ЖҰБАНОВТАР ЖҰЛДЫЗЫ (Жұбановтар әулеті жайында) Жұбановтар әулеті бүгінде Қазақ елінде елге танымал адамдар бірден-
бір көп шыққан әулет болып табылады. Алғашқы Қазақ Совет
Энциклопедиясының өзінде қазақ ғылымы мен өнерінде өшпес із қалдырған
төрт бірдей Жұбановтың есімі берілген. Бұл көштің басында, әрине,
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов тұрады.
Жұбановтардың үрім-бұтағын Қуанның балаларынан өрбіткеніміз жөн
болар. Бұл ретте Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың былай дегені бар: «Әкем
Қуаннан он төрт құрсақ бармыз» деп отыратын. Өзім білетіндерін айтайын.
Үлкені – Аққат апай. Одан кейінгі менің әкем Құдайберген. Содан соң екі
314
қыз – Дәмет пен Ағиба. Сосын Ахмет. Кәдімгі Ахмет Жұбанов. Одан кіші
Мұхамбеди».