91
Сүдігерде изен ызыңдайды
бізге лекцияда оқыған амалдың бəрі ауруға қолданылған
тəрізді. Енді не керек,
құдай-ау, енді не керек...
... Аурухана бойынша кезекші мен едім. Терезе
алдындағы жалаңаш ағаштардың бірен-саран сарғыш
жапырақтары жүдеген көбелектей дір-дір етеді.
Терезеден күн сəулесі түсті.
– Е-е, оның койкасы терезе алдынан алыс екен-ау, –
деген ой сап ете қалды.
Дереу сестраны ертіп алып, төртінші палатаға
келдім. Есік ашыла бере, кешегі көзбен көзім кездесті.
Ол əуелі жалт етіп,
онан соң тағы да алданғанын
білгендей мұңая қалды. Бұл мергеннің оғы жазатайым
тиіп, шала-жансар жатқан маралдың көзіндей əдемі
əрі аянышты еді. Онда көктей солған өмірдің өкініші
мен қапа-қасіреті де, жаңа күннен, жаңа айдан, жаңа
жылдан күткен үлкен үміті мен тіршілік дəметкен тілегі
де бар еді.
– Сізге күн сəулесі өте-мөте пайдалы, сондықтан
койка
ауыстырып, мына терезе алдына жатыңыз, –
дедім мен Сырғаға.
Кезерген жұқа ерні болар-болмас қимылдап:
– Рақмет, – деді.
Сестралар оны көтеріп алып, жаңа орынға жатқызды.
Мен оның жатқан жерінен терезеге қарап едім: бұлтсыз
көгілдір аспан көрінді. Ағаш басындағы торғайлар
көрінді.
– Мен дала көрмегелі көп болды, – деп сыбырлады
Сырға. – Сағынып қалыппын.
Сөйтіп ол аспанға қарай берді. Күзгі жапырақтай
сарғайған өңінің ар жағынан бір кездегі ақ құбаша
сұлудың келбеті толған айдай толықсып елестеді. Бұл
елес қана еді.
92
Сүдігерде изен ызыңдайды
–
Сіз жақсы істедіңіз, – деді мен палатадан шыға
бергенде сестра Маша. – Сырғаның көңілі жарым еді.
Койкасын ауыстырып ықылас білдіргеннің өзіне риза
болып қалды.
– Ауру адамның көңілі əрқашанда жарым ғой, –
дедім мен.
– Жоқ, Сырғаның, меніңше, ауруының үстіне
қосылған ауруы бар, – деді секпіл бетті сестра Маша.
– Ол қандай ауру?
– Бұл өзі біз қатарлы жас адам: сірə, сол жиырма бір-
жиырма екі шамасында. Ауырмай тұрғанда тұрмысқа
шыққан екен. Ал сүйіп алған күйеуі бұл қатты жығылып
ауырған соң, осы емханаға əкеліп салды да, жоқ болды.
Қайтып көрінбей кетті. Бір
кездегі сұлудың енді аяқ-
қолы жоқ мүгедек болғанынан мүлде шошынса керек,
ізі суып кетті. Әй, осы еркектерді қойшы! – деп сестра
сепкілді бетін тыржитып қолын бір-ақ сілтеді. – Бұл
байғұс өлейін деп жатса да сол бəлесін күтеді, палатаның
есігі ашылған сайын, жалтақ-жалтақ қарайды. Қарайды
да қапалана түседі. Оның күткен адамы келмейді.
Адам жанының терезесі жоқ, бөтен жан – түнек
дейді. Сол түнектің пердесі ашылайын деді. Сырға неге
есікке қарай беретінін енді білейін дедім.
Бір мезгіл аспанды ауыр бұлттар торлап, дала
да, кабинет іші де күңгірт тартты. Шымшықтар
шықылықтап, шошаңдағанын қойды. Таса тауып алып
олар да əлденендей ойға кетіп, үнсіз отырды.
Мұндай күндер көңілді қамықтырғыш, əлденелерді,
албырт күндердің орындалмай қалған тəтті қиялдарын,
алғашқы тəуір көрген қызды,
алғашқы бозбалалық
əурешілікті еске түсіріп, көзге жас келтіреді.