Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық
Кенеттен пайда болған эмоциялардың әсері негізінде жасалған суицидтік
әрекеттер аффективті (
қатты ашу-ыза
) типке жатады. Мұндай кезде жасөспірім
өз әрекеттерін жоспарламай, қызуқандылықпен қимылдайды. Әдетте, ашу-ыза
5
сияқты теріс эмоциялар жетегіндегі жасөспірім асығыс суицидтік әрекеттер
жасайды. Аффективті суицидтік мінез-құлық кезінде жасөспірім асылады немесе
улы токсинді препараттарды қабылдайды.
Шынайы суицидтік мінез-құлық
Шынайы суицидтік мінез-құлық ойластырылған, жоспарлы әрекеттер
арқылы жүзеге асырылады. Жасөспірім суицидтік әрекет жасауға дайындалады.
Суицидтік әрекеттердің мұндай типі кезінде жасөспірімдер, әдетте, туыстары
мен достарының бәрімен қоштасып, өз өмірін қию себептері түсіндіріліп
жазылған хат тастап кетеді. Мұндай әрекеттер түбегейлі ойластырылып
жасалғандықтан, өліммен аяқталады. Шынай суицидтік мінез-құлық кезінде
жасөспірімдер көбінесе асылады немесе жоғарыдан секіреді.
Өзіне-өзі қол жұмсау – түбегейлі қадам, сондықтан оны орындау туралы
шешім бірден қабылданбайды. Оның алдында көбіне ұзақ немесе қысқа
мерзімдік қобалжу, ренжу, түңілу, пайда болған кері жағдаятпен күресу және
оны шешу жолдарын іздеуге талпыну кезеңі жүреді.
Білім беру ұйымдарының психологтары аутодеструктивті мінез-құлық
бойынша ерекше назардағы балалармен (
аутодеструктивті мінез-құлық
өлшемдері бойынша анықталған «тәуекел топ»)
жұмысты әлеуметтік
педагогтармен,
инспектормен,
сынып
жетекшілерімен,
медбикемен,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен өзара бірлесіп атқарыланады.
Педагогтармен жұмыстың негізгі міндеті – балаға қатысты
толеранттылықты қалыптастыру, балалармен және ата-аналармен өзара қарым-
қатынаста психологиялық құзыреттілігін көтеру.
Білім алушылардың арасындағы аутодеструктивті әрекеттер, соның
ішінде өз-өзіне қол жұмсау проблемасы жыл мезгілдеріне байланысты жиілене
түсетіндігі медицина және психология ғылымдарында дәлелденген. Суицидттік
әрекеттерге барудың көп факторлары бар, ең көбірек кездесетін
факторлардың бірі көктем, күз уақыттарында адам ағзасындағы барлық
дерттер қозатын мезгіл, соның ішінде психикалық аурулар да сыр беретін
уақытта болуы мүмкін. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген жыл
мезгілдерінде білім алушылар мен педагогтардың арасында профилактикалық
жұмыстар жүйелі түрде жүргізуді білім беру ұйымдарының педагог-
психологтары міндетті түрде жоспарға енгізуі керек.
|