Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет164/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Сыныптан тыс жобалар. 
Жоғарыда сөз болған білім беру мазмұны 
логикасында қарайтын болсақ, жобалауды толыққанды орындау мүмкіндігі 


сыныптан тыс жұмыстарда мол болады. (Мысалы, әлеуметтік мәнді жобалар, 
тәжірибелік жобалар, т.б.) 
Бұл жерде көңіл аударарлық нәрсе – ондай жобалардың білім 
беру міндеттерін орындауға қаншалықты қатысты екені. Тереңге бармай, бір 
қарағанда сыныптан тыс жобалар білім беруге құрылмайды, олардың алатын 
өнімдері өзгешелеу. Атап айтқанда, оқушылар жоба барысында 
коммуникативтік қатынас, топпен бірге жұмыс істеу, әлеуметтік 
проблемаларды шешуге араласу дағдылары қалыптасады. Мектеп газетін 
құрастыру, спектакль қою, мектеп ауласының дизайнын жасау, т.б. жобалау 
өнімдерді де жасауға болады. Осыларға қарап, сыныптан тыс, мектептен тыс 
жобалау оңайырақ және жобалау талаптарына көбірек сай келеді деген пікір 
тууы да мүмкін. 
Алайда, жобалауды тек тәрбие жұмысына ғана қатысты 
қарастыру оқушыларды білім беру мазмұнына қатысты жобаларға қарсы 
қоймау тиіс. Оқушының пәндік білімін қолдануға мүмкіндік берілмесе, онда 
оқушының білім алуға қызығушылығы төмендейді, оның өз білімін дамыту 
мүмкіндігі шектеліп, адамның даму потенциалы азаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет