Білім алушылармен жалпы жұмыстың барысы (мазмұны)
Бастапқы кезең
– әңгімелесушімен эмоциялық байланыс пен «әріптестік»
қатынас орнату (бұл жерде НЛП-нің элементтерін қолдану пайдалы: жағымды
психологиялық ахуал, Эриксон гипнозы, Эриксон метафорасы, т.б.). Бала
келіспеген жағдайда, жауап беруге көңіл күйі болмаса оны сөкпей, сынамай,
шыдамдылық танытып, әңгімесін айтқан сәтте зейін қойып тыңдап, сөзін
бөлмеген дұрыс (жан дүниесін толғандырған мәселелерін айтуға мүмкіндік беру).
Қорытындысында сізді жанашыр және сезімтал адам ретінде қабылдайды.
Бірінші кездесу кезінде рефлективті тыңдаудан басқа ойлары мен
сезімдерінің күйін анықтау үшін жасөспірімге өзін-өзі бақылау күнделігін
жүргізуге ұсыныс жасауға болады, өйткені жабығу кезінде баланың ойлау
қабілеті жүйесіз келеді. Терең жабығу күйінің «ем-домы» − белсенділік. Жай
серуен де пайдалы. Жабығудан әлсіреген баланы біртіндеп қандай да бір қызмет
түріне итермелеу қажет (алдымен 5 минуттық, содан соң біртіндеп серуендеу
уақытын ұзарта беру). Осы күйге түскенге дейін немен айналысқанын білуге
болады. Әлеуметтік қатынасты орнына келтіруді рөлдік ойындардан бастауға
болады, психолог жасөспірімнің жабығу күйінің едәуір басылғандығын байқай
бастаса, басқа ұсыныстар жасауға болады.
Таңдау жасауға мүмкіндіктердің көп екендігін көрсету маңызды. Бірте-
бірте іс-әрекеттің басқа да түрлерін байқап көруге ұсыныс жасай отырып,
жасөспірімге осы жағдаятты өзі басқара алатындығына сендіру керек.
Екінші кезең
– күйзеліске жеткізген оқиғалар тізбегін анықтау,
амалсыздық сезімін арылту. Ол үшін «ешкімде болмаған жағдаятты жеңу»,
«жетістіктермен қолдау» тәсілдерін қолдану қажет.
Үшінші кезең
– күйзеліске ұшыраған жағдаятты бірігіп шешу. Оның
жоспарлаған міндеттерін ауызша айтуға итермелеу, біршама уақыт үнсіз отырып,
оған жағдай жасау.
|