Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет205/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

3. Креативті шешім қабылдаушылық
– адамның қалыптан тыс 
шешім қабылдауға, немесе түрлі жолдарды іздей білуге дайындығын 
көрсетеді; 
4. Компромисстік
(келісімге келе білу) бұл қасиеті – проблеманы 
шешімін табуда тек өз мүддесі тұрғысынан ғана емес, өзгелердің, қоршаған 
адамдардың мүддесі тұрғысынан қарастыра білу. Бұл жағдайда шешім 
қабылдау оған қатысы бар адамдардың көбінің мүддесіне сәйкес 
компромисске (келісімге) келе алуға мүмкіндік береді; 
5. Алдын ала білу қасиеті
– шешім қабылданғаннан кейін болуы 
мүмкін жағдайларды алдын ала есептей білу, яғни белгілі бір шешім 
қабылдаудың айналаға тигізетін әсерін күні бұрын көре білу, оны талдай 
білу. 
6. Дұрыс таңдау жасай білу
бұл шешім қабылдау процесінің ең 
күрделі және белгісіздікке толы кезеңі. Шешімнің дұрыстығын бағалау үнемі 
өзгеріп отыратын жекелік және қоғамдық құндылықтар, қалыптасқан жағдай 
мен оны қабылдаудың субьектілік сипатына байланысты оңай емес. Солай 
бола тұра, шешімнің дұрыстығын анықтайтын көрсеткіш ретінде 
проблеманы талдау барысында анықталған жағдайларға сәйкестігі алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет