Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу



Pdf көрінісі
бет3/54
Дата27.04.2022
өлшемі1,16 Mb.
#141113
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 
 
 
 
Нұр-Сұлтан 2021 



 
 
Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті
мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы 
 
Мақсаты:
білім алушылардың психикалық саулығын сақтау 
Суицидтік іс-әрекетке тікелей себеп - дау-дамайдың пайда болуы. Дау-
дамай дегеніміз - белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші 
жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Бұл жақын адамның қазасы, 
түсініспеген махаббат, жауапсыз махаббат, жалпы қарым-қатынастың бұзылы 
және т.б. болуы мүмкін. Басқаларға қарағанда өзін төмен сезіну, айтылған кез-
келген сөзді жазғыру сияқты қабылдаудан пайда болған күйзелістен 
туындайтыны жиі кездеседі.
Кейбір сынып жетекшілері өз міндеттеріне атүсті қарап, баланың 
басындағы болған жағдаяттан хабарсыз болады, оқушының сабаққа қатсуы мен 
үлгеріміне бақылау жасамайды. Осындай салғырттық оқушыға қажетті көмекті 
дер кезінде көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыруға кедергі келтіреді. 
Баланы балағаттау, кемсіту, тіл тигізу, жағдайларын, педагогтар 
тарапынан психологиялық және дене зорлығын болдырмау мақсатында мектеп 
әкімшілігі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қатаң қадағалап
бақылауға алғандары дұрыс. 
Психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, 
оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда журген балалардың 
қандай күйде болатындығын жете түсіндіру қажет. Ата-анасына қарсы шығып, 
шарапқа әуестенген, темекі тартқан, буллинг, төбелескен кез келген 
жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін. 
Сонымен қатар жеткіншектерде түпкі ойы өлімге негізделмеген, суицидтік 
әрекетті қулық ретінде жасау жиі байқалады. Өзінің өлімінің жақындарына қалай 
әсер ететіні білгісі келу, мысалы, «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа мен 
Сұлтан әрекеттері немесе «екінші рет туылам» деген аңғал үмітінің болуы. 
Жас суициденттердің басым көпшілігенде өз мүмкіндіктеріне сәйкес 
келмесе де өздеріне жоғары талап қою жиі кездеседі. 
Белгілі бір нақты себептермен баласын рухани және эмоциялық тепе-
теңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның суицидтік әрекет жасауына 
түрткі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасөспірімдердің арасындағы 
суицидтің 92%-на дейін, отбасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты 
туындайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет