1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКшЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ



Pdf көрінісі
бет183/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

211
ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКшЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ 
АУМАҚТАР – ҚОРЫҚТАР МЕН ҚОРЫҚшАЛАР
Тілеулинова Нагира Нурсупатовна
География пәнінің оқытушысы 
Алматы автомобиль-жол колледжі
Алимбай Салтанат Серикбайкызы
География пәнінің мұғалімі
Шоқан Уәлиханов атындағы №12 гимназия 
Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы форма-
сы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүниежүзілік 
тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекелеген 
елдерінде қорық ұйымдастыру ХІХ ғасырдың басқы 
кездерінен бастап жүзеге аса бастағаны көрсетіледі. 
Ал, оны алғашқы нәтижелердің бірі – тіптен 1872 
жылы Америка жерінде ұйымдастырылған алғашқы 
ұлттық парктер ( бақтар ). Одан соң Канада, Афри-
ка, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. материктерде 
қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылғаны 
белгілі. Ресейде 1874 жылы Аскания – Нова ұлттық 
бағы құрылған болатын.
Қазіргі кезде жер шарында қорықтарға қарағанда 
ұлттық бақтардың саны әлдеқайда көп. Оның себебі, 
шет елдерде қорықтар аймақтары шектелген табиғат 
қорғау жүйесі болғандықтан, табиғатты қорғау үшін 
ұлттық бақтар ұйымдастыру әлдеқайда ұтымды екенін 
дер кезінде түсіне білді. Шын мәнінде, табиғатты 
қорғау оның аймағымен шектелмеуі тиіс, керісінше 
барлық жер адам баласы үшін саялы бақ, құтты 
қонысы болуы керек. Ал, Қазақстан Республикасы 
бойынша 9 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор ( оның 44 
зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палентологиялық), 6 
ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері 
бар. Әрине, біздің аумақтың көлеміне шаққанда 
қорғалатын жерлер барлық жердің 3 пайызын қамтиды. 
Мұның өзі табиғат қорғау проблемасының өз шешімін 
таппай отырғанын көрсетсе керек. Дегенмен, респу-
бликамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары 
қолға алына бастады. Мәселен, соңғы жылдары Батыс 
Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, Ал-
тынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатауы ұлттық 
парктерінің құрылуы осының айғағы болса керек. 
Егеменді Қазақстан жері жақын жылдары Қаратау, 
Қапланқыр, Балқаш, Ерейментау, Торғай т.б. көптеген 
қорықтар мен ұлттық парктердің отанына айналары 
сөзсіз. Негізінен ландшафтарды қорғаудың 10 кате-
гориясы бар: қорықтар, қорыққорлар, ұлттық пар-
ктер, табиғат ескерткіштері, қорғалатын ландшафтар, 
табиғат ресурстарының қорық-қорлары, биосфералық 
қорықтар, микроқорықтар (омыртқасыз жәндіктер мен 
өсімдіктерге арналған), табиғат обьектілері және көп 
мақсатта қорғауға алынған жерлер (Сурет-1). 
Қазақстанның қорықтары
( ҚР экологиялық проблемалары ОӘК 2010ж автор
Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жабайы 
жануарлар дүниесі өкілдеріне бай өлке. Өздеріңізге 
белгілі, олардың арасында туған өлке топырағына 
ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің эндемикалық 
түрлерімен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері бізге 
жеткен реликт және толып жатқан себептерге бай-
ланысты азайтып кеткен түрлері де аз емес. Айталық, 
жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне 
хайуанаттардың 87, өсімдіктердің 306 түрі іліккен 
екен. Қайткен күнде де, олардың жерімізден ғайып бо-
лып кетпеуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктейді. 
Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары 
бар. Солардың ішіндегі ең тиімді жолы-қорықтар мен 
табиғи парктер, қорыққор мен табиғат ескерткіштерін 
ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен хайуанат 
парктерін құру. Осы аталған табиғат лабора- торияла-
рына жүктелген жауапкершілігі мол игі істер жайын 
қарастырып көрелік.
Қорықтар - бұл табиғат обьектілерін қорғаудың 
ең жоғарғы формасы. Қорық аймағы шаруашылық ай-
налымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс 
жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп 
шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат 
байлықтарын нұсқан келтіретін әрекеттерге тыйым 
салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикат-
тарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен 
хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен 
айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, 
сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің 
үлгісі, ретінде қорғалуы қажет. Бұл жерлердегі 
экологиялық процестердің барлығы адам араласуын-
сыз табиғи жағдайда өтеді. 
Мониторинг-1
Қазақстанның облыс аймақтары бойынша қорық, 
қорықша, ұлттық саябақ мониторингі
Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол 
себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан 
астындағы нағыз « табиғат лабораториясы » деп те 
атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат 
комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерт-
теу, «табиғат жылнамаларын » жүргізу сияқты алуан 
түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек 
саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуа-
наттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа 
алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті 
табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері 
сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ 
ұрпаққа табиғат байлықтарын кемелі- не келтіре 
көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын 
орны ерекше[20].
Шындығында да, кең-байтақ республикамыз-
да қорықтардың жетіспеуі кімдіболса да ойлан-
дырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары 
ұйымдастырылған « Ақсу-Жабағылы» (1926), «Ал-


212
маты» (1934), «Наурызым» ( 1959 ), 
«Барсакелмес» ( 1939 ), « Қорғалжын » ( 1968 ) және
«Марқакөл» ( 1976 ), «Үстірт» (1984 ), «Батыс Ал-
тай» ( 1992 ), «Алакөл» (1998) қорықтары бар
Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың 
табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес 
қосып отыратындығын айта кетпеске болмайды.Енді, 
Қазақстандағы қорықтардың бүгінгі жайымен таны-
сып, республикамыздағы қорық ұйымдастыру ісінің 
ертеңіне көз жібергеніміз жөн секілді.
Наурызым мемлекеттік қорығы. Қорық- Қостанай 
облысының Наурызым және Семиозер аудандарының 
терри- ториясында 1934 жылы ұйымдастырылды. 
Ол кезде жер көлемі 320 мың гектар болатын. Бұдан 
кейін бірнеше рет басқа ведомстволарға ауысып
қайтадан өзгеріп отырды. Әрине, бұл ізсіз қалған жоқ, 
күтімсіздікке ұшырады, бірнеше рет өрт болды. Жер 
көлемі де кеміді.Наурызым қорығы бірнеше жеке 
учаскелерден тұрады.Онда Терсек, Сыпсың және На-
урызым орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сары-
мойыл көлдері бар. Олардың құрамына 5 мың гектар 
бетегелі-жусанды тың жазық дала кіреді.
Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай 
ойпатында орналасқан. Ғалымдардың деректері бой-
ынша бұдан 20 мың жыл бұрын бұл жерді мұз басып 
жатқан. Мұз ери келе оның суы «Торғай қақпасы» 
арқылы Арал теңізіне құйыла береді. Ғасырлар бойы 
мұз терістікке қарай шегіне берді, сонымен бірге 
суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар да шегінді. 
Бұл арада ауа райы құрғап, жылына бастады. Сөйтіп, 
қазіргі Наурызым ауданының жерінде жартылай 
шөлейттің белгілері бар дала пайда болды. 
Наурызым мемлекеттік қорығы 1959 жылы 
ұйымдастырылды. 
Наурызым қарағайлы орманы көне заманның 
жұрнағы. Орман алқабы негізінен қайыңнан тұрады. 
Оның шет жағасында далалы жерге тән бұтақтар 
кездеседі. Бұта мен ағаштардың аралықтарындағы 
аралдарда көбіне құм селеу немесе құм бетеге 
кездесетін құмды дала орналасқан. Бұл ормандар 
құстар мен хайуанаттарға жақсы пана болады. 
Наурызым қорығы- арнайы жасалған табиғи музей 
десе де боларлық. 
Сонымен қатар, қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Са-
рымойын атты көлдер бар. Аталған көлдер, әсіресе, 
көктем мен күз айларында нағыз құс базарына ай-
налады. Мұнда солтүстікте тіршілік ететін құстар 
жылы жаққа барар және қайтар жолда дем алуға 
отырады. Селеу өскен жазық далалар мен орман-
дар ара- сында аң мен құстардың көптеген түрлері 
кездеседі. Жалпы қорық аймағында құстар 200-ден 
астам, сүт қоректілердің 30, қос мекенділер мен ба-
уырымен жорғалаушылардың 10-нан астам және 
омыртқасыздардың 700-ге жуық түрі мекендейді. Ал, 
өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік 
етеді [15].
Қорғалжын мемлекеттік қорығы. Бұл қорық Ақмола 
облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Ол Тың 
өлкесінің табиғатының әсем де бағалы жерін қорғау 
мақсатында 1958 жылы ұйымдастырылған. Қорық 
қорғалжын көлінің оңтүстік жағалауын алып жатыр. 
Жер көлемі 183,7 мың гектар, құрамына Асаубұлақ, 
Қоқай, Есей, Қорғалжын және Теңіз көлдері енеді. 
Бұл жерде қорық ұйымдастырудың өзінше ерекшелігі 
бар. Көктемде осы су торабы арқылы Каспий теңізі 
жағалауында, Пакистан, Үндістанда және Солтүс- 
тік Африкада қыстап шыққан жыл құстарының 
солтүстікке қарай ұшу жолы өтеді. Бұл кездерде 
көптеген құстардың мамырлауына өте ыңғайлы орын 
[5].
Қорғалжын көлінде суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі 
кездеседі. Олардың ішін- де құрақ, қоға, көл қамысы 
және жебе жапырақ кең тараған. Ал көл жүйесінде 
де түрлі өсімдіктер көп-ақ. Әсіресе, көлдің оңтүстік 
жағалауының едәуір жерінде құрақ қалың өседі. Суда 
қалқып жүретін және суға батып тұратын өсімдіктерден 
балық оты және қаз оты жиірек өседі. Судың асты-
үстінде және оның бетінде қалқып өсетін өсімдіктердің 
жиынтығы көлдің барлық көлемінің шамамен 80 пай-
ызын алады. Мұнда фитопланктонның – суда қалқып 
жүретін жиынтығының 167 түрі бар. Олардың ара-
сында, әсіресе көкжасыл балдырлар көбірек кездеседі. 
Фитопланктондар су құстары мен балықтардың қорегі. 
Теңіз көлінде судың бетінде өсетін өсімдіктер болмай-
ды, бірақ мұнда кейбір балдырлар мен фитопланктон-
дар мол кездеседі. Қорықтағы өсімдіктер бірлесті- гін 
қорғаудың жан-жануарлар дүниесі үшін мәні зор.
Қорғалжын қорығының ауа райы, өсімдіктері сияқты 
жер жағдайына сәйкес жануарлар дүниесі де әртүрлі. 
Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген 
халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар 
қатарына жатқызылған. Қорық аймағында құстардың 
225 түрін, сүт қоректілердің 30 түрін, қос мекенділер 
мен бауырымен жорғалаушылардың оншақты түрін 
кездестіруге болады. Қорғалжын көлінде балықтардан 
шортан, мөңке, қарабалық, аққайран, шабақ, алабұға, 
сазан мекендейді. Қорғалжын және Теңіз көлдерінің 
басты табиғи байлықтарының бірі- су құстары. Бұл 
көлдерде олардың 119 түрі жұмыртқалайды, 106 түрі 
мұнда қоныс аудару және қыстайтын жеріне қайту 
кезінде мекендейді. Олардың барлығы да қамқорлыққа 
алынған. Әсіресе, дүниежүзі бойынша сиреп кеткен 
қоқиқазды қорғап, қорын молайтуда қорықтың алатын 
орны ерекше. Бұл елімізде, тек Қазақстан жерінде- 
осы Теңіз көлінде ұялап, жұмыртқа салады (Сурет-2).
Сурет-2
Қорғалжын көліндегі қоқиқаздар
Қоқиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек 
кездесетін аққу, бұйра бірқазан, қызыл жемсаулы 
қарашақаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар 
тіршілік етеді.
Марқакөл қорығы. Республикамыздағы ең жас 
1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл 
мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы 
Күршім мен Азу жоталарының аралығында жа-
тыр. Үстіміздегі ғасырдың басында Марқакөлдің 
атағы көп әйгілі болатын. Бұған себеп болған көлдің 
балықтары еді. Көктемде балықтар уылдырық шашу 
үшін өзендерге орын ауыстырған кезде де көп ауланып 
келді. Ол кезде Марқакөлде жеті жүздей балықшы 
кәсіп жасапты. Осы жолмен көл балығын жүйесіз 
аулаудың салдарынан балық қоры азайып кеткен.
Сонымен бірге көл төңірегіндегі тау беткейлерінен 


213
орман ағаштарын жаппай кесу етек алғаннан кейін
жалаңаштанған тауларда бұрын тіршілік еткен өзен 
кәмшаты мүлде жойылып кетті, бұлғын, марал, тиін 
және суыр азайып кетті, оларды көру қазір қиын. 
Марқакөл айналасындағы табиғат байлығының аза-
юы облыс жұртшылығын барынша алаңдатты. Көл 
өңірінде 1947 жылы орман алқабын қорғайтын орман 
шаруашылығы құрылды [4].
Ал 1970 жылы көл жағалауын қорғау аймағы 
пайда болды. Қорықтың ұйымдастырылғандағы 
негізгі мақсаты- маңайда сирек кездесетін бағалы 
аңдарды, құстарды, өсімдіктерді және көктемде балық 
уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғап, соны-
мен бірге орман мен айдын көлдерін, тау өзендерінің 
әсем табиғатын табиғи қалпында сақтау. 
Марқакөл мемлекеттік қорығының аумағы 71 369 
гектар.Марқа жағалауы жасыл желек жамылған ну 
орманға тұнып тұр. Ақ қайың тал, көктерек, үйеңкі, 
долана, мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және 
оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай бой 
түзеді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер дүниесі де 
өте бай. Көлде балықтың негізгі төрт түрін айырықша 
атауға болады. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар 
«Қызыл қашаған» деп атап кеткен майқан немесе қаяз 
балығы, хариус, талма, теңге балық ( пескарь ) ойнақ 
салады. Майқан балығының көлемі 46-70 см келетін 
шоғырланбай, бытырап жүріп тіршілік ететін балық. 
Хариус-өте бағалы, еті дәмді, мұз ерісімен уылдырық 
шашып көбейетін, көлемі 20-30 см, салмағы 450 грамға 
жететін балық. Теңге балықтың денесінің көлемі 20-
30см, салмағы 450 грам, уылдырығын мамыр-маусым 
айларында шашады. Талма балығы-көбірек ауланатын, 
кәсіптік мәні бар балық, соңғы жылдары азайып кетті.
Кейінгі кезде жүйесіз жинаудың нәтижесінде 
өндірістік мақсат үшін алтын тамыр қорының 
азайғандығы байқалып отыр. Өндірістік мақсат үшін 
алтын тамыр шикізатын жинаған кезде мынадай 
жағдайларды ескеруі тиіс. Шөп тоғайының 20 пай-
ызын ғана жинап, 80 пайызын қалдыру керек. Бұдан 
көп жинаса табиғи шөп тоғайы қайтадан қалпына 
келе алмайды. Өндірістік мақсатта көптеп жинаудың 
салдарынан бар болғаны жиырма жылдың ішінде 
алтын тамырдың табиғи қоры күрт азайып, табиғат 
қорғаудың одақтық Қызыл кітабына еніп отыр. Ал-
тын тамырды өндірістік мақсатта пайдалану үшін 
ғылыми негізделген, жоспарлы түрде жұмыс істейтін 
арайы комплексті шаруашылықтар ұйымдастыру ке-
рек. Ол мынадай мақсатты көздеуі тиіс :
-табиғи қорын азайтпай, қолдан тұқымын себу 
арқылы көбейте беру;
-олардың өнімін, құрамындағы экстракт заттарын 
табиғаттағысынан жақын етіп арттыру;
- өнімді және шипалы сапасы жоғары формаларын, 
сорттарын шығару.
Бұл шараларды орындауға бүкіл ел болып атсалысқан 
жағдайда алтын тамырды болашаққа сақтап қалуға бо-
лады.
Басакелмес мемлекеттік қорығы. Арал теңізінің 
солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда 
орналасқан. 
1929 
жылы 
аралда 
аң 
шаруашылығы 
ұйымдастырылған болатын. Сол кезде аралға терісі 
бағалы зорман, сұр кекілік, қырғауылдар, ор қоян, 
қарақұйрықтар және ақбөкен сияқты бағалы хайуа-
наттар жіберілді. Олар аралда жақсы жерсініп, 1935 
жылдың өзінде жоспарлы түрде аулана бастады. 
Осы аңшылық шаруашылығының негізінде қорық 
ұйымдастырды. 
Аралдағы назар аударуға тұрарлық өсімдіктің бірі- 
жыңғыл. Жыңғыл тоғайы алыстан қызғылт, күлгін 
түсті ғажайып орман болып көрінеді. Жыңғылдың 
ұзын шашақ тәрізді гүл шоғырында өте ұсақ мыңдаған 
гүлдер өседі.Әлгі бүкіл тоғайды түрлі түске бояп 
тұрған осы гүлдер. Жыңғылдың осы қасиетіне бай-
ланысты ауыл-селоларды көгалдандыру жұмысына 
пайдалануға болады. Сондай-ақ, жыңғылдың құмды, 
қарды тоқтатуға үлкен мәні бар. Жыңғыл орманын алу-
ан түрлі құстар, жан-жануарлар пана етеді. Сондықтан 
бұл өсімдікті қорғаудың мәні бар.
Қорықта жыртқыш аңдардың түрі онша көп емес. 
1948-1949 жылдардың өте аязды қысында аралға 
мұз арқылы түлкі және қарсақ енген. Әсіресе түлкі 
бұл жерде тез көбейді. Қорықта таралған жан-
жануарлардың арасындағы көбірек кездесетіні-құстар. 
Жыл құстары келер және көктемде жылы жаққа са-
пар шегер кезде аралда құстардың көптеген түрлері 
жиналады. Солардың ішінде қарабауыр бұлдырық, 
итала қаз, қарақал, ителгі, бөктергі, бозторғайлар 
мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан жұмырбас 
және жүгіргіш кесірткелерді, ысылдағыш гекконды, 
қалқантұмсық жыланды ұшырастыруға болады. Көп 
жылдар бойы қорықта тұяқты жануарларды зерттеу 
жұмыстары жүргізілді. Арал теңізінің қазіргі про-
блемасына байланысты бұл қорықты сақтау, ондағы 
қазіргі күнде жүріп жатқан табиғи даму процестерді 
және болып жатқан өзгерістерді ғылыми зерттеу
ғалымдардың міндеті.
Ақсу-Жабағайлы 
мемлекеттік 
қорығы. 
Республикамыздағы ең ежелгі қорықтарының бірі- 
Ақсу-Жабағылы. Қорық 1926 жылы құрылған. Ол 
Шымкент пен Жамбыл облыстарының шекарасына 
орналасқан, жер көлемі 74 416 гектар. Қорық Талас 
Алатауы мен Угам жоталарының ең бір шұрайлы, 
табиғаты көркем жерінде жатыр. Ұшар басын қар 
басқан тау шыңдарының биіктігі 4 мың метрге дейін 
жетеді. Оның етегінде әдетте шалғынды шөптер 
болмайтын тундралық аймақ болып келедіде, одан 
төменіректе альпі белдеуі басталады. Бұл белдеудің 
негізгі өсімдігі аршалар. Қорықтың аты Арыс өзенінің 
салалары - Ақсу және Жабағылының атына байланы-
сты қойылған. Ағысы қатты бұл тау өзендерінің қос 
аңғары жарқабақты тік келеді [3].
Ақсу-Жабағылы қорығының негізгі өсімдігінің 
бірі- арша. Қара арша қорық- тың Кіші және Үлкен 
Балдыбірек өзендері төңірегінде 3300 гектардай 
жерді алып жатыр. Сауыр аршасы қорықта басқа 
арша түріне қарағанда көбірек таралған, көлемі 5200 
гектардай. Оны 1700-1900 метр биіктіктен көреміз. 
Балғын аршасы қорық жерінде субальпі белдеуіне тән 
тұтасып өседі, мұнда 11 мың гектардай жерді алып жа-
тыр. Қара арша Ақсу өзені маңында тау жынысының 
күңгей бетін ала, 1200 метр биіктіктен бастап өседі. 
Қазір арша орманының көлемін ұлғайту мақсатымен 
қорықта біраз жұмыстар істелуде [9]. 


214
Жалпы Ақсу-Жабағылы қорығы мен оның айнала-
сында өсетін мыңнан аса өсімдік түрлерінің 18 түрі 
одақтық Қызыл кітапқа енген. Өте аз және құрып кету 
қаупі бар түрлерге жабайы өсетін недзвецкий алмасы 
және искем жуасы жатады. Бұлардан басқа аз кездесетін 
өсімдіктерге мыналар жатады: примула, маргаритка 
шуровскиясы, Культиясов шренкиясы, аққаңбақ түсті 
бозтікен, ірі жапырақ кузиния, Грейг қызғалдағы, Ка-
уфман қызғалдағы, Северцев коральковиясы т.б. Грейг 
қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан 
қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 
енгізілген. Грейг қызғалдағы Ақсу- Жабағылы 
табиғи қорығының аумағында теңіз деңгейінен 2300-
2400 метр биіктіктегі тау бөктерлерінің құрғақ та-
сты беткейлерінде арша мен бұта өскен жерлерде 
кездеседі. Оның сабағы тік, жанырақтары қою жасыл 
түсті, әрі тығыз болып келеді (Сурет-3).
Сурет-3
Грейг қызғалдағы
Сурет-4
Жануарлар дүниесі
Үстірт қорығы. Қорық 1984 жылы Батыс 
Қазақстандағы Маңғыстау аймағы Ералив ауданында 
құрылған еді. Қорықтың жалпы көлемі 223,3 мың гек-
тар. Орталығы қорықтан 200 шақырым жердегі Жаңа 
Өзен қаласы. Қорықтың алып жатқан жері Арал мен 
Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық 
пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Суға тапшы келеді. 
Жер үсті сулары жоқ. Құрылуының негізгі мақсты- 
шөл белдемдеріндегі ерекше табиғи ландшафттарды, 
сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың 
қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап 
қалу болды. Қорық аймағында Қазақстанның 
« Қызыл кітабына » енген түз тағыларының 12 
түрі кездеседі. Әсіресе, халықаралық деңгейде 
қорғауға алынған қарақұйрық, үстірт қойы ( муф-
лон ), қабылан, қарақалдардың тіршілік етуі ерекше 
орын алады. Сол сияқты қорық аймағында құлақты 
кірпі, құм тышқандары, қосаяқтар, кесірткелер мен 
жыландардың да көптеген түрі сақталған. Қорықтың 
өсімдіктер жамылғысы ерекше. Мұнда қатаң климатқа 
бейімделген қара сексеуілді ормандар, изен-жусанды 
жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, баялыш, эфе-
мерлер өседі. Ал, тоқтау суларда, бұлақтар төңірегінде 
қамыс, қоға жайқалып тұрады [11].
Қорықта жиі ұшырасатын құмды алқаптардың 
табиғаты ерекше келеді. Онда өсімдіктерден еркек 
шөп, жүзген, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, 
жыңғыл, қара сексеуіл кездеседі (Сурет-5). Қазіргі 
кезде Үстірт қорығында үстірт қойының, қарақұйрық, 
үнді жайрасы, қарақал, қабыландардың табиғаттағы 
саны өсіп, әрі тұрақтанып келеді. Бірақта, соңғы жыл-
дары қорықта аталған хайуанаттардың саны азаюы 
байқалған. 
Сурет-5
Үстірт қорығы
Батыс Алтай қорығы. Батыс Лениногор, Алтай 
қорығы Шығыс Қазақстан облысының және Зы-
рян аудандарының аймақтарын қамтиды. Ол 1992 
жылы құрылған. Жер көлемі 30,73 мың гектар. Қорық 
қазақстандық Алтайдың Линей, Холзун, Кокшин атты 
тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аймағында Ақ 
және Қара Уба өзендері мен Кедрово және Щербако-
ва көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар.Қорықтың 
климаты Азия және Оңтүстік Сібір аймақтарына тән 
құбылып отырады.
Алматы мемлекетік қорығы. Іле Алатауының төрінен 
орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы қаламыздан 
небәрі 25 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл қорық 
1934 жылы 6 мамырда құрылды. Бастапқыда қорық 
ұйымдастырған жердің көлемі 15 мың ғана гектар 
алқапты қамтыса, кейіннен оған көптеген жерлерді 
қосуға байланысты 40-шы жылдардың басында Алма-
ты қорығының жалпы аумағы 857 мың гектарға жетіп, 
ол ерекше маңызы бар қорықтар қатарына енді. Сол 
кезде, оның қамтыған аймағы бүкіл Іле Алатауынан, 
сонау Сөгеті жазығынан Каскелен өзені аңғарына 
дейінгі аралықты алып жатқан болатын. Оның 
құрамына Іле өзенінің жағалауы да кірген еді. Алай-
да, соғыстан кейінгі жылдары түрлі себептерге бай-
ланысты қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, тіпті 
кейіннен жабылып та қалды. 
Алакөл қорығы. Алакөл қорығы Алматы облысының 
Алакөл ауданының аймағында орналасқан. 1998 жылы 
құрылған ең жас қорық. Көлде су өсімдіктерінің 22 
түрі өседі. Олардың негізгілері сары дүңгіршек, атқы 
жапырақ, су тұңғиығы.
Алакөл қорығының фаунасы да сан алуан. Мұнда 
сүтқоректілердің 28 түрі кездеседі. Сүтқоректілерден: 
қабан, елік, түлкі кездессе, ал су айдынында құстар 
жыртылып айырылады. Құстардың 180 түрі тіркелген. 
Оларды сулы-батпақты, су жағалауында тіршілік 
ететіндер деп топтауға болады. Әсіресе, шағалалар, 
бірқазандар, аққу жиі кездеседі. Мұнда соңғы жылда-
ры ғылымға тіркелген реликті шағаланың орны бөлек. 
Ол ТМД елдерінің қызыл кітабына енген құс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет