«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны Жұпқа бөлініңдер. Бір-біріңмен ойнағанда, дауласқанда, бұйымтай сұрағанда,
өтініш жасағанда, қандай үнмен сөйлесетіндіктеріңді айта аласың ба? Тіпі
амандасқанда да, есімдеріңді атап танысқанда да әртүрлі интонациямен, яғни
дауыс ырғағымен айтуға болады. Әрқайсысымыз кезекпен төмендегі сөз тіркесін
11
айтайық: «Сәлем! Менің есімім... Бұл ойынды ойнауға қазір менің кезегім» −
алдымен ренжіп, содан соң сенімді түрде, кейін тілектес мейрімді көңілмен.
Талдау:
Қандай дауыс ырғағын тиімдірек сезінді?
Осы дауыс ырғағын қаншалықты жиі пайдаланасың?