79
Сүдігерде изен ызыңдайды
тіреп, етпеттеп жата қалып, зəмзəмді сіміре берді,
сіміре берді.
Әлден уақыттан соң
шабдар басын сілке көтеріп
алып ауыздығын шылдырлатты, езуінен сарылдап су
ақты. Жағадағы сəмбі талға, қоңыр бас қара қоғаға
бір ауық қарап тұрды да, бəрін талақ еткендей суға
қайтадан төнді.
Бұзаубақ
жалбыздың иісін енді сезді, кеңсірігі
ашылайын деген екен, көзінен бырт-бырт жас шығып
кеткенін байқады. Жерде жатқан кетпенді көтеріп
алды. «Енді сенің кезегің келді» дегендей əлгінің жүзін
бармағымен байқап көрді.
* * *
Тоған дегені оның ұғымындағы тоған болмай шықты.
Үстінен екі-үш машина қатарынан өте беретін, етегі
анау-мынау қырқаның бөксесіне бергісіз, кішігірім тау
сияқты сұп-сұр бетон. Әлдеқашан батып кеткен күннің
əлі де байымаған сəулесі салтанаттырған айдын теңіз
жарқ етіп қарсы алдынан шыға келді.
Көз жеткісіз,
ұшан – ұлы мұхиттай.
«Бəсе, – деді Бұзаубақ плотинаның үстінде тұрып. –
Асау сорлы топырақ тоғанға қалай бұғалықталады деп
ем-ау».
Тақымындағы кетпеннің сабын сипады. Мына тас
қамалдың алдында дəрменсіз екеніне көзі жетіп, ұзақ
күнге көрген жол азабы есіне түсіп, бір түрлі күйреп
қалды. Діттеп келген шаруасы шарасыз болып шықты.
«Кетпенмен жырып əкете беретін əуіттің суы ғұрлы
көргенім қалай бұл мұхитты», – деп өзіне-өзі налыс
айтып, қатты қапаланды.
80
Сүдігерде изен ызыңдайды
Плотинаның дəл ортасындағы мұнара үйдің ішінде
қарауыл бар еді. Мына
іңір қараңғысында тас тоған
шетінде ербиіп тұрған салт аттыны көріп, мылтығын
асынып тысқа шықты. Керзі етігінің тақалы өкшесі тас
жолға сақ-сақ тиіп, бір-бір басып, аяңдап Бұзаубақтың
жанына жеткен. Телегейден көз алмай жанары жасаурап
тұрған қарт кісіге сəлем берді.
– Ассалаума-əлейкум, ақсақал!
– Әлейкум ассалам, шырағым! Қай баласың?
– Біз осы судың қарауылы боламыз. Өзіңізге жол
болсын?
– Мен бір жоқ қарап жүрген жолаушы. «Жоқ қарап
жүрсе, тақымындағы кетпені несі?» – деп қойды жар
қабақ, қошқар тұмсық кексе жігіт.
– Қайдам, бөгде мал көзіме түскен жоқ, – деді
қарауыл. – Сарқыраудың
елінен бұрынғы заманда
ылдидан жылқы айдап қашатын бірлі-жарым жырынды
шыққаны рас. Бұл күнде қалды ғой бəрі. Ел тойынды,
неғылсын бөтен малды.
Қарауылдың аты – Әліпбек екен, жаман жігіт
көрінбейді. Бұзаубақты аттан түсіріп, үйшігіне алып
келіп, шай берді.
Шай ішіп, жан кірген соң, шекесінің қырыс-тырысы
жазылып, Бұзаубақ та шешілейін деді. Әліпбек
əңгімешіл екен, одан-бұдан жөн сұрап, өзі де өткен-
кеткен жайлардан астын-үстін
айтып отырды да бір
уақытта:
– Ақсақал, мынамен қалайсыз? – деп төсегінің
астынан бір шөлмектің мойнын қылтитты.
– Ой-бой! Ондайдан біз қалғалы қашан! Заманында
кəрлен кесемен ішіп едік бұл итіңді. Ермолай дейтін
орысым болды. Екеуміз бір отырғанда бір шырт-