1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ОҚУшЫЛАРҒА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет161/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

179
ОҚУшЫЛАРҒА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Қалыбек Ғалымбек Бисенғалиұлы
№94 мектеп-гимназиясының Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы
Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп 
жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары 
патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген 
мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау 
жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын 
тәрбиелеуге байланысты.
Қасиетті хадис: “Отанды сүю иманнан-дүр”, дейді. 
Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің па-
рызы болған. “Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына 
қайдан беріледі? “Отан от басынан басталады”, дейтін 
халықтың ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? 
Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух, 
патриоттық сезім қай деңгейде?” деген сауалдардың 
бізді ойландыруы заңдылық.
Жеке тұлғаның әлеуметтенудегі негізгі бағыттың 
бірі жеке адамның Отанмен сәйкестігі болып табыла-
ды. Бұл ретте "Отан" ұғымы адамның туған жерімен, 
жақындарымен және туыстарымен ғана шектелмейді, 
сонымен қатар эмоциялық-психологиялық сезімдер 
(махаббат, патриотизм, шынайы берілгендік, ұлттық 
мақтаныш сезімдері және басқалар) қырынан да 
ұғынылады.Көпшілік адамдардың санасында өскелең 
ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тек әскери борышын 
орындау деп ұғынылуы патриоттық тәрбие түсінігінің 
мазмұн аясын тарылта түседі.
Бүгінгі күні балалар мен жастардың патриоттық 
тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық 
пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық 
борыш пен негізгі конституциялық міндеттерді 
орындауға деген дайындық талаптарына толығымен 
сай келе бермейді. Атқарылып отырған жұмыс 
еліміздің азаматтарының бойында патриоттық сана-
ны қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді 
толықтай кешенді шешуді қамтамасыз ете алмайды.
Әлемде азаматтардың бойында ұлттық нышандарға 
— Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелер-
ге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды 
мақсатты түрде қалыптастырып отырған дамыған ел-
дер аз емес. Көптеген елдерде мемлекеттік нышандар 
мемлекеттің оң бейнесін жасаудың негізі ретінде пай-
даланылады, ұлттық мақтаныштың белгісі болып та-
былады, патриоттық сезім мен ерік-жігерді танытудың 
нысанасы ретінде пайдаланады. Мемлекеттік 
нышандардың көмегімен азаматтар бойына еліне де-
ген мақтаныш пен патриоттық сезім дәйекті де табан-
ды тәрбиеленеді.
Елдің азаматын тәрбиелеудегі тежемелі факторлардың 
қатарында патриотизм мен демократиялық нанымдар-
ды нысаналы қалыптастыру үшін жаңа қазіргі заманға 
технологияларды пайдалануға қабілетті, біліктілігі 
жоғары мамандардың жеткіліксіздігін, азаматтарға 
патриоттық тәрбие беру жөніндегі әлеуметтік тех-
нологияларды әзірлеуде жеткілікті тәжірибесі 
бар 
гуманитарлық 
бейіндегі 
ғылыми-зерттеу 
ұйымдарының аздығын атаған жөн.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру 
мәселелеріндегі қазіргі проблемаларды шешу үшін 
тұтастай алғанда тәрбиеге принципті түрде жаңа 
тұрғы қажет.
Ел бейнесін және Отанымен ажырағысыз бай-
ланыс сезімін мемлекет пен қоғам түрлі тетіктер 
мен институттар, ең алдымен, білім беру арқылы 
қалыптастырады.
Осыған орай, білім алушыларды қазақстандық па-
триотизм рухында тәрбиелеу, елдің мемлекеттік ны-
шандарын танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі 
жұмысқа білім беру мекемелері мен ұйымдарын 
белсенді түрде тарту қажет.
Білім беру ұйымдарында қазіргі заманғы 
қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға 
негізделген және қазақстандықтардың ділімен байла-
нысты дүниетаным мәдениеті мен төзімділігі жөніндегі 
сапалы, мазмұны жағынан тиімді ақпараттық-
дидактикалық материалдардың жеткіліксіздігін, ба-
лалар мен жастарға арналған, олардың санасында 
патриоттық сезімді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті 
оятуға, өз Отанына пайда келтіру ұмтылысын тудыруға 
ықпал ететін кітаптардың аздығын атап өткен жөн. 
Балалар мен жастарға арналған кітаптар негізінен 
батыстық мұраттар мен құндылықтарды насихаттауға 
бағдарланған немесе таза технократиялық түсінікті 
қалыптастырады.
Әскери-патриоттық тәрбие — азаматтардың, әсіресе 
жоғарғы сынып оқушыларының, студенттердің, 
әскерге шақырылғанға дейінгі және әскердегі 
жастардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз 
Отанына деген берілгендік сезімдерін тәрбиелеуді 
қалыптастыру жөніндегі маңызды бағыттардың бірі. 
Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың 
қолында. Жас ұрпақты Отансүйгіштіккке тәрбиелеу 
отбасынан бастау алып, білім ошақтарында жалғасын 
табады. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу – 
барлық оқу орындарының, барлық пәндердің, соның 
ішінде «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің алдын-
да тұрған басты міндет. «Алғашқы әскери дайындық» 
пәнін Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындары-
нан алып тастау – жастарға әскери патриоттық тәрбие 
беру, оларды әскер қатарында қызмет етуге дайындау 
ісіне едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру деңгейіне 
де әсер етіп, Қарулы Күштерінің жеке құрамының 
моральдық — адамгершілік сипатында көрініс тапты. 
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 
қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық тура-
лы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» 
пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы 
және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 — 
1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің айтсақ, бүгінгі 
күннің заманауи талаптарына сай қызмет көрсететін- 
білім ошағы. Ал, ұстаздар ұжымы болса білімді, 
жігерлі, өз болашағына нық сенімді жас ұрпақты 


180
тәрбиелеу үшін тынымсыз еңбек етуде. Осындай 
білгір, білімді, қажырлы да қайратты ұстаздардан білім 
алып, қанаттары қатайған шәкірттерден болашақта 
Қазақстан Республикасына зор үлес қосатын нағыз 
мамандар шығатынына сенімдімін.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 
мақсаты-азаматтардың бойында жоғары патриоттық 
сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, 
Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық бо-
рышы мен конституциялық міндеттерін орындауға 
дайындығын тәрбиелеу.
Әскери-патриоттық тәрбие жастардың бойында 
патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда 
маңызды рөл атқарады. Әскери-патриоттық тәрбие 
жөніндегі жұмыстың пәрменділігін арттыру үшін 
әскери бөлімдер жеке құрамының Ұлы Отан 
соғысы ардагерлерімен және жергілікті соғыстар 
ардагерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады.
Ел боламын деген мемлекеттер ең алдымен ұрпақ 
тәрбиесін бірінші орынға шығарған еді ғой. Ұл 
болашағы, ұрпақ тәрбиесіның діңгегі хақ дініміз ис-
ламда жатыр. Хадисте де, қасиетті Құран Кәрімде де 
отансүйгіштік туралы көп айтылады. Осыны санасына 
құйып өскен жас ертең өз Отанының нағыз патриоты 
болып шығатыны анық. Әйтпесе, бөгде ағымдардың 
жетегіне еріп, Отан қорғаудан жалтаратын жастардың 
саны уақыт санап өсе беретіні кәміл.
Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін 
сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы па-
триоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін 
халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас 
ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу 
еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән 
туғызбайды.
Мектепте оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие 
беру тек қана 10-11-сыныптарда өтілетін алғашқы 
әскери-дайындық сабағында ғана емес, сонымен қатар, 
барлық сынып оқушыларына сыныпта және сыныптан 
тыс өтілетін іс-шаралар арқылы беріледі. Мектепте 
әскери-патриоттық іс-шаралар әр оқу жылы басында 
жоспарланып, өткізіліп отырады.
Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, тыл ардагерлерімен, 
әскери қызметтегі мектеп түлектерімен кездесулер, 
кештер ұйымдастырылып, оқушыларға патриоттық 
тәрбие беру жоспарлы жүргізіледі.
Қазақ халқы – намысты қолдан жібермеген ержүрек, 
батыр халық. Батыр халықтың ұрпағы екенімізге 
мақтана отырып, ата-бабаларымыздан келе жатқан 
ұлттық дәстүрімізді жалғастыру, “Отан үшін жан пида” 
деген аталы сөзді ұлықтау – біздің басты мақсатымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет