Субъектілік жағдайды кеңейтуге,
дамытуға да болады, ол
жобаны жеке немесе топпен орындаудағы өз бетіндік әрекеттердің нығаюы,
қалыптасуы жүзеге асырылады. Жобалау әрекетін топпен орындаудың
маңызы зор, өйткені топтың субьектілігі жоғары болады. Өйткені жобаны
орындауда жобаның субъектілігі ретінде топтың қолдауы ерекше роль
атқарады.
Келесісі – педагогикалық (білім беру) жоба.
Оның жобалау
субъектісі әуел бастан педагог: педагог субъектілік болатын жағдайды
жобалайды, педагог өз жобасын – оқушылардың жобалау әрекетін
ұйымдастыруды жүзеге асырады, оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін
оқу
жағдайын тудырады, басқарады. Жоғарыда кеңінен берілген екі
жобаның объектілері де екі түрлі болады.
Оқушы жобасында бұл – пәндік ситуация, сол ситуацияға
байланысты жобалау мақсаты,
әрекеттері, идеясы жүзеге асырылады.
Ал, педагогикалық жобалаудың обьектісі – оқушылардың
жобасы. Педагог бұл жағдайда ұйымдастырушылық қызмет атқарады.Айта
кету керек, оқушылар жобасының көлеміне қарай педагогикалық басқару бір
педагог шеңберінен шығып, мектепшілік қолдауды қажет етуі мүмкін.
Мысалы, сабақ кестесін өзгерту, аудиториялар мен класс кеңістіктерін бөлу,
ақпараттық ресурстардың қолжетілімділігін ұйымдастыру т.б. Ол жағдайда
жобаның субъектілері – тұтас команда, педагогикалық ұжым да бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: