362
ғалымы проф. Санжар Асфендияров, әдебиеттің қос алыбы Сәкен Сейфуллин
мен Мұхтар Әуезов барабарлы ұстаз еді деуге болар еді.
Құдайберген Жұбановтың ғылымдағы құлашының кеңдігі мен ойының
тереңдігін оның қазақ тілі грамматикасы мен фонетикасын зерттеуді қолға
алғанынан шамалайсыз, «Из истории порядка слов в казахском
предложении» мен «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах» деген
еңбектерінен байқайсыз: «Терминология, орфография, тіл сабағын берудің
әдістері» дейтін жұмыстарынан болжайсыз. Ал «Абай – қазақ әдебиетінің
классигі» және «Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы»
дейтін ғылыми очерктерінде тіл тарихымен ұштастырып көркем әдебиет пен
көркемөнер тарихын қамтыған тереңдікті көресіз.
Құдайберген Жұбановтың лекцияларындағы ой өрістілігі,
материал
байлығы, ғылыми жүйелілігі тыңдаушы шәкірттеріне тарих дүниесінің бұдан
бұрын тас жабық жатқан есігін шалқасынан салғандай әсер ететін. Түркі
тілдерінің түп-тамырын зерттеуге арнаған дәрістерінде орхон-енисей
жазуларының сыр-сипаты жоғарыда айтқанымызды дәлелдейді. Өйткені,
Орхон бойын жайлаған тайпаның құлпытастарға жазып кеткен жазуы: түркі
елдерінің қағанаты (хандығы) тарихы, міне – осы деп тұрғандай. Онда: бір
елдің салты, ғұрпы, жауласуы, жеңуі, жеңілісі, аңшылық саяхаты, тағы
басқасы әміршінің құдіреттілігін паш ету арқылы хикаяланған ғой. Бұл
дәстүр
–
ертеден
келе
жатқан
көне
Мысыр
патшаларының
(перғауындарының) тірі кезінде де, өлгеннен кейін де ұлылығын дәріптей
беру салты сияқты. Сонымен бірге бұл – сол кезде өмір сүрген
тайпаның
мәдениеті де ер жетіп қалғанының айғағы. Өйткені, жазу-сызу, оны тасқа
түсіру (таңбалау, қашау, әдемілеу) өнері көркемдік өнерге ең кемі тастан
таспа тілерлік шеберлікке байланысты... Жеке баяндамалары мен
мақалаларында Құдайберген Жұбановтың қазақ тілі тарихын зерттеуді терең
және жан-жақты жүргізгенін көреміз; бір тектес тілдердің тарихымен,
тарихи мұраларды талдау әдісімен әлеуметтік құбылыстардың өзгеру
жолымен тығыз байланыстырғанын байқаймыз. Осының бәрі тіл тануды тар
шеңберден шығарып ғылыми кең арнаға салудың басы сияқты көрінеді.
Сөйтіп, жалпы тілтану ғылымының теориялық мәселелері, қазақ тілі тарихын
зерттеу ісі, тіл құралын дайындау жұмысы
және де толып жатқан ғылыми-
мәдени істер жас профессордың батыл түрде қолға алған игі бастамалары
болатын.
Жас демекші... Орта жастан әрі өрлеп, өмірдің биік қырқасына
көтерілген жандарға отыздың о жақ, бұл жағындағылар бала тәрізді көрінеді.
Алоқу жасындағы балғын жігіттер мен бала қыздарға отызға келгендер де
сақа ... тіпті көрі адамдай... Бұл табиғи да нәрсе.
Ленинградтан келген біздің ғалым ұстазымыз Құдайберген Жұбанов
отыз екінші жылы өмір биігінің талай белдерінен асқан, ақыл-ой кәмелетінің
бар тұтқасын бір өзі ұстаған қияпатты,
байсалды, жасы да толысқан, аса
үлкен адам сияқты еді. Сонда ажарлы дөңгелек жүзді, ақылы сыймай тұрған
сұлу көзді қалың қара бурыл шашты, тіп-тік мүсін денелі, орта бойлы, келісті
363
қара торы профессор. Отыздың үшеуіне жаңа ғана иек сүйеген, қазіргі біз
тұрған биіктен бұл «өте жас». Алайда, тап осындай жаста білім шыңына
шығып үлгерген, ірі ғылыми атаққа ие болған, қоғам өмірінің барлық
саласында да үздік өрлеген даңқты адамдар сол кезде де аз емес-ті.
Кейбір ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің талантты еңбектерімен
қатар жеке басының ерекше қасиеттері болады.
Бұл қасиеттер алдымен
өзгеге аямай көрсеткен ақылгөй ағалық, ұстаздық сияқты адамгершілік
жомарттығынан көрінеді. Осының басты белгісі: сол кезде Сәкен Сейфуллин,
Құдайберген Жұбанов жөне Мухтар Әуезовтердің соңынан шұбырған
жастардан, қаумалай отырысып ұлағатты әңгіме тыңдаушы оқушылардан көз
жерге түспейді дерлік еді.
Біз бұл шағын сөзімізде тілтану ғылымында көрнекті із қалдырған
ғалым, кафедра басқарған коммунист, профессор Құдайберген Жұбановтың
аса құнды
еңбектеріне ғылыми шолу жасау, талдап беру міндетін алға
қоймадық. Тек оның ерекше бейнесін көз алдына келтіруге тырыстық.
(«Қазақ әдебиеті», 1969 жылғы 20 декабрь, №51)
Ә. Ермеков
Достарыңызбен бөлісу: