Байланысты: Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й
педагогикалық жүйелердің түбегейлі өзгерістерін қамтамасыз ете алатын ең негізгі
бағытты таңдай білу, жүйені мақсаттық – бағдарлы дамытудың
жүйеқұраушы элементі болып табылатын
инновациялық жобаны анықтай
білудің маңызды екені түсіндіріледі.
Мақсаттың айқын болуы кез – келген әрекеттің ең басты тетіктерін
анықтап, соған күш салуға мүмкіндік береді. Тәжірибеде жиі кездесетін
оқыту мен тәрбиелеу, білім беру ұйымдарын басқару қызметтеріндегі
қиындықтар мен кемшіліктер негізінен педагогикалық әрекеттерді
басқарушылардың іс–әрекеттің мақсатын нақты түсіне алмауынан және
мақсаттың дәл анықталмауынан болатыны белгілі. Соған орай, мақсаттық –
бағдарлы
жобалардың негізгі міндеті – жүйенің барлық компоненттерінің
қызметтерін күтілетін нәтижеге сәйкес ұйымдастыру болып табылады.
Педагогикалық жүйелердің барлық деңгейлерін мақсатты дамыту мен
оның бағдарламаларын жасау басқарудың инновациялық технологияларын
тиімді қолдануды қажет етеді. Бұл қызметтерді жобалау технологиясы
арқылы жүзеге асыру жаңа адами ресурстарды сырттан тарту емес, қолда
бар ресурстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды көздейді. Жобалау
әрекеті басқару құрылымына белгілі бір деңгейде өзгерістер ендіруді қажет
етеді, оны ұйымдастыруда жаңа өзгерістерге түсетін объектілер қатарына
басқару құрылымы мен басқару әрекеттерінің бағдарлық жүйесі жатады.
Жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарындағы
даму өзгерістері жүзеге асырылады.
Жобалау технологиясын нақты проблемаларды шешуде жүзеге асыру
арқылы педагогтардың ізденістік -
шығармашылық белсенділігін арттыруда,
білім беру ұйымының пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар көзін
анықтауда
маңыздылығы
анықтауға
болады.
Сондай
-
ақ,
ұйымдастырушылық жұмыстар барысында басқарудың қалыптасып қалған
иерархиялық моделі өзгертіліп, жаңа бөлімшелер құрылады, тиімсіздігі
анықталып отырған қызметтік, құрылымдық салаларды қайта құру, ішкі
өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.