Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет165/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Жобалау және рефлексия
Джон Дьюидің еңбектерінде жобалау 
әдісінің негізі қаланып, оның «тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны 
белгілі. Бұл ұғым мәнісі күрделі болғандықтан философиялық категорияға 
жатады және оған дәл анықтама беру де оңай емес. Қарапайым түсінікпен 
айтқанда, «тәжірибе» дегеніміз – бұл белгілі бір әрекет немесе құбылыс, 
оның нәтижесі одан әрі болатын іс - әрекеттер мен оқиғаларды дамытудың 
шарты болып табылады. Мысалы, кез - 
келген адамның басында болатын жағдайлар ізсіз кетпейді, белгілі бір 
әсерін тигізеді, ал кейбірі адамның бір нәрсеге үйренуі, сезінуі сияқты 
эмоциялық іздер қалдырады. Сонда ғана ол адамның өз тәжірибесіне 
айналады.(Мысалы, адам сүрініп кетті, сол жерде қиналып, одан кейін 
жолдың басқа тегістеу жағымен әрі қарай кетті.) 
Адамның Дьюи түсіндірген «тәжірибесі» біздің барлық іс - 
әрекеттерінен пайда болады деуге болмайды, сонымен қатар, адамның бір 
нәрсемен танысу, тоқталу, талдау барысында қалыптасады. Бұл жердегі 
маңыздысы – тоқталу, назарын бөлу, жағдайды талдау әрекеттері. 
Жобалау әрекеті оқушылардың практикалық жұмыстары сияқты 
өзіндік тәжірибе алуына негіз болады. Жоба өзінен өзі тәжірибеге 
айналмайды. Жобалау тәжірибе алуға кепілдік бермейді, өйткені ол 
рефлексия бола ма жоқ па, жобаға қатысушылар жобалық іс - әрекеттердің 
мән – маңызын жете түсініп те қамтамасыз ететіні белгісіз. Тәжірибе ретінде 
қалыптаспаған жоба өмірде болған оқиғаға ғана айналады. 
«Тәжірибе алу» үшін – рефлексия деп аталатын тоқталу, қайта 
қарау, оқиғаны , құбылысты түсіну әрекеттерінің жүйесі қажет. Рефлексия – 
тек ойлану әрекетіне қарағанда күрделірек. 
Сондықтан, жобалау әрекеттеріне қосымша ретінде арнайы 
ұйымдастырылатын рефлексиялық сессия – жоба алдындағы, жоба 
барысындағы толқулар, т.б. жұмыстарды қажет етеді. 


«Рефлексия» ұғымы педагогикалық әрекеттерде соңғы жылдары 
қолданыла бастады. Бірақ олардың көбінде «ойлану, еске түсіру» ұғымдары 
ретінде түсіндіріледі. Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске 
түсіру ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті. 
Ал, мағынаны түсіндірудің өзі түрліше болатындықтан, 
рефлексия да түрліше болады. Бұл жерде болып жатқан оқиғаға 
рефлексиялық көзқарасты қалыптастыру да маңызды. 
Жобалау әрекетіндегі рефлексиялық көзқарас сол жобаның негізгі 
мағынасын тани білуді қажет етеді. Жобаның негізгі мағынасын құрайтын 
элементтер – жобалау идеясы мен іске асыруының байланыстылығы немесе 
мақсат пен нәтиженің бірлігі. Бұл байланыстар іс - әрекет туралы шешім 
қабылдау, оны орындау құралдарын таңдау, жобалау кезеңдерін құру, топ 
ішінде міндеттерді бөлісу жұмыстарынан тұрады. Осылардың барлығы да 
рефлексияның пәні ретінде қарастырылады. 
Эмоциялық тұрғыдан алғанда рефлексияны «тас - талқан» қылып 
талдау, «шашып тастау» деген сөз тіркестерін білдірсе, рационалистік 
тұрғыда – «жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктерін анықтау» деуге 
келеді. Төмендегі 13- суретте көрсетілгендей, әрбір бөліктің өзінде бірнеше 
нұсқалар жатыр, ал, таңдап алған нұсқа нәтижеге қаншалықты тиімді әсер 
етті, басқаша болса нәтижеге қалай әсер етеді, одан нәтиже өзгере ме, 
мерзімі қысқара ма, өнім барлық талапқа сай ма? Міне, осы сұрақтар арқылы 
рефлексиялық көзқарас анықталады. 
Мақсат
қою 
Жоба
кезеңдері 
Нәтиже,
өнім 
13- сурет 
Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктері 
Рефлексияның мәні - жобаны қорыту емес. Ол, біріншіден, жобалау 
барысын түгел талдайды; екіншіден, жобаның тәжірибеге айналуына ықпал 
етеді, жобаны бағалауға негіз болады. 
Рефлексия бақылау арқылы жасалады. Жобаның бақылау барысында 
негізге алынатын дайын үлгісі болмайтындықтан, рефлексияның іске 
кірісетін жері – проблеманың пайда болуы. Бұл педагогтың жұмысы, 
өйткені, оқушылар проблеманы байқамайды, не қиынсынып басқа оңай іске 
ауысып кетуі мүмкін. Педагог осы жағдайларды қадағалай отырып, 
рефлексия пайда болатын жерлерді белгілейді. 
Тәжірибеге айналған, аяқталған жоба, болашақ жобаларға негіз 
болады, ондағы проблемалар алдағы жобаларда ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет