- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингімнің тақырыбы: «Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ » деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасына байланысты. Ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жүргізу арқылы баламыздың өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүруіне ықпал жасай аламыз.

Ұйымдастыру кезеңі (шаңырақты бейнелеу) Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
1. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
2. Балаңыздың тәтті қылықтарына қалай жауап бересіз?
3. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Жағдаят шешу
«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз.Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
Балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?
Жақсы Адамгершілігі мол Еңбекқор Инабатты Мәдениетті Тәртіпті Тіл алғыш Сыпайы
“Тілек шырағданы”
Қорытынды:
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін, бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін!