Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


ақпараттық құзіреттіліктері (жалпы білімдік



Pdf көрінісі
бет202/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

ақпараттық құзіреттіліктері (жалпы білімдік 
қабілеттері) 
маңызды роль атқарады және ол мектепте ғана емес қоршаған 
ортада орнын табу құралы болып табылады.
Жобалау әрекеті оқушылардың аталған құзіреттілігін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Құзіреттілік тұрғысынан алғанда әлеуметтік қарым – қатынас 
құзіреттілігін дамытудың маңызы зор. Олар оқушылардың төмендегі 
қабілеттерін қалыптастырады: 
-
оқу – тәжірибелік проблемаларды шешу барысында бірлесіп 
жұмыс істеуге қабілеттілікті, топпен жұмыс істеу қабілеттілігін
-
қорытынды өнімді құрастыру қабілеті, оның аудиториядағы 
адамдарға жеткізе білу қабілеті; 
Жобалау әрекеті барысында тек қана коммуникациялық қатынаста 
болу емес, белгілі бір өнімді құрастыру барысындағы іскерлік коммуникация 
жүреді, ол оқушылардың оқу – тәжірибелік проблемаларын шешу мақсатын 
көздейді. Сондықтан, осы жағдайда оқушы құзіреттіліктерінің қалыптасуы 
тиімді жүзеге асырылады. 
Жобалаудағы 
коммуникациялық 
қатынастарды 
бағалау 
барысында төмендегі фактілер ескерілуі тиіс: 
1)
жоба (шығармашылық жұмыс) негізінен оқушылардың топтық 
әрекеті арқылы орындалғаны; 
2)
жұмыстың орындалуы барысында педагог балалар әрекетін 
ұйымдастырушылық – мазмұндық, жоспарлау және қадағалау 
қызметтерін атқаруы; 
3)
қорытынды нәтижені ұсынған кезде оқушылардың іскерлік 
қарым – қатынасы қалыптасқаны; 
4)
өнімді презентациялаудағы барлық критерийлеріне сай болуы, 
критерийлердің алдын ала белгілі болуы қажет; 
5)
презентация жасауда аудитория болуы, бағалау комиссиясы 
болуы, 
бағалаудың 
ашық 
жүруі, 
қатысушылардың 
марапатталуына ерекше назар аударылуы тиіс;
Жобалау әрекеті негізіне «жоба» түсінігін білдіретін идея алынады. 
«Жобаның» мәнісі мәні белгілі бір теориялық, немесе практикалық маңызы 


бар проблеманы шешу барысында нақты нәтиже алуға бағытталған 
прогматикалық түсінікті білдіреді. 
Жобалау барысында алынған нәтиже көзбен көруге, мағынасын 
ұғынуға, тәжірибеде қолдануға болатындығымен ерекшеленді. Осы нәтижені 
алу үшін оқушыларды өз бетімен ойлауға, проблеманы көре білуге және 
шеше білуге, түрлі салалардан алған білімдерін қолдана білуге, нәтижені 
алдын – ала болжай білуге және оның салдарын ажырата алуға үйрету қажет. 
Зерттеушілер атап өткендей, қазіргі оқуда жобалау әрекеті 
кеңінен таралмаған әдіс, оны шешудің негізгі жолы – жобаларды таңдау 
және оны сан алуан шығармашылық жұмыстарда жүйелі түрде қолдану. 
Жоба әдісі оқушылардың өз бетіндік әрекеттеріне (жекелеген не 
жұппен, не топпен белгілі бір уақыт ішінде орындалатын) бағытталады. 
Сондай – ақ, жобалау әдісі белгілі бір проблеманы шешуді 
көздесе, проблеманы шешу, бір жағынан, оқытудың түрлі әдістері мен 
түрлерін қолдану арқылы, екінші жағынан, оқушылардың білімнің түрлі 
салаларын интеграциялау арқылы шығармашылық әрекеттерін қажет етеді. 
Орындалған жоба нәтижесі өзінің мақсатына сай болуы тиіс, атап 
айтқанда, егер теориялық проблема болса – оның нақты теориялық шешімі, 
ал практикалық проблема болса – қолдануға болатын даяр нәтижесі болуы 
шарт. Жобалау әдісі жеке орындалса да, топпен орындалса да белгілі бір 
жүйемен орындалады, оның мәні: әдіс ретінде бірнеше оқу – танымдық 
амалдар мен тәсілдердің жиынтығы болуы тиіс, оқушылардың өз бетіндік 
әрекетін ұйымдастыруға негізделуі тиіс, нақты нәтиже алуды көздеуі және 
оны міндетті түрде презентациялауы тиіс. 
Жобалау әдісі өзінің мазмұны жағынан еркін әрекеттерді, ашық 
оқытуды, тәжірибеге бағытталуды қажет ететін проблемалық оқытуға ұқсаса 
екені белгілі. Бұл әдісті орынды пайдаланған жағдайда дәстүрлі оқытуды 
өмірмен байланыстыру тұрғысынан тиімді екені сөзсіз. Сондай – ақ, бұл – 
оқушылардың өз бетімен білім алуына ықпал ететін бірден бір әдіс. 
Жобалаудың түсініктік кеңістігіндегі маңызды қабілет – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет