Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Жұбанов Есет Құдайбергенұлы



Pdf көрінісі
бет214/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Жұбанов Есет Құдайбергенұлы
22.11.1929 жылы Ақтөбе қаласында 
туған. 2007 жылы 4 сәуірде дүниеден өтті. 
Тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1997), 
профессор (1996). Ақтөбедегі Н.Байғанин атындағы педагогикалық 
институттың дайындау бөлімін (1946), Абай атындағы педагогикалық 
институтты 
(1951) 
бітірген. 
1951-1955 
Петропавл 
педагогикалық 
училищесінің мұғалімі, мұғалімдер жетілдіру институтының қазақ тілі 
кабинетінің меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облысы оқу бөлімінің 


326 
нұсқаушысы, «Қазақстан мұғалімі» газетінің қызметкері (1955-1957), ҚР 
ҰҒА-ның Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері (1957-
1959), 1959-1961 жылы осы институттың аспиранты, 1962-1991 жылы 
аталмыш институттың кіші, аға ғылыми қызметкері. 1991 жылдан өмірінің 
соңына дейін Ақтөбе педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында 
доцент, «Жұбановтану» зертханасының меңгерушісі. 
Проф. Е.Қ.Жұбановтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу эпосының тілі 
жөнінде» деген тақырыпта кандидаттық (1967), «Халық әдебиеті тілін 
зерттеудің лингвостилистикалық аспектілері» атты докторлық (1997) 
диссертациялары қазақ әдеби тілі саласындағы көрнекті еңбектер қатарынан 
саналады. Сонымен қатар ғалым өз әкесі Қ.Жұбанов еңбектерінің таңдамалы 
бір томдығын (1966 ж.), академик Ахмет Жұбановтың «Ән-күй сапары» 
атты көлемді еңбегін, «Абай» энциклопедиясын, сондай-ақ ондаған 
академиялық жинақтар мен кітаптар шығаруға тікелей қатысты. Алғашқы 
монографиялары «Эпос тілінің өрнектері» және «Қазақ тілінің тарихи 
кездері» (ұжымдық) 1978, 1989 жылдары жарық көрсе, «Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу эпосының текстологиясы» (1994), «Қазақтың ауызекі көркем тілі» 
(1996) атты монографиялары – қазақ тіл біліміндегі соны да маңызды 
еңбектер екені даусыз. Сонымен қатар Есет Құдайбергенұлы он томдық 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» бесінші, алтыншы томдарын жасауға 
атсалысып, жалпы көлемі 8 баспа табақ жұмыс жазды. 
Профессор Е.Қ.Жұбанов өз болмысы, терең білім, зор адамгершілігі, 
ұстаздық пен ғалымдық жолдың тізгінін тең ұстау барысында көптеген 
мемлекеттік атақ-дәреже, жоғары атақтар мен марапатқа ие болған азамат. 
Ол 2005 жылы Мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі үлгілі еңбегі үшін 
марапатталып, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаты мен автокөлікке ие болса, 
педагогикалық қызметтегі табыстары үшін «Қазақстан Республикасының 
білім озаты», Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері, «Қазақстан 
Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан 
конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, 2003 жылы 
«Ақтөбе облысының құрметі азаматы», 2004 жылы «Ақтөбе қаласының 
құрметті азаматы» деген атақтарға ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет