219
дер тәжірибесінен де үлгі алған дұрыс. Жапони-
яда ағарту саласы қызметкерлері туралы арнайы
заң бар. Сол заңда мемлекеттік, префектуралық
және муниципалдық білім беру мекемелеріндегі
мұғалімдер мәртебесі мемлекеттік қызметкер деп
белгіленген. Бірақ осы Алматыда, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен
мұғалім мәртебесін талқылау кезінде Э. Субханбер-
дина мұғалімдерді мемлекеттік қызметкер ретінде
қарай алмаймыз. Себебі мемлекеттік қызметкерлер
тек мемлекеттің ғана рұқсатымен шетелге шыға ала-
ды. Бұдан өзге де шектеулер болады. Сондықтан да
біздің мұғалімдерге мемлекеттік қызметкер дәрежесін
бере алмаймыз деген болатын. Білім беру саласы-
на жан-жақты дайындалған, білікті маманды тар-
ту үшін олардың жалақысы өзге қызметкерлерден
жоғары болу керек. Дамыған елдердің көпшілігінде
мұғалім жалақысы жоғары деңгейде. Финляндияда,
Қытайдамемлекеттік қызметкер жалақысынан кем
емес ақы алатындықтан, барын ұлты, мемлекеті үшін
салатын мұғалімдер ұрпақ тәрбиесінде, білім беруде
аянбай еңбек етеді.
Уақыт дәлелдегендей, денсаулық пен білім мәселесі
қай заманда да қажеттілігін жойған емес. Бірақ ұстаз
орнын ешкім баса алмайды. Қай заманда болсын, әріп
үйретіп, қолға қалам ұстататын жанның қажеттілігі
жойылмақ емес. «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз
‒ ұстаз тұл» деген тәмсіл мәні осыны аңғартады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдау-
ында: «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы»
заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл
құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер
қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып,
жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен
тыс функциялардан арашалауға тиіс», ‒ деді.
Елбасының дәл осы қамқорлығы барша әріптестерімді
қуантқаны сөзсіз. Осы арқылы көз ұшынан ғайып
болып бара жатқан Ұстаз статусы жаңғырып, педа-
гог мәртебесі қалыптасады. Білім қызметкерлерінің
I құрылтайында Елбасымыз: «Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын
мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады», ‒ деген еді. Ұстаз мәртебесін айқындайтын
заң – болашақ жаңа Қазақстанның бейнесін
қалыптастыруға септігін тигізеді деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: