Зәрдегі белок
Зәрде белок қалыпты көрсеткіші
Қалыпты жағдайда зәрде белок концентрациясы 0,033 г/
л аспауы тиіс
Зәрде белок (ақуыз) пайда болуы әрдайым бүйрек зақымдалуымен
байланысты бола бермейді. Зәрдегі белок (альбуминурия) несепағар,
қуық қабынуы, уретрит кезінде пайда болуы мүмкін. Кейде белок сау
адамдарда аса күшті физикалық жүктемеден кейін пайда болады.
Сонымен қатар зәрде белок 7-16 жас аралығындағы физикалық дамуы
нашар балалар мен жүкті әйелдерде көрінеді. Альбуминурия бүйректен
тыс түрі аллергиялық реакция, лейкоз, эпилепсия, жүрек жетіспеушілігі
кезінде болады. Бұлардың барлығы функционалды альбуминурия
Енді патологиялық альбуминурияны қарастырайық. Оның себебі
әрдайым бүйрекпен байланысты, сондықтан бүйрек ауруын көрсетеді 3-
5% аралығындағы альбуминурия жедел гломерулонефритке тән, 0,5-1% –
созылмалы пиелонефрит және гломерулонефритке тән көрініс. Нефроз
кезінде зәрде белок жоғары көрсеткішке жетеді (3% жоғары). Сондықтан
зәрдегі белок (ақуыз) анықтау аса маңызды диагностикалық тестердің
бірі.
Достарыңызбен бөлісу: