Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет102/221
Дата25.04.2022
өлшемі3,3 Mb.
#140821
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   221
Байланысты:
тарихи тұлға

5
 «Тәржүма-и Ахид уәләд Гүлімжі-Алтайский» / Қарымсақов/. Дастан. Қазан: Университет табиғханасы, 1897.
Бастырған Мұхаммед- Нәжиб Ғалиакбаров. 44 бет. Бұл кітап туралы “Восточная библиография”-да былай 
деп таныстырлған: ««Тарджуме-и Акыть, Валяд-и Улюмужу, Алтайскій» произведение алтайского киргиза 
Акыта, сына Валяда. Казань. 1897. Типогр.Унив. 44 стр.8.д. Въ этой киргиз, былинь писанной стихами и 
изданной впервые Мухаммедъ-Наджибом Али -Акберовымъ въ количествъ 5000 экз., киргиз Акытъ, родомъ изъ 
колена Керей, повествует о некоемъ царевиче Джигань шахь, сына Кабульского царя Тамуза, и его возлюбленной. 
На стр. 42-44 авторь описываеть свою жизнь и путешествие по Сибири и Монголии. Книжка испещрена 
татаризмами, но стихъ выдержанъ почти везде. «Деятель», №-8-9. - 1898. - С.429-430. 


167 
творчествосы туралы пәлендей пікір кездестіре алмадық. Әліде кездеспей жүр деп жазады 
Қ.Қабидаш 1972 жылғы басылған кітабында [27, 47].
Өткен ғасырдың ортасынан Ү.Ақыт ақын шығармаларын жинау, зерттеу, басу 
жұмыстары басталып, «Сәйфулмәлік» қиссасы Алматыда «Ғашықнама» жинағына кірсе
филология ғылымдарының докторы Қ.Қабидаш 1972 жылы «Халық ақындары» [27, 108-139] 
кітабында Ақыт ақын жайлы сөз етті. Онан соң Ақыт шығармалары Өлгий қаласында 
басылды. Синцзян-Ұйғыр Автономиялы ауданында 1984-жылы ақынның үш томдығын 
баспадан шығарды. 
Оның өмірімен шығармашылығын зерттеу іс басталғалы 50-дан астам жыл болды. 
Тоқырау жылдарында Ақыт шығармаларын жинау, нәсихаттау, зерттеу ісі шектеулі 
болғанымен батыс пен шығыс мемлекеттеріндегі тарихшылар, әдебиет зерттеушілер Ақыттың 
есімімен еңбектерін ел есінен ұмыт қалдырмауға тырысып бақты. Қазақстанда Ақыт туралы 
қазақ энциклопедиясында жазылды. Үшкүлтай Суханбердіқызы «Сәйфулмәлік» дастаны ақы 
иесі атымен бастырса, Қ.Нариман , Ә.Жиреншин, т.б баспасөз басуды насихаттайды. Шығыс 
Түркістанда Н.Мыңжан, А.Татанайұлы Ақыттың өмірбаяны, шығармалары жайында жазды. 
Ақытұлы Ғазез, Ақытұлы Қалман, әдебиет зеттеушілер Шәмсі Құмархан, Шәкен, Оңалбай, 
тағы басқалар еңбектерін жариялап, 1980-жылдардан Ақыт аты аталып, таңдамалы 
шығармалары баспаға ұсынылған. Солай бола тұрса да, бұл өлкеде Ақыт хажы туралы мұрағат 
деректеріне сүйеніп шындықты айтқан толық зерттеу жасалмай келеді. ФРГ-де марқұм Хасен 
Оралтай аға Ақыт туралы алғаш шындықты айтып, баспасөз, радиода кең көлемде сөз етіп 
келді.
Моңғол еліндегі 90-шы жылдарға дейінгі коммунистік идеология Ақыттануға толық 
мүмкіндік туғызбады. Ақынның қазақтың ұлттық мүддесін жоқтап, елім деп еңіреген 
жырларын жариялай алмады. Ақыт Үлімжіұлы Алтайдағы ұлт-азаттық күресінің рухани 
көшбасшысы болғаны айтылмады. Солай болса да, зерттеушілер мүмкіндікке сай оның 
шығармаларынан жарияланды. Қ.Қабидаш Ақыт өмірі мен шығармаларының шет жағалап 
тілге тиек етті.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң ақыттануда жаңа бетбұрыс басталды. Ақыттың 
шығармашылығының әледенше көлемді жинақтары басылды. Ақыт Үлімжіұлының туғанына 
125, 130, 140 жыл толуына арналған ас-той, ғылыми конференциялар өтті. Журнал, газеттерде 
өмірімен шығармалары туралы жазылып шығармалары мектеп оқулығына кіре бастады. Ақыт 
шығармашылығы Қазақстанда филология ғылымдарының докторы, профессор Зұфар 
Сейітжановтың «Ақыт ақын» атты «Қазақ университеті» баспасынан 2002 жылы шыққан оқу 
құралы арқылы қазақстандық әдебиет сүйер қауымға танылады. Ақынның баласы Ғазез 
Ақытұлының «Ақыт Үлімжіұлы» атты кітабы Алматыда 2008 жылы «Мұсылман баспа 
үйінде» басылып шықты. Таралымы - 2000 дана болды. 
Ғылыми тұрғыдан алғанда Ақыт қажының өмірі мен шығармалары туралы зерттеу 
еңбектер, монографиялар, диссертациялар жазып, сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, 
көп салалы ғылым болып қалыптастыру заман талабы болып есептеледі. Басты мәселелер 
қатарында алдымен Ақыттың өмір және оның шығармашылық жолын толық зерттеу, ұлттық, 
діни сипатын айқындау, баспадан шыққан кітаптарының тақырыптық, идеялық, жанрлық, 
тілдік ерекшеліктерін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсету, сондай-ақ ұлы ақын, 
ғұламаның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу 
мәселесі тұр. Ол өте кең кеңістікті басып өтіп, аса көп мемелекет, ел, жерді көріп, ұзақ өмір 
кешіп, жан-дақты білім иеленіп, сан тақырыпта аса мол мұра қалдырды. Ақыттануды дербес 
ғылым саласы дәрежесіне көтеру үшін ұлы ақын, ағартушы, ғұламаның алып тұлғасын исі 
қазақ оқырмандарына танымал болғызуда ақын шығармаларын дүркін-дүркін жариялау, 
шығармаларының ғылыми басылымын жасау сияқты орасан зор мақсаттар тұр. «Ақыт» 
энциклопедиясын жасап ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар 
деректерді, құнды ой-пікірлер жинақтап, жүйелі түрге түсірген жөн. Ақыттанудың оқулығын 
жазып, Ақыттану курсын университеттерде өткізу, интернетте веб-парақшаны 3 әліпбиде ашу 


168 
маңызды. Шығармаларының жинағын шет тілдерде кітап етіп бастыру қажет. Ақыт қажы
Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайский өмірі мен шығармашылығының алтын дәуірін өткізген 
мекен Монғолияның Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласында Халықаралық 
Ақыттану орталығын құрып, Ақытты зерттеу, насихаттау, дәріптеу мәселесімен үздіксіз 
айналысу, ғылыми кітапханасын қалыптастыру, Дэлүүн сұмыны орталығына ескеркішін қою 
игі іс болмақ. Ақыт қажы мекеніне экскурсиялық-танымдық саяхат ұйымдастыру керек. Ол 
өте кең кеңістікті басып өтіп, аса көп мемелекет, ел, жерді көріп, ұзақ өмір кешіп, жан-жақты 
білім иеленіп, сан тақырыпта аса мол мұра қалдырған ақын, ғұлама осындай құрмет, марапатқа 
лайық. Ақыттану - қазақ әлемін танудың құрымдас бөлігі болғандықтан, қазақ 
зерттеушілердің алдында келешектеде кең көлемде ғылыми жұмыстар жасауы рухани 
жаңғырудың тамаша үлгісі болмақ. Ол үшін жер жердегі ақтаушылар бас қосып, бірігіп қимыл 
жасаса көп іс тындырған болар еді. 
Ақыттану тарихы 1887 жылы басталса да, біршама ұзақ кеңінен зерттелмей, тек өткен 
ғасырдың 70-жылдары қайта жанданып, жаңа ғасыр басынан өpic алды. Бұл мәселені тұңғыш 
рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Қ.Қабидаштың ,сонымен 
бірге басқалардың еңбектерінде көрініс тауып ақыттану тарихы басталды. Ақыттану тарихы 
— бүгінде дамып, өсу, өркендеу жолында Ақыттанудың іргелі саласының біріне айналып 
келеді. 
Ақыттану және ақыттанудың бүгінгі мәселеріне келсек, Ақыт Үлімжіұлы қазақтың 
біртуар перзенті, кемеңгер, озық ойшыл, қазақтың қамын ойлап өткен ұлтшыл қайраткер 
ұстаз, дара ақын. Ақыт әлемін шынайы зерттеу үшін әлі де талай жұмыстар атқарылуы керек. 
Ақыт қажы Үлімжіұғлы Қарымсақов Алтайскийдің ардақты есімі Қазақстанда, шет елдегі 
қазақтар арасында ерекше құрметпен аталып өтуге лайық. Қазақстанда ақынның өмірі мен 
шығармасын зерттеу ісін мемлекеттік бағдарлама деңгейінде жүргізіп, оқырманға кеңінен 
терең таныстыруга назар аударған жөн. Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) т.б. ізін баса 
қазақ төл тума әдебиетіне өз шығармалары арқылы аса ірі үлес қосып, XIX-ші ғасырдың 
соңында бастырған оннан астам кітаптары біртұтас дүние жүзіндегі қазақ жазба әдебиетінің 
негізін қалаушылардың бірегейі болған ақынның рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан дұрыс 
бағалау ең басты мақсат болып отыр. Ақыт қажы мұраларын шет елдегі қазақтардың рухани 
өмірі, әдебиеті мен мәдениеті тарихы мен тығыз байланыста зерттеу керек. Ақыттану - қазақ 
әлемін танудың құрымдас бөлігі болғандықтан, қазақ зерттеушілердің алдында келешектеде 
кең көлемде ғылыми жұмыстар жасауы қажет бола бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет