ұйымда өзін ұстауының психологиялық механизмдерін, ерекшеліктерін
терең ескермейтін, оны қалыптастыратын түрлі қалыптан тыс факторларды
елемейтін сипаттары.
Аталған классикалық көзқарасқа қарама - қарсы, ұйымдағы қарым -
қатынастарға негіз болатын адам факторларын қолдайтын мүлдем жаңа
көзқарас дами бастады, оның ең алғашқысы 1924 жылы Чикаго маңындағы
Хоторн өнеркәсібіне қатысты Элтон Мэйо жасаған «адамдық қатынастар
теориясы» болатын. Ол классикалық теорияны да, оның ықпалынан
қалыптасқан адамның әлеуметтік жағдайын қарастырмайтын көзқарастарды
да қатаң сынға алып, қызметтік құрылымына өздерінің «адамдық
қатынастар теориясын» ұсынды. Оны қолдаушылардың айтуынша,
құрылымы айқын білінбегенімен, адамдар көзқарасы топтық құндылықтық
қатынастар қалыптасуына ықпал етеді, сондықтан, басқарушылар
ұйымдағы адамдардың түрлі мотивтерін дамытуға, материалдық жағдайлар
туғызуға, т.б. ынталандыруға назар аударуы тиіс.
Бұл зерттеулер жаңа қарым қатынас түрлерін, адамдарды ұйым
жағдайында мақсаттық тренингтер мен семинарлар арқылы мотивациялау,
басқару стилінде қалыптасқан қатынастарды өзгерту,т.б. жаңа бағыт болып
басқару теориясына қосылды.
Сонымен қатар, аталған көзқарас адам факторларын дамытуда
маңызды болғанымен, классикалық құрылымның негізіне алынған көп
мәселелерді назарынан тыс қалдырды. «Бұл теориялардың әуел бастан
кемшіліктері, -делінген М.Мескон, М.Альберт, Ф. Хедоури зерттеулерінде,
«олар бір ғана басты элементін негізге ала отырып, басқару тиімділігінің
бұдан басқа да көптеген факторлардан тұратын нәтижеге бағытталатынын
қарастырмайды» дейді. Аталған рационалдық және адам қатынастары
туралы теориялардың мықты жақтарын зерделеу - басқарудың жүйелілік,
ситуациялық және ұйымдастырушылық сипаттарын қамтитын синтездік
түрін қарастыруға әкеледі.
Өткен ғасырдың аяғында жобалау негізінде басқару тұжырымдамасы
пайда болды. Ұйымдардың нәтижелі қызметін арттыру мақсатында
менеджерлер жүйелі диагностика, жоспарлау, орындау мен өзгерістерді
қолдаудың әдістері мен процедураларын басқарудың эволюциясы негізінде
жасады. Жобалау негізінде басқарудың мәні ондағы адам әлеуетін тиімді
пайдалануға жағдай туғызу, тұлғалық және тұлғаралық қатынастарды
дамыту,олардың
құндылықтық
бағдарларына
ықпал
ету
арқылы
ұйымдардың нәтижелі қызметі етуіне мүмкіндік беру.
В.С.Лазарев қазіргі педагогикалық ұйымдарды басқару түрлерін оның
сипаттарына қарай бірнеше түрге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: