынды. Критерийлердің 
атауы мен олардың қысқаша мазмұнының сипаттама-
сын төмендегідей таблицада ұсынып отырмын.
Математика пәні бойынша критерийлердің мазмұны:
Критерийлер
Дескрипторлар
Білу және түсіну
Оқушы оқылған материалды білетін және 
түсінетінін көрсетеді, алған білімдерін стандартты 
және өзгертілген жағдайларда қолдана біледі
Қолдану
Оқушы қандайда бір есепті математикалық әдістерді 
қолданып зерттейді, заңдылықтарды анықтайды, мате-
матика тілінде олардың өзара байланысын сипаттайды
Сыни ойлау және зерттеу
Оқушы қандайда бір есепті шығару кезінде керекті 
формулалар, теоремаларды, ақпараттарды талдайды, 
синтездейді, қолдана алады
Коммуникация және рефлексия
Оқушы сәйкесінші ғылыми терминологияны және 
шартты белгілеулерді қолданып, ақпарат бере алады
Критериалды бағалауда міндетті түрде дескрип-
торлар құрылуы керек. Дескрипторлар оқушының 
жетістік деңгейінің дәл сипаттамасын және оларға 
берілетін ұпай санын көрсету керек. 
Оқушы осындай аралық жұмыстарды орындай 
отырып, өзінің жетістігін бағалайды, қорытынды 
бақылауға дайындалады. Қортынды бақылауға 
берілетін тапсырмаларға осындай критерийлер 
ұсынылады, тек тапсырмаларды күрделендіріп алуға 
болады. Тоқсан ішінде математика пәні бойынша 
жиынтық бағалау үшін екі-үш қорытынды жұмыстар 
жүргізіп, соның негізінде тоқсанды баға шығару 
ұсынылады.
Тексеру бетшесі тақырыпты меңгерудің жоспа-
ры іспетті. Тексеру бетшесі тақырып бойынша 
қалыптасатын негізгі біліктерді айқындап, олардың 
қалыптасу деңгейін оқушылардың өздерінің тексеруге 
мүмкіндігін береді, тексеру бетшесі үш рет толтыры-
лады. Оқушылар тексеру бетшесінің бірінші бөлімін 
толтырады, егер оқушы өз біліміне сенімді болса, - «+» 
белгісін, дәл білмесе – «+/-» белгісін, мүлдем білмесе – 
«-» белгісін қояды. Үшінші баған қорытынды бақылау 
жұмысының алдында толтырады 2-ші бөлімді мұғалім 
өзбеттік жұмыс пен бақылау кесінділерін тексеру 
кезінде толтырады.
Барлық оқушыларды оқу үрдісіне қатыстыра оты-
рып, тексеру бетшесінің жүйелі жұмыс істеу, критери-
алды бағалауды қолдану оқушылардың оқуға деген мо-
тивациясын арттырады. Оларды оқу үрдісіне белсене 
қатыстырып, өзін-өзі дамытуға жетелейді. Өздерінің 
мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, жеке тұлға ретінде 
дамуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет