Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Жұбанова Қызғалдақ Құдайбергенқызы



Pdf көрінісі
бет215/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Жұбанова Қызғалдақ Құдайбергенқызы
1933 жылы 26 ақпанда 
Алматы қаласында дүниеге келді. Ақтөбе облысында бастауыш мектепті 
аяқтап, 1946 жылы Алматыдағы №12 қыздар орта мектебінде оқып бітірді. 
1952 жылы мектепті бітірген соң Қазақ ұлттық университетінің «Экономика» 
факультетіне түсіп, «Экономист» деген мамандық алып шығады. Сол 
мамандығы бойынша статистика басқармасында жемісті де абыройлы қызмет 
атқарып жүргенде, 1961 жылы Алматыда ашылған Республикалық халық 
шаруашылық жетістіктер көрмесі ашылады да, соған қызметке шақырылады. 
Ол көп жылдар бойы халық шаруашылық жетістіктер көрмесінде «Бас» 
павилон директоры қызметін атқарады, халқының сенімді перзенті ретінде 
зор беделге ие болып, талай құрмет грамоталарымен, дипломдармен, 
медальдармен марапатталды, абыройға кенелді. Еліміз егемендік алғаннан 


327 
кейін ол жерде «Атакент» іскерлік орталығы ашылды. «Мен онда 
акционермін» дейді Қызғалдақ Құдайбергенқызы. 
Әкесі Құдайберген Жұбанов 1957 жылы ақталған күннен бастап, өз 
анасынан, апа-ағаларынан бала кезінен әке жағдайын естіп, өксіп өскен, 
ғалымның ортаншы қызы Қызғалдақ, енді ел аузынан жалынды лебіздерді 
естіді, зиялы қауым, атақты жазушы, ұлағатты ғалымдардың әкесі туралы 
жазған 
мақалаларын 
оқыды. 
Талай 
мерейтойларға 
байланысты 
конференцияларда жасалған баяндамаларды тыңдап, газет-журналдардағы 
мақалаларды тірнектеп жинап, әкесінің еңбектерімен танысты. Ардақты да 
қымбатты әкесі жайлы сағынышқа толы жырлар да жаза бастады. «Жұбанов 
Құдайберген жүзге толды» атты жүректен шыққан толғауында өзінің әкесі 
деген сәбилік сезімін, былайша көрсеткен-ді. 
«Бүгінгі елордамыз Астанада, 
Жанашырлар жиналды жас қалада. 
Жүзге толған Жұбанов құрметіне, 
Келелі кеңес ашты бас қалада. 
Отанының білімпаз қайраткері 
Халқының азаматы ардагері, 
«Елім, ұлтым, тілім» – деп, отқа түскен 
Жұбанов тым ертерек қыршын кеткен. 
Ісіңді армандаған алға апарар, 
Ел білді бар екенін жас ұрпақтар. 
«Тіл қолдану аясын кеңейту» – деп, 
Ғылыми тәжірібелі жиын арнар. 
«Мұқият бол деп, тіл мен терминдерге» 
Ғұлама айтып кеткен дәл сендерге. 
«Өз тілің ғылыми тіл шеңберінде, 
Әлемдік деңгейден көр әр кезінде». 
Егеменді елімнің тіл – тірегі,
Жастары жалындаған – ең керегі. 
«Ұрпақтар жалғастығы» деп жатармыз, 
Әлі де бергенінен мол берері. 
Әкесінің ұшан-теңіз еңбектерін жете оқып, мән-мазмұнына терең ден 
қоя ұғып түсінген Қызғалдақ: «Осындай қазақтың бақытына біткен ерекше 
талантты жоқ етуге қалай көздері қиды екен?» деп қиналады. Өзінің жан 
жүрек балапандары, немере-шөберелеріне атасының ғалымдық жолын үлгі 
етіп, мәпелеп, тәрбиелеп, үнемі үлгі етумен ғана тынбай, әке мұрасын жинау, 
насихаттау жолында да айтарлықтай тынымды да ұлағатты істер атқарудан 


328 
жалықпай еңбектенуде. Ол әкесінің туғанының 105 жылдығына арнап, «Әкем 
– жарық жұлдызым» атты көлемі 222 беттік сый кітапты 2005 жылы жарыққа 
шығарып, оның тұсаукесер тойын да өзі өткізді. 
Проф. 
Құдайберген 
Қуанұлы 
Жұбановтың 
өмірі 
мен 
шығармашылығын, ғылыми және қайраткерлік қызметін, жалпы азаматтық 
тұлғасын танытуда жан-тәнімен еңбек етіп, бар күш-жігерін салып, 
ғалымның 
мерейтойларына 
арналған 
конференциялардың 
бәрінде 
баяндамалар жасап, барлық іс-шаралардың басы-қасында келе жатқан – 
ғалымды «халық жауы» ретінде тұтқындаған күні туғанына алты күн ғана 
болған кенже ұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет