талаптар өзгерсе, онда бұрын қанағаттандырып келген нәтижелер енді
қанағаттандырмайды, т.б. .
Келесі түсінік «проблеманы шешу», яғни, іс жүзіндегі жүйені
күтілетін жүйеге сәйкестендіру. Оның кезеңдері:
бірінші кезең, іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін өзгертіп, оны
күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру;
екінші кезең – іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге өту процесін
жоспарлау, яғни, осы процесті жүзеге асыратын жүйе құрастыру;
үшінші кезең – шешімдерді жүзеге асыру.
Проблеманы шешу – күтілетін және іс жүзіндегі жүйелердің
арасындағы кеңістікті толтыру. Проблеманы шешудің моделі мен
проблеманы іс жүзінде шешу– екі түрлі нәрселер.
Проблеманы шешу моделі күтілетін жүйені мақсат ретінде алып, оны
орындаудың толық жоспары, сонымен қатар, мақсатқа жету үшін іс
жүзіндегі жүйеде нені, қашан және қалай өзгерету керектігін көрсетеді
(сурет 5).
Іс жүзіндегі кіру Іс жүзіндегі нәтижелер
Күтілетін кіру Күтілетін нәтижелер
Сурет 5 − Жүйелік проблеманы шешу моделі
Достарыңызбен бөлісу: