отыр, тұр, жүр, жатыр деген төрт етістік күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық
қасиетімен ерекшеленеді дейді алғашқы зерттеуші Қ.Жұбанов. Бірі –
олардың жіктік жалғауларын тікелей қабылдай алатындығы; екінші – түбір
күйінде тұрып таза Präsеns-ті (осы шақты) білдіре алатындығы; үшінші –
түбір күйінде тұрып Imperativ-тің (бұйрық райдың) II жағы мен Präsеns-тің III
жағын көрсететіндігі. Оның үстіне төрт етістік әрқайсысы осы шақты
жасағанда, соның өз аясындағы әртүрлі мағынаны білдіреді.
Жатыр етістігі
іс-әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес, әйтеуір жалпы жүріп жатқан, ара-
арасында үзілісі де болатын түрін көрсетеді:
Бейімбет бір үлкен роман жазып жатыр (мысал Қ.Жұбановтікі – Р.Сыздық). Егер іс-әрекет сөйлеп
тұрған сәтте орындалып жатса, қазақ тілі
отыр етістігін жұмсайды; ұзақ іс-
әрекет үзілістерімен жүріп жатса, қазақ