кім
ойлап
шығарғаны туралы
сұрақтарыма әкемнің берген жауаптарын ұмытпай
есімде сақтап
қалып,
кейін оқыған кітаптарым
мен ұстаздарының
дәрістерінен танып отырдым.
Әкемнің бірге оқитын жолдастары және басқа таныстары мені көріп,
«шешесі жоқ болар» деп ойлап қалған екен. Кейін шешемнің елде екенін
білген кезде әкеме таңданып, мұнысы қалай?» – деп түсіне алмапты.
Шынында да осы күні ойлап қарасам, әкем сол кезде отыздан жаңа ғана
асқан жап-жас жігіт екен, соған қарамай, өзін-өзі күтуге жарамаған жас
баланы соңына ертіп бейнетін көтергені оның балаға деген әкелік
қамқорлығының күштілігінен ғой. Ең үлкен баласы болғандықтан, мектепке
бару алдында арнайы дайындық тәрбие қажет екенін түсініп, қолынан
келгенін істегені ғой деп ойлаймын. Соның арқасында, мен мектепке үлкен
біліммен келдім. Әкем балалар кітапшаларын сатып әкеліп, әуелі өзі оқып
беріп жүретін. Бірте-бірте сол кітаптарды өзім жүргізіп оқитын болып кеттім.
Ленинградтың барлық музейлерін аралап көрдім, кинотеатрларға бардым.
Сурет салуды, кесте тігуді үйретті, неміс тілінде аздап сөйлесе алатын
болдым. Өкінішке орай, әкемнен ерте айрылып қалдым.
351
Біз Алматыға 1932 жылдың аяғы, 1933 жылдың басында келдік. Әкем
ҚазПИ-де кафедра меңгереді, профессор, Наркомпроста қызмет істейді,
Қаз.Филиалда бөлім меңгереді, ҚазЦК мүшесі, белгілі қоғам қайраткері.
Алматыда тұрған кезімізден менің есімде қалғаны, әкем жалғыз ғылым,
білім, оқу емес, өнерге де, өнер адамына да үлкен қамқорлық жасайтын,
оларды құрметтейтін.
Біздің үйде сол кезде рояль бар еді, сол рояльда Брусиловский жиі
ойнап тұратын. Оның «Қыз Жібекті» жазып жүрген кезі болса керек, әйтеуір
қай әнді қай жерде пайдалану қажет екенін әкемнен ақылдасып отыратын.
Әкем әрбір жаңа спектакль басталарда сахнаға шығып кіріспе сөз сөйлейтін.
«Шұға» пъесасының премьерасында шымылдық ашылмай тұрып, әкемнің сөз
сөйлегені әлі есімде. Мұхтар Әуезовтың, Бейімбет Майлиннің отбасымен
жазғы демалысты бірге өткізетін едік. Күләш Байсейітова, Құрманбек
Жандарбеков, Серке Қожамқұловтар біздің үйдің жиі келетін қонағы еді.
1937 жылдың күзі осының барлығын көзден де, көңілден де сылып тастады.
Осы күзде мен төртінші сыныпта оқитынмын. Қарашаның он үші күні
Асқар туды. Әкемнің қолы тимейтін болғандықтан, көбіне анама тамақ
таситын Ақырап екеуміз едік. Асқарға қоятын ат іздеп әуреленетін де біз
едік. Қарашаның он тоғызы күні кешкі төрт-бестерде сабақтан келсем, анам
перзентханадан шығыпты. Әкем жаңа туған Асқар мен анамды үйге алып
келіп, өзі ҚазПИ-ге кешкі дәрісіне кетіпті. Әжем (мамамның шешесі) ас үйде
үлкен самаурынды қайнатып қойып, әкемді күтіп жүр екен. Дәл сол күні бізді
бақытсыздық күтіп тұрғанын қайдан білейік, әкем келісімен үйімізге толатын
шаттықты, тойды ойлап, қанатымды қомдап, шаттығым кеудеме сыймай,
ұшып кете жаздап жүрмін. Бір кезде есік қағылды. Мен жүгіріп барып есік
аштым. Екі адам келіп әкемді сұрады, мен жөнімді айттым. Әкемнің
кабинетіне кіріп отыруларына болатынын айттым. Сұр киімді екеу менің
сөзіме құлақ асқан да, жауап берген де жоқ. Ойымда ешнәрсе жоқ, анамның
қасына барып, інімнің бетіне қарап отырып қалдым. Бір кезде басқыштан
біреудің көтеріліп келе жатқанын естіп жүгіріп шықтым. Осы кезде әкемнің
дем алған дыбысын танып, есіктің кілтін бұрай беріп едім, есік алдындағы екі
адам білегіме шап беріп жабысып, мені кейін серпіп тастады. Тұла бойым
дірілдеп кетті. Бұрын-соңды білмеген таныс емес сезім пайда болды менде.
Сол кезде әкем келді, кабинетке кірді, екі адам соңынан ерді. Біраз уақыттан
соң әкем әуелі анамды, содан кейін бәрімізді қасына шақырды. Әлгі
келгендердің біреуі жазып отыр, біреуі үйді тіміскілеп тінтіп шықты.
Әкемнің партбилеті, ҚазЦК-тың значогі үстелде жатыр. Тісіміз-тісімізге
тимей қалшылдап тұрмыз, бірақ жылаған жоқпыз, ешнәрсені түсініп те
тұрған жоқпыз. Біздің ішімізде Есет қана: «папа, мыналар саған не деп тұр?»
деп дауысын шығарып жылап жіберді. Папам Есетке жауап беріп: «бұлар
мені жау деп тұр, кімнің жау екенін көрерміз!» – деді аналарға ызғарлана
сөйлеп, орыс тілінде. «Жау» деген сөздің әкеме қандай қатысы барын
түсінбесем де, сартылдап соққан жүрегім мен қалшылдаған денеме ие болар
352
емеспін. Әкемді алып кетті, біз қала бердік. «Қарап, тексеріп босататын
шығар, әкелеріңнің кінәсі жоқ қой», – деді мамам.
Біз үміттенеміз. Бір күні үйімізге әкемнен хат келді. Онымен кездесу
үшін кімге калай жолығу қажет екенін, тергеушісінің аты-жөнін, телефонын
жазыпты. Қуаныштың шегі жоқ, бұл бір жақсылық деп ойладық. Бардық.
Әкемізді көрдік, содан төрт ай бойы жеті сайын көріп тұратын болдық.
«Ендігі хабар өзімнен болады, бұл араға енді келмеңдер», – деді әкем төрт
айдан кейін. Бізге ол сол күні бір түрлі қуанышты болып көрінді. Ертеңіне
Ақырап екеуміз тергеуші Мавмодовтың кабинетіне телефон соқтық. Ол
Ақырыптың даусын танып: әкеңе он жылға үкім шығарылды, бір ай
шамасында өзінен хабар келуі мүмкін», – деді.
Қуанып үйге келдік, жазықсыз екенін білсек те, он жылға риза болдық.
Арада үш күн өтті. Тағы сөйлесіп көрейік деген ой келіп, бұл жолы
телефонды мен соқтым. Бұрынғы таныс тергеушінің дауысы емес, басқа
дауыс бізге ұрсып, «тергеу біткен жоқ, ендігәрі телефон соқпаңдар», – деп
жауап берді. Бар көргеніміз осы болып қала бердік. Қайғылы күндер
басталып кетті. Біз ешкімнің үйіне бұрынғыдай бармаймыз. Бізге
көмектескісі келетін бірен-саран адамдар ұрланып түнде келеді.
Мектепке не дүкенге кетерімізде анам: «бұрынғыдай ешкімге жетіп
барып амандасып жүрме, көрсең де көрмеген бол, ешкімге зиянымыз
тимесін», – деп ескертіп жібереді.
Бір күні ҚазПИ-дің маңайынан төртінші курстың студенті Әдианы
көріп қалдым, мен ағашты айналып қаша жөнелдім, байқамай арықка құлап
қалдым. Әдиа мені тұрғызып, үстімнің қарын қақты. Бетіне қарап едім, көзіне
жас келіп тұр екен. Мен де, ол да іштей түсінісіп, тіл қатпай ажырастық.
Жылдар өтіп жатты. Әкем оралмады, күткен хабарымыз да келмеді.
Бірақ әкемнің асыл бейнесі маған жол сілтеп, жөн көрсететін болды.
Сын сағаттарда мен әр істің шешімін әкемнің көзқарасымен қарап, шешетін
болдым. «Жақсы әке балаға қырық жыл азық» деген мақал бар ғой. Менің
әкем де маған және менің іні-сіңілеріме «қырық жыл» азық болды.
Жүрегімізде қалған жарқын бейнесі көлеңкелі күңгірттен бізді қағып, түзу
жолға салып жүрді. Бірақ «папамды неге жау деді?» деген сұрақ ішімде үнемі
арпалысып, жауабын таппай жүрді. Содан болу керек, жасым он төртке
келгенде бір-екі
шумақ өлең жазып, оны Ахаңа (әкемнің інісі) көрсеттім, ол
өлеңім мынау еді:
Бұлқынып, жүрек тулап, көне алмай түр.
«Әкең – жау» деген сөзге сене алмай тұр.
Орыны қас пен достың ауысты ма,
Жауабын бала ақылы бере алмай тұр!
Жау деген болмай ма екен жалмауыздай,
Қаскүнем, қара ниет, қаны мұздай.
Адал жанды «жаусың» деп жала жапса,
Ет-жүрек жарылмай ма сыздай-сыздай!
353
Ахаң өлеңді оқып алды да, маған қарап: «Әкең де он төртінде өлең
жазып, ол өлеңі газетке жарияланып кеткен екен. Кім біледі? Кейде
сондайдың зияны тиді ме деп те ойлаймын! Саған айтарым, өлең жазу үшін
адам көп білу керек. Сондықтан, оңың мен солыңды танып алмай тұрып,
өлең жазушы болма!» – деді. Мен содан былай қарай өлең жазбайтын,
жазсам көрсетпейтін болдым. Өлеңімнің мазмұнына қарап, Ахаңның мені
сақтандыруы сол кез үшін заңдылық еді, мен оны түсіндім.
Қазір сол бала кезден бастап әділдік-шындық іздеп тулаған жүрегімнің
«Менің әкем кім?» деген сұрағына «Әкең жау емес, адал адам» деген
жауаптың кешігіп келсе де, келгеніне ризамын!
(Жұбанов Қ. Шығармалар мен естеліктер. 170-184-бб.)
М.Әуезов
Достарыңызбен бөлісу: |